Материалдар / ҚМЖ Заряд қозғалысына электр өрісінің жұмысы. Потенциал, электр өрісінің потенциалдар айырымы.130 бұйрықпен жасалған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Заряд қозғалысына электр өрісінің жұмысы. Потенциал, электр өрісінің потенциалдар айырымы.130 бұйрықпен жасалған

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Заряд қозғалысына электр өрісінің жұмысы. Потенциал, электр өрісінің потенциалдар айырымы.130 бұйрықпен жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2024
147
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Электростатика

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Заряд қозғалысына электр өрісінің жұмысы. Потенциал, электр өрісінің потенциалдар айырымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.1.4 – нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу

Сабақтың мақсаты

  • Зарядтардың орын ауыстырғандағы электр өрісінің жұмысын есептеу;

  • Нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалын есептеу;


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады, түгендейді.

«Алфавит» әдісі.

Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, еске сақтауын дамытуда жақсы көмектеседі.





«Тұрғын және үй» әдісі

Оқушыларға нұсқау береді.






«Артығын алып таста» әдісі.

Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша формулалар, шамалар және өлшем бірліктер жазылған конверт береді.

Артық қалған карточкаларды бір-бірімен сәйкестендіріп, жаңа тақырыпты ашады.

Жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып ашады, мақсатын айтады.

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды (физикалық шамалар, өлшем бірліктер) айтып шығады.

Мысалы: А – Ампер күші, Б – Бернулли теңдеуі.




Оқушылар екеуден қолдарын көтеріп ұстасады. Мұғалімнің нұсқауымен шатырдың астына бір оқушы кіріп, тұрғын болады. Кейін 2, 3 тұрғыннан болады. Осылай 5 оқушыдан тұратын 4 топ құрылады.

Топтық жұмысты орындайды.

Физикалық шамаларды, формулаларымен, өлшем бірліктерімен сәйкестендіру арқылы артығын алып тастайды. Әр топта артық физикалық шама, формула және өлшем бірлік шығу керек.

Топтарда артық қалған физикалық шаманы, өлшем бірлікті және формуланы сәйкестендіріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.




«Жақсы!»

«Жарайсың!»

«Керемет!»

Қол шапалақтау





























Әріптер жазылған стикерлер










Сабақтың ортасы

30 минут

«Балалар философиясы» әдісі.

Тапсырма №2.

1-топ: Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі атқаратын жұмысын сипаттау.

2-топ: Зарядталған дененің потенциалдық энергиясын қарастырады.

3-топ: Электр өрісінің потенциалын сипаттайды.

4-топ: Электр өрісінің потенциалдар айырмасын сипаттайды.



























«Блок ортасында бағалау» әдісі.

Тапсырма №4

Оқушыларға қарапайымнан күрделіге қарай сарапталған деңгейлік тапсырмалар береді.























«Жағдаятты шешу» әдісі

Тапсырма №5















«Ақиқат – жалған» әдісі

Тапсырма №6


Оқушылар бірнеше минутта тобына түскен тақырыппен танысады, есте сақтайды.


































Оқушылар жұптасып жұмыс істейді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындап болған соң, жауаптарын блоктың ортасына салады.








































Берілген сурет бойынша (ресурс №3) ақиқат және жалған тұжырымдарды анықтайды.


Дескриптор. 1-топ:

а) Зарядтың біртекті электр өрісінде орын ауыстыруы кезіндегі атқаратын жұмысын сипаттайды;

б)Зарядтың біртекті емес электр өрісінде орын ауыстыруы кезіндегі жұмысын сипаттайды;

в) Зарядтардың түрлі элеткр өрісіндегі атқаратын жұмысын салыстырады.

2-топ:

а) Тұйық контур бойымен қозғалатын зарядты қарастырады;

б) Потенциалдық өріс жұмысын дененің потенциалдық энергиясының өзгерісі ретінде қарастырады;

в) Потенциалдық энергия мен жұмыс арасындағы байланысқа талдау жасайды.

3-топ:

а) Нүктелік заряд тудырған біртекті емес электр өрісінің потенциалын сипаттайды;

б) Бірнеше нүктелік заряд тудырған өріс потенциалын сипаттайды;

в) Бір нүктелік заряд пен бірнеше нүктелік зарядтың өріс потенциалдарын салыстырады.

4-топ:

а) Потенциалдардың айырмасын кернеу ретінде сипаттайды;

б) Өрістің жұмысы мен кернеуі арасындағы қатынасты анықтайды;]

в) Потенциал мен кернеуді салыстырады.



Дескриптор:

1 есеп (ЕБҚ):

а) Заряд электр өрісі күш сызықтары бойымен орын аустырғандағы бұрышын анықтайды;

б) Электр өрісіндегі жұмыстың формуласын анықтайды;

в) Электр өрісіндегі жұмыстың шамасын анықтайды.

2 есеп (В деңгейі):

а) Бесбұрыштың φ1 төбесіндегі потенциалды анықтайды;

б) Бесбұрыштың φ2 төбесіндегі потенциалды анықтайды;

в) Бесбұрыштың φ3 төбесіндегі потенциалды анықтайды;

г) Бесбұрыштың φ4 төбесіндегі потенциалды анықтайды;

д) Бесбұрыштың φ2 төбесіндегі потенциалды анықтайды;

3 есеп (А деңгейі):

а) Электр өрісінің жасаған жұмысын анықтайды;

б) Зарядтың әсерлесу потенциалдық энергиясының өзгерісін анықтайды;

в) Кинетикалық энергиясының өзгерісін сипаттайды.


Дескриптор:

1. Бірінші зарядтан А нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтайды;

а)бірінші бұрыштағы φ1 шамасын есептейді;

ә) екінші зарядтан А нүктесіне дейінгі қашықтықты есептеуде Пифагор теоремасын қолданады;

б) екінші бұрыштағы φ2 шамасын есептейді;

в) үшінші зарядтан А нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтайды;

г) үшінші бұрыштағы φ3 шамасын есептейді;

2. А нүктесіндегі потенциалды анықтау үшін суперпозиция принципін қолданады.

Дұрыс жауап парағы арқылы бағаланады.


10-сыныбына арналған оқулық 183-185 беттер





































Ресурс №1






















Ресурс №2






Ресурс №3

Сабақтың соңы

5 минут


«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – сабақ мақсатына қол жеткізе алдым ба?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?


Үйге тапсырма.

Жаттығу 31 (1,2) 186 бет

Оқушылар сабақ мақсатына қол жеткізе алу, тапсырмаларды орындай білу деңгейлері мен кездескен қиындықтары туралы ой бөліседі.


Оқушының жұмыс нәтижесіне қарай кері байланыс арқылы бағалап, ынталандырамын. Есептерді шығару барысында әрбір дұрыс жауап қадамы баллмен бағаланып, қорытынды жасалады.






Ресурс №1

1-жұп: Кернеулігі 2000 Н/Кл болатын біртекті электр өрісінде 20 Кл зарядты электр өрісі күш сызықтары бойымен 2см орын ауыстырды.

а) Заряд электр өрісі күш сызықтары бойымен орын аустырғандағы бұрышын анықтаңдар;

б) Электр өрісіндегі жұмыстың шамасын анықтаңдар.



2 -жұп: Бесбұрышты фигураның төбелеріне +1нКл, -2нКл, +3нКл, -4нКл, 5нКл зарядтар орналасқан. Фигура центріне А нүктесі орналасқан. Әрбір төбеден фигураның центріне дейінгі қашықтық 10м.

а) Бесбұрыштың φ1 төбесіндегі потенциалды анықтаңдар;

б) Бесбұрыштың φ2 төбесіндегі потенциалды анықтаңдар;

в) Бесбұрыштың φ3 төбесіндегі потенциалды анықтаңдар;

г) Бесбұрыштың φ4 төбесіндегі потенциалды анықтаңдар;

д) Бесбұрыштың φ2 төбесіндегі потенциалды анықтаңдар.





3 -жұп: Кернеулігі 30кН/Кл болатын біртекті электр өрісінде q=60мкКл оң зарядталған бөлшек А нүктесінен В нүктесіне катеттері 2 см болатын тір бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың диагоналы бойымен орын ауыстырды.

  1. Электр өрісінің жасаған жұмысын есептеңдер;

  2. Зарядтың әсерлесу потенциалдық энергиясының өзгерісін есептеңдер;

  3. Кинетикалық энергиясының өзгерісін есептеңдер






Ресурс №2

Берілген сурет бойынша ақиқат және жалған тұжырымдарды анықта.

Р адиусы R болатын зарядталған сферада оң таңбалы q заряд бар. Сфера вакуумде орналасқан. Сфераның D нүктесіндегі электр өрісінің потенциалы 40 В. BC = CD = BE = EF = R қашықтықтары тең және АВ=R/2



  1. E нүктесіндегі электр өрісінің потенциалы С нүктесіндегі потенциалдан үлкен. Ақиқат/жалған

  2.  A нүктесіндегі электр өрісінің потенциалы B нүктесіндегі потенциалға тең. Ақиқат/жалған

  3.  Электр өрісінің потенциалы F нүктедегі потенциалды F = 40 В. Ақиқат/жалған

  4. Электр өрісінің потенциалы B нүктедегі потенциалы нөлге тең. Ақиқат/жалған

  5. Электр өрісінің потенциалы C және E нүктелеріндегі потенциалы 80 В тең. Ақиқат/жалған



Р есурс №3

Ені 4 метр, биіктігі 3 метр болатын бөлменің қабырғаларын электр шамдарымен безендіру керек. Олжас безендіру жұмыстарын мәні 20мкКл болатын q1 бұрышынан бастады. q2 және q3 бұрыштарындағы зарядтардың мәндері де 20мкКл-ға тең болды. Олжасқа бөлменің төртінші А бұрышына түсетін потенциалды есептеуге көмектесіңдер.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!