Материалдар / «Қобыз және мен» тақырыбындағы ғылыми жобасы 7сынып оқушысы Бекмұратқызы Перизат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қобыз және мен» тақырыбындағы ғылыми жобасы 7сынып оқушысы Бекмұратқызы Перизат

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жетекшіге керек, категорияға қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2021
605
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

М.ӘБДІХАЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫ




Авторы: Бекмұратқызы Перизат

7-сынып оқушысы



Жұмыстың атауы: Қобыз және мен





Бағыты: өлкетану




Секциясы: Тарих және өлкетану, этномәдениеттану





Ғылыми жетекшісі: Абдирахманов Оңайбай Рахиұлы

Халықаралық экология және инжинерия ғылым

академиясының профессоры




Жетекшісі: Караманова Айжан Адильхановна




2020 жыл



Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Бекмұратқызы Перизаттың «Қобыз және мен» тақырыбындағы ғылыми жобасына

ПІКІР

Қобыз - ең көне аспаптардың бірі. Бұл аспап қазақ халқының тарихы-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазынасы болып табылады. Сонымен бірге эпостық және аспаптық музыкалық өнер ретінде күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан ұлттық мұра.

XX ғасырдың бас кезінде қобызшылық дәстүрі ұлттық санамызда ескеріп қалды. Бірақ қазір бастау көзін жоғалтпай, жаңғырту мақсатында зерделі жұмыстар атқарлып жатыр. Осы мақсатта Перизаттың ғылыми жобасында қобыз өнерінің қайта қалыптасуына деген үлесінің мол екендігі аңғарылады. Оның өзі қобыз тартумен щұғылдана жүріп, аспаптың қыр-сырына үңіліп, тарихи тағылымына, музыкалық шежіре сипатына мән бере отырып зерделегені көрініп тұр.

Алғаш Қорқыт ата, Қойлыбайдан бастау алған қобызшылық дәстүрінен бастап, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан рухани үндестігі ел, ұлт мәдениетіне рухани жаңғыруына септігін тигізеді. Бұл бағытта Перизаттың талпынысы мен ізденісіне сәтті қадам тілеймін.


Ғылыми жетекші: Абдирахманов Оңайбай Рахиұлы

Халықаралық экология және

инжинерия ғылым академиясының

профессоры


Жетекші мұғалімі: Караманова Айжан Адилхановна




Мазмұны


І. Кіріспе

1.Қазақтың киелі қобызының шығу тарихы............................................3-4


ІІ. Негізгі бөлім:

2.1 Қобыздың мен үшін өмірімдегі қажеттілігі туралы түсінік...............5-6

2.2 Қобыздың құдіреті................................................................................7-8

2.3 Қорқыт пен қобыз...............................................................................9-12

ІІІ. Қорытынды......................................................................................13-14

Ұсыныс.....................................................................................................15

Қосымща суреттер..................................................................................16

Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................17

















Аңдатпа


Жобаның өзектілігі: Қобыз әлемнің моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, қобыз аспап ғана емес бақсылардың емдеу құралы, қазақ халқында және өзге ұлттарда алатын орнын анықтау.


Жобаның мақсаты: Қазақ халқының  – қобыз аспабының құрылымымен таныстырып, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын қастерлеп, бағалай білуге насихаттау.


 Болжам: Егер скрипканың арғы атасы – қазақтың қара қобызы екендігін мектеп жасындағы өзге ұлт өкілдері білсе, қазақ музыка өнеріне деген қызығушылықтары одан әрі дамып, музыка өнері арқылы қазақ ауыз әдебиетіне ынтасы артар еді.



Күтілетін нәтиже:  Қазақ халқының Қорқытпен байланыстыратын қобыздың алатын орны ерекше. Сондықтан мәдени-мұраның қыры мен сырына үңіліп, қадір-қасиетін айқындау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Ал осы негіз қалаушы құндылықтардан айырылып қалмауымыз үшін ең басты байлығымыз мәдени-мұраларды қорғау. Скрипка аспабы – қобыздың бір түрі екендігін мойындату.








I. Кіріспе

Қобыз VІІІ ғасырдан, Қорқыт ата заманынан келе жатқан қазақ халқы үшін киелі аспап. «Қарағайдың түбінен қайырып алған, үйеңкінің түбінен үйіріп алған » қобызды қазақтың кие тұтуының өзіндік мәні бар.Бұл қобызды ойлап тапқан мистикалық тұлға –Қорқытпен тікелей байланысты. Қобыз адамның дауысын,қасқырдың ұлуын, аққудың қиқылын, жел мен судың үнін бере алады. Табиғаттың қайталанбас дыбыстарын ағаштан ойылып жасалған қарапайым аспаптың бере алуы, көптеген ғалымдардың таңданысын тудырып отыр. Қобыз ұлттық мәдениетініміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Аспап ысқышы бар 4 ішекті аспаптардың қатарына жатады. Өнер киесін арқалаған бабалар өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытпай, бабалар жолын жалғастыру үшін қажет. Осы мұраны танып меңгеру бүгінгі келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны жас ұрпаққа үйретіп, олардың бойына сіңіру, білікті ұстаз мамандар.

Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан –ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.

Ақиқаты аңыздан ажырамай қоймаған. Қорқыт тұлғасына қатысты сұрақтар қаншалықты көп болса, қобыздыңда адамзат баласына беймәлім сырлары жетерлік. Аңыздарда жаңа жасалған аспапта Қорқыт баба күй тарта бастағанда, бүкіл дүние күңіреніп, әлемнің астан-кестеңі шыққандығы айтылады. Көкте ұшқан құс пен жүгірген аңды да күйінің сиқырлы үнімен арбай алған абыз атаның қасиетті қобызының үні шыққанда, бүкіл даланың топырағын төңкерген дауыл тұрып, аспанды күркіреген қою қара бұлт шалған. Ол өзінің болмысымен, күңіренген күйімен халықты қорқытып, ғана қоймаған, Сыр суының үстінде күй тартып, елін бақытқа кенелткен дейді. Қобызды қазақтың кие тұтуының сыры, оның осылай пайда болуының ғажайып ертегіге ұқсастығында жатқан шығар.

Қазақ жұрты қобыздың ерекше үнімен қоса,пішініне мән берген. Қасиетті аспаптың аққу пішіндес сипатында өзіндік ерекшелік бар көрінеді. Академик Әлкей Марғұлан мұның себебін аққу құстың киелілігімен байланыстырған. Ғалым бұл орайда ежелгі қазақтардың аққуды қастерлеп, оның бейнесін өздерінің тотем екендігін негізге алады.
























ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қобыздың мен үшін өмірімдегі қажеттілігі туралы түсінік.

Қобыздың мен үшін қажеттілігі соншалық қымбат болып көрінеді. Бала күнімде ес білмей тұрған кезде, теледидардан көрсетілген мерекелік концерттерде қобыз тартқан әртіске бірден ойнап, жатырған ойынымды тастап, бірден жалт қарайтын болыппын. Бұл менің әжемнің айтуы. Көбінесе ыңылдаған қобыздың дыбысына мән беретіндей, көзімді алмастай қарайтын болғанмын-ау шамасы. Әкемде, анамда осыны маған талай рет айтатын Ақшұқырдағы аула клубына қатысқанда жиі айтатын болып жүр. Мен жасым бес-алтыға келгенде ағам Парасат, апам яғни әкемнің апасы Раушан «Ақжарма» халықтық ұлт-аспаптар ансамблі ұймдастырған концертке ертіп апарған көрінеді. Сол концертте қобызбен күй тартқан әртістерге көпшілік көрермендермен бірге қол соғып, қошемет көрсетеді екенмін. Апам “Перизат өскенде кім боласың?”деп сұрағанда, “мен әнші боламын” деп жауап бергенмін.

Кейін мектеп табалдырығын алғаш аттағанда, домбыраға да қызықтым. Арманым қазақ ұлттық аспаптармен өлең айтып, күй тартқанды ұнататынымды сыныптастарыма, мұғалімдеріме көп айтып жүретінім, әлі есімде.

Содан теледидардан ұлт аспаптар ансамблінің концерті болса, міндетті түрде қарап отырамын. Мен үшінші сыныпқа келгенде ауылдағы аула клубтың ұлт –аспаптар бөлімінің қобыз үйірмесінің Нұрмашова Нұрия апайдың класына қабылдандым. Нұрия апай мені бірден өзіне баурап алды. Менен барғанда осы үйірмеге келгендегі мақсатымды сұрады. Слухымды тексерді. Мені бірден қабылдағанына қарағанда, маған қойылған талаптарымен сынақтарынан бірден өткен сияқтымын. Басында қабылданған күннен бастап, ең бірінші рет қобызды өз көзіммен көрдім. Әкем маған қобызға қатыса бастағаннан бірден қобыз сатып алып берді. Жалпы менің өнерге жақындығым үйімізде әкемнің ағасы домбыра тартып, той-томалақтарда әу –дейтін қазақтың бірі екен. Сонымен және өз апам Раушан Ақшұқыр мектебінің қосымша бөлімінен ашылған домбыра үйірмесінде Наурызбаев Құрықбай ағайдан білім алған. Демек менің өз туған тумаластарым, яғни өз жұртымнан өнерге деген құштарлығым қаныма сіңген сияқты. Жастайымнан мен қобыз туралы өлеңдерді көп оқыдым. Биыл мен жетінші сыныпта оқимын. Қобыз үйірмесіне қатысқаныма үщ жылдай болып қалды. Қобыздың ыңылдаған дауысы құлағымда сақталғандығы соншалық теледидардан интернет желілерінен қайта-қайта тыңдай беремін. Бізге үйірмеде дайындайтын мұғалімім бірнеше қобызбен тартылатын күйлерді тыңдатады. Тыңдап болғасын кімнің күйі? Кімнің шығармасы? - деп біздерді пысықтап алады. Сондықтан бірнеше шығармаларды үйден тыңдап келетінбіз. Осы кезде менің ойыма мынандай бір ән түсті. Мен өзім Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Қобыз » өлеңін сүйіп тыңдайтын әніме айналды.

Қорқыт бабымыздан қалған

Қобыз өкініш пен арман

Тыңдасам сыр айтары

Мөлтілдеп мұң айтары

Оғыз ұрпақтары тірі

Қобыз заманының үні

Боз інген боздағаны

Жүректі қозғағаны

Қорқыт әруағы қозған

Қобыз қиялынан озған

Шежіре шер дастаны

Бұйырдың алды аспаны – деген өлең шумақтары өзіме әсерлі күш береді. Арманым Гүлнұр Оразымбетовамен бір сахнада осы өлеңді қобызымды тартып, орындағым келеді. 4 мың жылдық тарихы бар қасиетті қобыздың адамға деген әсері және сонымен қоса әншінің жеке орындауындағы халыққа жеткізе алуы бұл бірден бір өнер деп білемін. Қорқыт десе адамның ойына қобыз түседі. Ал керісінше қобыз десе, Қорқыт ата түсетіні белгілі. Ұстазымда, ата-анам да үлкен үміт күтеді, маған сенімділік артады. Болашақта бірнеше белестерді бағындыратыныма сенімім мол.Бұл жобам қобызды зерттеудің алғашқы сатысы. Қобыздың әрбір ыңылдаған тембрінде құдіретті күш бар. Қызылорда жеріне барғанда көп адамдар қобыздың құдіреттілігі соншалық, Қорқыт атаның ескерткішінің қасынан өтіп бара жатқанда, қобыздың ыңылдаған дауысы адам құлағына жағымды естілетінін айтады. Адамдарды бірден өзіне баурап алатыны сөзсіз. Болашақта биік сахналардан көрініп, Ғазиза Жұбанова апамыз сияқты атақты қобызшы болғым келеді. Қорытындылай келе менің жеке имиджім қобызды әлемге таныта отырып, қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын паш еткім келеді.

2.2 Қобыздың құдіреті.

Қыпшақ Қойлыбай Әбдурахпанұлы –атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет-көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі аталады. Ақын Хамитбек Мұсабай өзінің «Қойлыбайдың қоштасу күйі» деген дастанында Қойлыбайдың қобызы мен киелі қасиеттері туралы былай жыр толғайды.

Қарт Қойлыбай- қобызшының абызы,

Шежіредей сайрап жатыр әр ізі.

Қатар жүрер қос анардай қашанда

Заманының ақиқаты, аңызы

Ол қобызбен - қара тасты сөйлеткен,

Ол қобызбен – тал бесікті тербеткен,

Ол қобызбен – селді буып, сұрапыл

Ол қобызбен – шу асауды үйреткен.

Ол қобызбен – қара бұлтты қақ тілген,

Ол қобызбен – ақ боз үйді тіктірген.

Ол қобызбен- тілін кесіп жыланның,

Ол қобызбен – жанған отты өшірген,

Ол қобызбен -ханға тізе бүктірген.

Жөнге салған ессіздерді есірген.

Киіз үйді жихазымен жиюлы,

Арғы беттен- бергі бетке көшірген.

Ол қобызбен- қара нөсер жаудырған,

Ол қобызбен –жан ләззатын қандырған.

Ол қобызбен –тоқсан тоғыз күй шалып,

Ол қобызбен- мәңгіге атын қалдырған.

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың пайымдауы бойынша, түсінде Қорқыт атадан бата алған қыпшақ Қойлыбай бақсы шамамен

ХІV ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген. Оның атақты бақсы, тәуіп, сәуегей, қобызшы ретінде есімінің алты алашқа кеңінен танылған кезі ХV ғасырдың алғашқы ширегі. Ол Қойлыбайды «бақсылардың бақсысы әрі пірі» деп бағаласа, Әлкей Марғұлан : «Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі- Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады » деп жазады. Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын - ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып,бақсылық ойнын бастап, сарын айтады. Кенет бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып, бас бәйгені жеңіп алады. Мағжан Жұмабаевтың, Шоқанның зертттеулерін негізге ала отырып, «Қойлыбайдың қобызы атты дастаны жазылған » Қобыздың тағдыры бақсылардың тағдырымен бірге. Бұл жөнінде Әлкей Марғұланның өзі былай деп жазады. «Ұлы бақсы, жыраулардың, қобызшылардың, көп шыққан ортасы, әсіресе, қыпшақтар арасы ХІІІ-ХІХ ғасырлардың арасы. Олардың ішінде 1299 жылы Византия тарихында жазылған Көкем бақсы, Римге, Мысырға елші болып барған. Бұлардың кейбіреулері Мысырға қобызын ала барып, Мысырдың суретшілері оларды суретке түсіріп алған. Қыпшақтың ең атақты қобызшыларының бірі- Барақ бақсы. Қобыз тартумен бірге қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді. Рашид ад-Диннің шежіресінде қобыз сөзінің арғы түбірінің «Қыпшақ » сөзімен төркіндес екені айтылады. Қобыз аспабы Кеңес дәуірі тұсында көптеген қудалаушылық көрген. Себебі көбінесе қобызды бақсы- балгерлер, емші, шаманизм ұстанатындар пайдаланған. Соның салдарынан қобызды тартуға тыйым салған аспап. Дегенмен де өнер адамдарының, халықтың арқасында ХХ-шы ғасырдың 1970-шы жылдарында қайтадан жаңғырған. Ертеде ауырып, қал үстінде жатқан адамды қобызбен емдейтін болған. Сонымен қоса өмірден кеткен яғни қайтыс болған адамды қобызды тарту арқылы естіртетін.

2.3 Қорқыт пен Қобыз

Қорқыттың кіндік қаны тамған ата мекені Қараспан тауы елі дейді. Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш жылдың әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетіндей қамданып, Қорқыттың анасы бөбеу қаға қиналатын болған. Бірақ бірінші жылы да, екінші жылы да бала тумайды.

Содан үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқыттың анасын шын толғақ қысады. Бұл жай толғақ болмайды, дәл сол күні Қорқыттың анасымен бірге бүкіл дүние қоса толғатып қиналғандай, көк жүзін түнерген қара бұлт торлайды. Күн күркіреп, найзағай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астан-кестені шығады. Мұның бәрі дүниеге келер нәрестенің киесіне жорыған жұртты үрей билейді.

Бұл жөнінде ел есінде сақталған мынандай сөз бар:

Қорқыт туған кезінде

Қара аспанды су алған,

Қара жерді құм алған.

Ол туарда ел қорқып,

Туғаннан соң қуанған.

Шынында да, Қорқыт туысымен жел тынып, бұл ыдырап, күн шығып, дүние тіршілік маужыр күйге түседі. Жұртшылық мұны да жақсы ырымға балап: «Бұл бізді қорқытып, дүниеге келген бала болды, есімі Қорқыт болсын!» - деп, құлағына үш рет айқайлап, атын Қорқыт қояды.

Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде Қобыздың атасы деп атайды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнінде деп біледі. Сондықтан да өз кезін де бойларындағы құпия қуаттың сипатын жұртқа жария ету ісінде ел ішіндегі бақсылар қобыз сарынын пайдаланып отырған. Қобызды дәріптеп, киелі саз құралы санатында жұрттың санасын ұйытып, жүрегін елжіреткен. Қобыздың сиқырлы қасиеті жалынды жырмен бейнеленген.

«Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Ақ қайыңның безінен

Айырып алған қобызым

Үйеңкенің түбінен

Үйіріп алған қобызым

Өзегінен еменнің

Ойып алған қобызым

Ақ ырғайын қиянның

Құлақ қылған қобызым

Қыл құйрығын құланның

Ішек қылған, қобызым

Таутекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым

Тобылғының шыбығын

Қияқ қылған қобызым ».

Осылайша бұрқырата жыр төгу арқылы қобызбен күңіренте күй шерте отырып, Қорқыт атаның жарық дүниеге құштарлығын, өмірде жақсылықты асыру жолындағы арманын қажыр-қайратын аңыз қып айтады. Бабаның ұлы мұратының желісін қобыз сарынымен ел жүрегіне жеткізіп, ой-сананы тербейді, жанын елжіретеді. Сарнаған қобыз үні құдірет болып сезіледі. Ал домбырада шертілетін «Қорқыт» күйінің ырғағы да, желісі де өзгешелеу. Мұңды күңіреніс сарыннан гөрі толғаныс, бұрқаныс бунағы басым. Қасиетті бабамыздың басынан кешкен уақиғалармен көңіл-күйін ашып,адам ойына ұлылықтың ұрығын себуге арналған сыңайы бар. Осыған орай, аңыздарда сол мұраттан тарамдалады. Сырдарияға киіз жайып, үстіне отырады да қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл-жер жихан , аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде, оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан дана қартты шағып, алады. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында өмірден өткен. Ел аузында «Ажал айтып келмейді» деген нақыл сөз осыдан қалса керек... Бүгінгі күні Қорқыт бабамыздың оннан астам түрі күйлері белгілі болды.

Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.

«Ұшардың ұлуы» күйі

«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.

«Башпай» к

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!