Материалдар / Қобыз үнінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қобыз үнінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдени мұраның қыры мен сырына үңіліп ,қадір қасиетін айқындау –бүгінгі ұрпақтың борышы.Ал осындай негіз қалаушы құндылықтарымыздан айырылып қалмауымыз үшін ең басты байлығымыз мәдени мұраларды қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қобыз үнінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні» .

Қобыз бұл Қорқыт ата заманынан бері яғни VIII ғасырдан бері өз жалғасын тауып келе жатқан қазақ халқы үшін өте киелі аспап.Қобыз екі ішекті қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышпен ойналатын ыспалы аспап.

Қобыз тек қана саз аспабы ғана емес сонымен қатар тәңірге табынған ата бабаларымыздың тотемі болған .

(Тотем - рулық қоғамдағы дамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыруы.)

Қобыз аспабы домбыра сияқты кез келген қазақ баласының төрінен табыла бермейтін сирек кездесетін қасиетті аспап.Ел аузындағы деректерге сүиене кетсем қобызды сексеуілге байлап бір топ атпен бәйгеге қосқан екен.сонда аламан бәйгенің ішінен қобыз бірінші келеді мыс.Мінеки қобыздың құдыреті мен қасиеті деп осыны айтамыз.

Қобыздың «құлағы»,  «мойыны», «белі», «шанағы», «ішегі», «бүйірі», «сірісі», немесе «көні», «тиегі» деген атаулары бар. Ал, шалып тартатын бөлігі ел ішінде «қияқ», «садақша», «ысқыш» деп әр түрлі аталады. Қазақтың дәстүрлі ұғымында «нарқобыз», «қылқобыз», «жезқобыз», атаулары «қара қобыз», «бүйірлі қобыз», «айналы қобыз», «сылдырмақты қобыз» деген сияқты, қобыздың бітіміне, әшекейіне орай айтылған

Қобыз аспабы аңның, құстың, адамның дауысын ,жел мен судың үнін де бере алады.Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегіне айналған қобыз аспабын қазіргі таңда скрипка аспабының атасы деп атап кетуімізге әбден болады.

Қобыз десе біздің санамызға бірінші Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыз осы қасиетті қара қобызын тартқанда бүкіл дүние күңіреніп,әлемнің астаң кестеңі шығып ,даланың топырағы төңкерілген дауыл тұрып барлық жан ұйып тыңдаған деседі. Қо­бызды қазақтың кие тұтуының сыры, оның осылай пайда болуы­ның ғажайып ертегіге ұқ­састығында да жатқан шығар.


Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі – Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата қобызға алғаш тіл бітіріп ,үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі ,күй атасы.

Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты.Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.

                            Қорқыт туған кезінде,

                            Қара аспанды су алған

                            Қара жерді құм алған

                            Ол туғанда ел қорқып,

                            Туғаннан соң қуанған – деген өлең жолдары Қорқыттың өмірге келуі жайында жырлайды. Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды.Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: «Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті - мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне, содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып «өмір күйін» тарта береді. Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді, өлмеймін, өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын, ажал маған жақындай алмайды деп сенеді. Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де, ажал оған Қайрақ - жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді» деген нақыл осыдан қалса керек...Қазақта «Күй атасы – Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады



Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап

                   „Қарағайдың түбінен

                   Қайырып алған қобызым,

                   Үйеңкінің түбінен

                   Үйіріп алған қобызым,

                   Желмаяның терісін

                   Шанақ қылған қобызым,

       Ортекенің мүйізін

                   Тиек қылған қобызым,

                   Бесті айғырдың құйрығын

                   Ішек қылған қобызым,

                   Құлағыңды бұрайын,

                   Осы айтқаным болмаса,

                   Қайырып жерге ұрайын“ – деп жырлайды.

Қорқыт бабамыздың күйлері .Олар: Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.


Мен Темірбекова Арайлым Құрманбекқызы Апам Қантайдың айтуынша Молықпай атаның шөпшегі болып саналады екенмін.Апамның айтуынша Молықпай ата бақсы,балгер болыпты.Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтың кіндік әкесі,Ілияс ақынның есімін қойған екен.

Молықбай Байсақұлы (1857-1930) Қосағаш ауылы , Алматы облысында дүниеге келген.— қобызшыбақсы, кеңестік саяси қуғын-сүргін құрбаны. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған.

«Келбетті, ұзын бойлы, сүйегі сұлу, бітімі тік, сақалды, мұртты, бетінің сары шұбар секпілі бар, өңі сары, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан», - делінеді. Бұл Ілияс Жансүгірұлының «Күй» поэмасындағы «жар қабақ, сида, арсақай, сар шұбар шал» деген қобызшы Молықбайдың суреттемесімен дәл келеді. «Молықбай қысы, жазы басынан елтіріден тігілген бөрік пен зер тақиясын тастамай, үстіне жазда желбегей шайы шапан, қыста елтірі тон, аяғына саптама етік киіп, өзін өте мұқият таза ұстаған, кірпияз жан еді»,

. .Бірде Қайнар баба ауылына келген кез еді Молықпай атаға Жансүгірдің әкесі Берсүгір Атыңды молшылық болсын деп Молықпай қойған екен, ақын Сара қарындасың ,текті әулеттің түлегісің мына өмірге келген кішкентай сәбидің атын өзің қой деп Ілиясың атын қойғызан екен. Сомен Молықпай ата пайғамбар Ілиясың есімін беріпті.

Молықбай бақсылық ем-домды кім көрінгенге жасамаған. Өзінің ішкі сезімімен сезіп, ем-домы қонатынына көзі жетсе ғана ол адамды емдеуге келіскен. Ақы сұрамаған, елдің бергенін ризық тұтып жүре берген.

Молықбайды «халық жауы» деген желеумен қобызы мен өзін қамауға алып, тор атын, күміс ерін, үй мүлкін «тәрік» деп тәркілейді

Молықбайдың түрмеде қобызбен орындаған күйлеріне, өнеріне тәнті болған түрме бастығы мен колонна басшысы Молықбайды үш күнге астыртын өз үйлеріне босатып апарып, қобыз сарынына дауысын қосып тартқан күйлерін үнтаспаға, одан пластинкаға жазып алады. Колонна басшысы Молықбайға түрмеден бостандыққа шығуға көмектесіп, «Молықбайды келіп, алып кетіңдер» деген, үй-ішіне телеграммамен хабар жібертеді.

Молықбайдың әйелі мен баласы өгіз арбамен бір ай мерзім шамасындай жол жүріп, Алматы маңындағы Көкесік түрмесіне жеткенінше, Молықбай іш ауруынан 1930 жылы көкек айының 30-ында 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Амалы құрыған әйелі мен баласы киелі қара жарық қобызды алып, кері елге оралады.

Молықбайдың ата тегі қобызшы болған екен. Әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібай атақты күйшілер еді. Молықбайдың әкесі Байсақтан кейін қара қобыз сегіз жыл иесіз үй төрінде ілулі тұрып қалады. Бір күні Молықбайды Садақтыда тары орып, баулап жүргенінде, әкесінің бір қаршыға бастаған жүз кісілік пір киесі көзіне көрініп, кие қысып, ие буып тастаған жерінен көпшілік ес-түссіз күйінде оны үйіне жеткізеді. «Ақсарбас» атап сойылып, Молықбайға әкесінің қасиеті қонып, үлкен нағашысы Қылышты (Қосымбайдың) бақсының дәріпі дарып, қобызда ойнап, бақсы-балгер, емші болып, жадынан өлең шығарып, қобыз сарынына қосып ән, жыр айтып, үш ішекті, төрт бұрышты домбырада күй шертіп, халық қолдауымен сал-серілік ғұмыр да кешеді

Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенінше, Молықбайдың келіні, Адасқан апаның үйінде сақталып келді. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған қобыздың кие, қасиеті десе де болар Молықбайдың қобызын 180-жылдары Тал­ды­қорғандағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың ректоры, белгілі мемлекет әрі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Үлгілі ауылына барып, қобызшының келіні Адасқан апайға жолығып, батасын алып, Талдықорғандағы музейге өткізеді.

Иесіз қалған қара қобыздың рухы қолдаған Мырзатай ағамыз мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді.

Іздестіру жұмысы барысында Молықбай Байсақұлының қобызының түп нұсқасын І.Жансүгіров атындағы мұражайдан барып көрдім .Қасиетті қара қобызды көргенде тұла бойым шымырлап кеткендей болдым. Әрине қасиетті қобызды кез-келген адамның қолына ұстай бермейтіндігін сонымен қатар бұл қобызды ұстар алдында дарет алып келіп ұстау керектігін айтып ескертті мұражайдын қызметші апайы Айнагул апай. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайында күйші Молықбай атаның қобызының көшірмесі бар екнін де айта кетті.

Молықбайдың қобызына 77 жылдан кейін Қанат Дотаұлы Қазақбаевтың қолымен Астана қаласында реставрация жасалып, Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мәдениет үйінің сахнасында, 16-мамыр күні, астаналық «Тілеп» қылқобызшылар квартетінің жетекшісі Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев Молықбайдың қобызымен екі күй орындады. «Молықбай – қобызшы, Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасын жалғастырушысы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек.



Молықбайдың ел есінде сақталып қалған күйлері:

«Құлақ күй», «Тоғыз толғау», «Жез киік», «Жарбол», «Ақ көбік - көк көбік», «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Он сан мен Орманбеттің айырылғаны», «Қазан», «Қорамжан», «Бозінген», «Ер Әлінің дүлдүлі», «Ерден», «Ықылас», «Қара жорға», «Сылқылдақ» деп аталады.

Молықпай атаның қобызының құдіреті

XV ғасырдың алғашқы ширегі. Ол Қойлыбайды «бақсылардың бақсысы әрі пірі» Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып бас бәйгені жеңіп алады.Мінеки Қобыздың құдіреті деп осыны айуымыз керек.

Нарқобыз, қылқобыз, шаңқобыз болып бөлінеді. Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нарқобыз», «жезқобыз» деп аталатын түрлері де бар.

.Қазіргі заманғы Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері

Қобыз-бас,

қобыз-прима,

қобыз-контрабас, 

4 ішекті прима қобыз,

қобыз-альт.




Бүгінгі күні Қазақстанда Қорқыт атаның ізбасарлары аз емес. Бабалар мұрасын жалғастырушылар Қорқыттың күйлерін бізге жеткізіп отыр. Қорқыттың «Қобызым» әні әнші Жанар Айжанованың орындалуында өз тыңдаушыларын тапқан. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы Қорқытқа арнайы жазылған «Қорқыт - қобыз» әнінің өзі бір тарих. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін тартылады.

Скрипканың арғы атасы – қазақтың қара қобызы екенін әлем музыканттары мойындап та, дәлелдеп те үлгерді. Дәлелдеген – еуропалықтар. Мойындатқан – қазақтың ару қыздары. Бұл ұмытылуға жақын қалып, қудалау көрген аспапы Еуропаға халқымызды соғыс жылдары қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаев танытты. Қазір дүние жүзіне танылып отырған қыл ішектің шеберлері - Марат Бисенғалиев, , Ақан Мейірбеков, Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, Меруерт Тұяқбаева, Жәмилә Серкебаева, Лана, Бұл орындаушылардың мүмкіндіктері мен жоғары орындау мәнеріне Штраус, Брамс, Шуберттердің отаны алақандары қызарғанша қол соғып, жоғарғы мәртебелі ханшайымдар, корольдер, императорлар мен графтар арнайы шақыртулар жіберетін, қазақстандық музыканттардың гастрольдік сапарын асыға күтетін болды.

Абай атамыз айтқандай «Болмасаңда ұқсап бақ» деген өлең жолдарына сүйене отырып менде қазіргі заман талабына сай жасалған прима қобыздан Е.Доганың шығармасынан үзінді тарту етейін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталар болсам мына біз жастар ата-бабамыз қалдырып кеткен мәдени  мұраларымызды қадірлеп, бағалай білуіміз қажет.Осындай қобыз үнінің оқушыларға яғни қаны қазақ баласының жадында қалдырар ,берер тәрбиесі мол деп нық сеніммен айта аламын.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!