Материалдар / "Қоғамда қараусыз,панасыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушылық іс-әрекетін алдын алу"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қоғамда қараусыз,панасыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушылық іс-әрекетін алдын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
212
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Антон Семенович Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебі» КММ














«Қоғамдағы қараусыз, панасыз қалған кәмелетке

толмағандардың құқық бұзушылық іс-әрекеттерін алдын алу» тақырыбында коучинг









Орындаған: Р.Исмаилова

















Шу қаласы





























































Коучинг тақырыбы: Қоғамдағы қараусыз, панасыз қалған кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық іс-әрекеттерін алдын алу

  1. Коуч өзін таныстырып өтеді

Исмаилова Рада Қуанышбековна – А.С. Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінің ДТІЖО

  1. Коучинг сөзіне түсініктеме беріп өту .

Коучинг – айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін берілетін кәсіби көмек немесе коучинг барысында белгілі бір мәселені бірлесе отырып, шешімін табу .

Бүгінгі коучинг мақсаты: Панасыз және қараусыз қалған балалардың рухани және имандылық дамуына ықпал ете отырып,өмір сүйгіштікке тәрбиелеу және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру.

Яғни, бүгінгі коучингтің мақсаты айқын , енді бағытымызды белгілеу үшін тақырыптағы негізгі сөздерге түсініктеме беріп өтсем.



А.Қоғам дегеніміз не мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын бір топ . Ал адам-қоғамның маңызды бір бөлігі .

Б. Қараусыз және панасыз қалған балалар қандай балалар?

Тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.

Панасыз қалған бала - тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала.


В. Құқық және құқықы бұзушылық дегеніміз не?

Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп. 

Құрметті қатысушылар, бүгінгі жасөспірім ертеңгі біздің болашағымыз.Осы орайда , ғұлама әл-Фарабидің айтқаны бар екен.

Сол себептен, болашағымыз жарқын болу үшін бүгіннен бастап жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар көрсетуіміз қажет.

Коуч сөзі: Бүгінгі тақырыбымызға оралсақ,жалпы тақырыптағы негізгі сөздерге түсініктеме беріп өттік . Баршамызға мәлім панасыз және қараусыз қалған балалар өмірде қиын жағдайда қалып, рухани құлазығаннан кейін құқықы бұзушылыққа баратыны белгілі.



Осы орайда. Сіздерге сұрақ қойсам:

Рухани құлазыған панасыз,қараусыз қалған балалар құқық бұзушылыққа бармас үшін қоғам болып қандай көмектің түрін жасау керек деп ойлайсыздар?

Қатысушыларды жауабы: әлеуметтік, құқықтық ,психикалық, педагогикалық моральдық,материалдық,

Коуч жауабы: Дұрыс айтасыздар баланы құқық бұзушылық әректіне баруына жол бермес үшін, бірауыз сөзбен айтқанда әлеуметтік оңалтуға /жұмысы бойынша құқықтық, әлеуметтік ,психикалық, және материалдық жағынан қалпына келтіруге/ бағытталған кешенді алдын алу шараларын жүргізу қажет

және жоғарыда атап кеткен жұмыстарды белгілі қағида / құпиялы түрде/ бойынша жүргізу қажет.

Құрметті коучинкке қатысушылар , қараусыз қалған балаларды Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды алдын алу үшін бiлiм беру мекемелерінің құзыретiне тоқталсақ.


Нақты қандай жұмыстар жүргізу керек деп ойлайсыздар ?


Қатысушылардың жауабы: _______________________________________

     

1. Баланы профилактикалық есепке алу және бақылау

      2. ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және ішкі істер бөліміне хабарлау

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;

      2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту;

      3) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру;

      4) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;

      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру.

      6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жүйесiн дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      7) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;

      8) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;

      9) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелер негізінде жұмыс жүргізу;

      10) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияларды құрып, олардың кешендi түрде жүргiзілуін назарда ұстау

      11) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзуге қатысу;

      12) мектепте қол жетерлiк спорт секцияларын, техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      13) пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға орта білім алуға жағдай жасау.

Ескерте кететін жағдай , жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру барысында қараусыз және панасыз қалған балалардың жеке өмірі туралы өздеріне ғана белгілі мәліметтерді өзінің келісуінсіз жария етуге құқығы жоқ. Ал адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді сол адамның келісуінсіз жария еткен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес жауапқа тартылатынын ескертіп кеткім келеді.

Сол себептен, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу барысында құпиялылық сақталуы қажет


Коучинг барысында педагогикалық моральдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған алдын алу шаралары туралы айтып өттік . Ал мемлекетіміз де қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың профилактикасы саласында кемел саясат жүргізуде . Атап айтатын болсам,

  1. заңмен қорғау;2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау/ бейімделу орталығында тиісті жұмыстар жүргізу/ ;  3) отбасын қолдау.

Қорытынды: Осындай қараусыз және панасыз қалған балаларымызға қоғам болып кешенді, жүйелі жұмыстар жүргізілсе , рухани азығы мол, құқықтық сауаттылығы өз деңгейінде қалыптасқан жасөспірімдер еш уақытта құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне бармайтынына сенімім мол .

Тыңдағандарыңызға рахмет!!!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!