400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Қоғамдағы педагог мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы басты мәселе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қоғамдағы педагог мәртебесі» эссе

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,

Достық мөлтек ауданы, ЖШС Academy of Golden Kids

мектебі, география пәні мұғалімі және

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Акбарбекова Айтолкын Арыстанбекқызы.



Педагог (грекше -тәрбиеші) дәріс беруші тұлға болып табылады.

Педагог – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны мен жүрегі. Қазіргі педагог информатор, бақылаушы, тексеруші, технолог, өнертапқыш, мобилограф, жаңашыл ойлана алатын болуы тиіс деген талап қоямыз. Жаңашыл боламыз деп, басқа елге еліктеп, өзіміздің салт-санамызды ұмытсақ, ертең кім болғанымыз?!

Қазіргі таңда педагог мәртебесі көтерілді дегенімен, әлі де ақсап тұрғандаймыз...

Олай дейтінім – педагог бүкіл жауапкершілікті өз мойнына артып алғаны аздай, мектепке бала жинау, кезекшілік, сабақ үстінде отырма, тұрма, телефонға қарама деген бірнеше шектеулер де бар. Педагогтар үшін еркіндік деген жоқтың қасы.

2019 жылдың желтоқсанның 27 жұлдызы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам көптен күткен «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Бұл заң Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын. Ұстаздардың мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған заңның қабылдануына «TALIS -2018 зерттеуі» айтарлықтай үлес қосты деуге болады.

«TALIS -2018 халықаралық оқыту мен оқу зерттеуі» бойынша Қазақстандық мұғалімдер сабақ беруге аптасына шамамен 15,1 астрономиялық сағат жұмсайтындығы анықталған. Нәтижесінде негізгі жүктеме ретінде апталық сағат жүктемесі 16 сағат етіп бекітілді.

Бүгінгі таңда білімге, мұғалімге қоғам көзқарасы әлі де оң жағынан өзгеруі тиіс деп санаймын.

Олай дейтінім... ата – ана көзқарасы өзгермей қоғам өзгермейді. Мұғалім адамзат өркениетінде ерекше роль атқарады. Ол шын мәнінде төртінші өлшемде уақытпен байланыстыратын буын ретінде қызмет етеді.



Ұстаз – үлкен тұлға. Ұстаз алдынан бүкіл адамзат баласы өтері анық.

Мұны біз Үмбетай Уайдиннің «Мұғалім» деген өлеңінен әрқашан педагог орны төрде болуы керектігін ұққандай боламыз.

Академик, министр бол тіпті сен,
Кім болсаң да, мектеп көрдің кеше сен.
Кім болсаң да, қарайлап жүр ұстазға,
Алаяқтар алдын орап кетпесін.

Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары,
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба?
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!!!

Осы бір ғана өлеңге сыйып кеткен педагог мәртебесінің биіктігін осы таңда да қадірлеп, қастерлей алуымыз керек деп білемін.

Жоғарыдағы пікірде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз  — ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы  —  ақпараттандырылған, жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеуі. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру шарт. Өйткені, қазіргі оқушыларымыз өте сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермейді, көгілдір экраннан, интернеттен әлемдегі жаңалықты көңіліне құйып, бойына сіңіреді. Осындай жан-жақты зерделі оқушының кез келген сауалы мен сұрағына жауап беруге мұғалім дайын болу керек. «Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ», – демекші ұстаз қауымын ойландыратын үлкен мәселе – мұғалім мәртебесі, мұғалім құзіреттілігі. Сондықтан да география пәні мұғалімі болғандықтан, өзімнің сабақ өту барысымда смартфонның гаджеттің де пайдасын үйретудемін. Яғни көптеген бағдарламаларды пәнімізде қолдануға болатынын көрсетудемін. Атап айтқанда, «KAHOOT»,  «Quizlett»,   «Pliccers», «Nearpod»  қосымшаларымен жұмыс жасап жүрміз.

Педагог  —  бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық тарихи тәжірибені тасушы.  Халықтың  қоғамдық — мәдени  тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың   мираскерлігі көп жағынан Мектеп – мұғалім рөлімен шартталған. Мұғалім мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық  және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Педагогикалық іс –әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік)  жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар  жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект  бола отырып, педагог әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады. Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын,оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.04.2024
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі