Материалдар / Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы ұстаз мәртебесі жайлы өзекті ойлар. Ұстаздардың қоғамдағы айрықша орын алатын ұлы тұлға екендігін дәлелдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2021
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қоғамдағы ұстаз мәртебесі



«Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі» –


деген екен, М. Жұмабаев. Иә, ұстаз мәртебесін сол заманнан-ақ асқақтап тұрғандығын байқаймыз. Өйткені, ұстаз мәртебесі – қоғам мәртебесі!

«Адамның бір қызығы – бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім» деп хәкім Абай айтқандай, мұғалімдіктің де өз қызығы бар. Бірақ қиындығы да аз емес, соны жеңе білген жан ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Қазіргі қоғамдағы ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген сөзі еске түседі. Яғни бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан – ол мұғалім. Қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде.

Жаңа технологиялық дәуір біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде. Бұл кезеңде мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны тіпті ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп пен жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауында Білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң дайындау тапсырылған болатын. Жолдауда ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Жолдауда білім беру саласын дамытуға байланысты көп дүние айтылды. Жүзеге асса, құба-құп дейтін бастамалар да баршылық. Ал, біз көптен күткен мұғалім мәртебесіне қатысты заң жобасы жөнінде сөз қозғауды жөн көрдік. Ол үшін қабылдануы осы жылы жоспарланған заң жобасының мұғалім құқын толыққанды қорғайтындай болып жасалуына қоғам болып бақылау қажет.

Біріншіден, білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне өткізіп алуы керек. Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде «Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік» жауапқа тартылуы тиіс» деп көрсетілуі керек.

Екіншіден, мұғалім қауіпті мамандыққа айналды. Бүгіндері ата-аналардың арасында мұғалімге дөрекілік көрсетуді заңды құқым деп санайтындар да жоқ емес. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс. Бала құқы туралы заңдық норманың асыра орындалуы мектептегі талап қойғыш, білікті ұстаздардың біразының обалды болуымен аяқталуда. Тіпті оқушы мұғалімге, ата-ана мұғалімге қол көтерген жағдай да қалыптасып үлгерді. Бұл – білім сапасына, тіпті білім саласына үлкен соққы болған жағдайлар еді.

Үшіншіден, бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Сонда мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғатын болады. Мемлекет білім беру саласын дамытуға, жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруге барлық жағдай туғызуда. Осыған орай, мемлекет тарапынан тегін өткізіліп жатқан біліктілік курстары, педагогтардың категорияларын анықтайтын ұлттық біліктілік тестісі және білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, олардың заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталуы, мұғалімнің тек пәндік білімімен шектеліп қоймай, педогогикалық, психологиялық құзреттілігін арттыруды талап етеді. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзі мұғалімдер қауымы жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екендігін білдіреді. Сондықтан ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалімнің дәрежесін көтеру мәселесі ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауында айтылды. Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген ин¬но¬вациялық же¬тіс¬тіктерді елдің даму стратегия¬сымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздарды кәсіби мерекесімен құт¬тықтай отырып, мерейлі еңбектеріне сәттілік тілеймін!

Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Бір айта кетерлігі, педагог болудан кейінгі жас буын басын алып қашады. Өзі ұстаздан тәлім алса да, келешегін білім-ғылым саласымен байланыстырып елестете алмайтындар қатары көбейгені сөзсіз. Неге? Ұлы ақын Абайдың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген сөзін бала кезден санамызға сіңірдік, енді балаларды да осы тұрғыда тәрбиелеудеміз. Бірақ, қазір жастар арасында осы жолға бет бұратындар саны жылдан жылға азайып барады. Олар мұғалімдік мамандық «болашақта қажетсіз мамандық» дегенмен түсіндіргісі келеді. Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Қай заманда болсын, әріп үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі жойылмақ емес. Әлемде мыңға тарта мамандық бар, соның бірде-біреуі болашақ қоғамның белсенді мүшесіне және азаматтық тұлғасына білім мен тәрбиені дәл ұстаздай бере алмайтыны анық. Бүгінгі партада отырған шәкірт ертеңгі күні қоғамды алға сүйрейтін маман, көшбасшы болады. Олай болса, мұғалімнің мәртебесіне қоғамның мәртебесі тұрғысынан қарайтын уақыт жетті деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ