Қоғамдық ортада өзімізді қалай ұстаймыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдық ортада өзімізді қалай ұстаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ескужиева И.С

Күні:

12.02.2024

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Қоғамдық ортада өзімізді қалай ұстаймыз...»

Құндылық

Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Мақсаттары

Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.  

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Тақырыпқа шығу.

Сабақтың эпиграфы: 
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың»
Чехов А.П.



Оқушылар сұраққа жауап беріп өзара пікірлеседі.



Презентация



Фото суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа ақпарат


КӨПШІЛІК ОРТАДА ӨЗІН ҰСТАУ МӘДЕНИЕТІ:
Көпшілік қатты дауыс шығарып күлу, қоқыстарды көрінген жерге тастай салу, жасы үлкендерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, мобильді телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы басқа қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез–келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.


КӨШЕДЕ ЖҮРІП — ТҰРУ, МІНЕЗ — ҚҰЛЫҚ ӘДЕБІ.
Көшеде жүріп-тұрудың өз тәртібі бар. Келе жатып танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, онымен көшенің қақ ортасында тұра қалып сөйлесу жат қылық. Ары — бері өтіп жатқан жүргіншілерге кедергі жасамас үшін кездестірген танысыңызбен көшенің бір шетіне шығып, амандық саулық сұрасқан орынды. Әйел кісі ер азаматтың оң жағында жүреді. Өзгелерге кедергі жасап, жолды жауып, өзгелердің өтуіне мүмкіндік бермей жүру ерсі көрінеді. Бағдаршамнан өтерде міндетті түрде «жасыл көздің» жануын күтіңіз. Көшенің арғы бетіне кез — келген жерден жолды қиып өту өз өміріңіз үшін қауіпті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жол (зебра) белдеуінен өткен дұрыс. Гүлзар бақты, көгалды жерді баспаңыз.


ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ӘДЕПТІЛІК.
Қоғамдық көлікке кіргенде мүгедектерді, балаларды, егде адамдарды, әйелдерді алдымен өткізеді. Егер бір есіктен кіріп шығатын болса, әуелі адамдардың шығуына мүмкіндік береді. Қоғамдық көлікте қатты сөйлеудің, тамақ жеудің ыңғайы жоқ. Түшкіргенде және жөтелгенде қол орамалды пайдаланып, ауызыңызды жауып отырыңыз. Вагон ішінде өзінің үсті — басын тәртіпке келтірмейді, тырнағын тазаламайды, құлағы мен тісін шұқыламайды, бет бояу немесе шаш жөндеу де жөнсіз. Газет оқығыңыз келсе, оны бүктеп оқыңыз. Көршінің оқып отырған газетіне, журналына үңілу, жолаушыларға қадала қарау әдепсіздік. Жолаушыларға барлап қарамайды. Қатты күлу де орынсыз. Вагон ішінде үй іші мен қызметтегі істер жайында сөйлеспейді, өзгелердің әңгімесіне құлақ салмайды.

Пікір алмасу.

1)   Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
2)   Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?
3)   Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

4) Қоғамдық орындарда адам өзін қалай ұстау керек?

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады.
























Презентация













Қосымша ақпараттар





























Презентация

Сабақтың соңы

Хаттар сырына үңілейік!

Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды.  Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше... Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.

Қорытынды.

Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

Оқушылар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!




















Оқушылар құпия хаттың кейіпкеріне өз ақыл кеңестерін береді.

А 4 парақтары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2024
368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі