Материалдар / Қоғамға қызмет ету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоғамға қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, , өмір мәні - ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Тарау- 2

II. Адам болам десеңіз...


Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Арипова У

Мерізімі:


Сынып : 7

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақтың тақырыбы №16

Қоғамға қызмет ету

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, , өмір мәні - ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру

Құндылық


Ақиқат.

Қасиеттер

Барлығынан жақсылық көру, шыншылдық, отаншылдық.

Сабақтың мақсаты


оқушыларға қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

1. Білімділік: Оқушыларға барлығынан жақсылық көру білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін, Отанын ардақтауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)














1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)


Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп.Талап.Тазалық

Татулық.Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. 

Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.

Жағымды күйге келу

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.



Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.











Жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Презентация,

слайд







Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть

https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


1. №15 – сабақ. Бауыржан Момышұлының «Жас ұрпаққа айтар сөзін» оқыңдар.
Мәтіндегі өзің үшін құнды ойларды теріп жазып, жүйелеп отбасыңа, қоғамға адал қызмет етудегі өз ойыңды ұсын.

2. Келесі сабақ. №16, Ә.Кекілбаев шығармасынан үзіндісін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мәтінде автор азаматтықты, саналылықты неліктен елдікпен салыстыра қарайды?

2. Автордың отаншылдықты, ерлікті айтқанда «сабыр» мен «төзімді» жоғары бағалауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

3. Өздеріңнің «жаңаға» көзқарастарың қалай? Оны қалай қабылдайсыңдар?

4. Автордың кешегіні көксеуді кемшілік көруінің себебі неде?Онымен келісесіңдер ме? Неліктен?

5.Өздерің үшін Отанға қызмет ету, өз азаматтығымызды көрсету деген не?

6. Өздерің Отан үшін, ел үшін қандай азаматтық танытып жүрсіңдер?

Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын айтып бікір білдіреді.





Оқулық,



3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра.

Джон Кеннеди

Сұрақтар:

1. Неліктен қоғам үшін адал еңбек ету дұрыс әрекетке жатады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне жазып алады. Жаттап алуға болады.


Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Ақын, журналист, жазушы Дәулетбек Байдрахманұлының қоғам үшін риясыз қызмет ету жылдары



(1946 – 2011)

Танымал ақын, Қазақстан Журналистер одағы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байдрахманүлы 1946 жылы наурыз айының 10 жұлдызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы (Ақтоған) қазіргі Досбол ауылында колхозшы жанұясында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1964 жылы бүгінгі Ы.Жақаев ауылындағы №2 өндірістік бригадасында күріш сушысы болудан бастады. Сол жылдары судың тапшылығына байланысты Сырдария өзенінің Төменарық тұсында бөгет құрылысына катысып, Су шаруашылығы министрі Сәрсенбаевтің өз қолынан «Құрмет грамотасын» алды. Сонымен қатар, Қазақстандық миллиардқа үлес қосу максатында 1974 жылы СКГ 4 комбайынының штурвалына отырып, 250 центнер астық бастырып қомақты үлес қосқаны үшін Қазакстан ЛКЖО Орталык комитеті одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сол жылдары ол Ыбырай Жақаевтың ұлы еңбегін мадақтап, «Дала академигі» деген өлеңінде оның жастар үшін үлгілі істерін былай сипаттайды:

Ыбыкеңдей

Ер еліміз төзімді,

Еркін сезін, еркін ұста өзіңді.

Ел елеген азаматқа тағзым ет,

Тас мүсінге түсір туыс көзіңді.


Құшағым кең,

Құшайын кел, сыясын,

Төгем саған тербеп жаным күй асыл.

Жер-анаға жазған біздің - Ыбыкең,

Кетпенімен еңбек симфониясын1.


Дәулетбек Байдрахманұлы нағыз еңбектің адамы. Ол 16 жыл бойы «Алмалы» ауылының әкімі болып, облыс бойынша қоғамдық істерге қатысып, Қызылорда облысының әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысады. Оның замандастары оны шыншыл, әділетті азамат ретінде таниды. Тұлғаралық қатынастарда ол адал достық, бауырмалдық қасиеттерін жоғары қойған:


***

... Ізгіліктің өлшеуі жоқ заманда,

Көздеріңді көкжиекке қадаңдар.

Қара шалдай құшақ жайып тұрыңдар,

Бір-біріне, айналайын, адамдар! 2


***

Көкейіңнен төгілсе де жыр борап,

Шындық деген – азаматқа сын болад.

Ақын ғана құдіретін танытар

Тілі өткір, ал, болмысы – шын болат.

Ақындарға қажет нағыз күш-қарпу;

Жарасқан тек ақиқатқа іш тарту.


Адамдықтан аспау қажеттілігін келесі өлең шұмақтарымен жырлайды:


Менің жаным сүйеді гүл аппағын,

Тасытып көңілімнің бұлақтарын.

Адам деген ардақты атағымнан

Келмейді бір елі де жырақтағым3.


2003 жылдан бері Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының IV-V-VI съездеріне делегат болып қатысты.

1969 жылы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт Ата университетінің филология факультетін тәмамдады. Шиелі, Жаңақорған аудан аралық ұйымдасқан ақындар айтысына қатысып, бас бәйгені алды. ЬІ.Жақаев атындағы «Мамандығым мақтанышым» атты облысаралық ақындар айтысында тағы да бас жүлдені иеленіп, Ыбырай ақсақал өз қолынан табыс етті.

Көп жылдар бойы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары қызметін атқарды. Мектеп қабырғасында жемісті еңбек етіп, сабақ бере жүріп, ЬІ.Алтынсарин атындағы институттың «Құрмет грамотасы», Қызылорда облыстык Білім басқармасының 16 дүркін «Кұрмет Грамотасын» алды. Қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін ол оны әр адамның ар-ұжданымен салыстырады:


Есейген ел,

Егемен қазақ бүгін,

Байқатты – Еркіндігін, азаттығын.

Мен үнімді – Қосамын ғаламшарға

Ар-ұжданым –

Тұрғанда қазақ тілім.

Дос сүйініп,

Дұшпаны түңілмеген,

Мен – қазақпын,

Көркейер түбінде мен.

Адамзатты –

Шақырдық тыныштыққа

Ақ тілек –

Ардақ тұтқан тілімменен.4


Одан кейін Ақын Дәулетбек Байдрахманұлы біздің қазақ әдебиетімізге 1970 жылдары келген толқындар легіне қосылды. Ол бүгінде көпшілік оқырмандарымызға «Қайсар кыз» (1971 жыл), «Топ жарған» (1985 жыл) поэмалары арқылы таныс. Бұл поэманың бірі - Социалистік Еңбек Ері Жадыра Таспанбетова жайлы болса, екіншісі - Жалағаш ауданының білікті диқан кызы Айнаш Балғабаеваның еңбек жолын дәріптейтін «Сыр қызы» (1987 жыл) поэмасы. «Сұрмерген» (2010 жыл) атты поэмасы Ленинград шайқасына бастан аяқ қатысып, 172 жауды жусатып ерен ерліктің үлгісін көрсеткен, ержүрек снайперші жерлесі Дүсенбай Шыныбеков туралы туындыларымен дараланады.

Ақын Дәулетбектің «Гүлім болсын ұсынған» (1998 жыл), «Жүректегі жауһарлар» (2002 жыл), «Отан деп соққан жүректер» (2006 жыл) «Алдаспан» (2007 жыл), «Жырдастан» (2008 жыл), «Шиелі жұлдыздары» (2009 жыл), «Елінің ері» (2010 жыл), «Елін сүйген Әбдіманап» (2011 жыл) сияқты жинақ естеліктерін көпшілік оқырман қауымы жылы қабылдады.

Ақын «Шиелі жұлдыздары» (2009 жыл) кітабында Шиеліде туып өскен бұл күндері Республикамыздың түрлі аймағында еңбек етіп жүрген ақын-жазушы, ғалымдар мен дәрігер, ұстаздар мен қазіргі кездегі білікті кәсіпкер замандастарымен қатар риысыз қызмет жолындағы ағаларын жырға арқау ете білген.

Ақын 2010 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі атанды.

Сұрақтар:

  1. Нағыз азаматтың қоғамға риясыз қызмет ету істерін қалай сипаттайсыңдар?

  2. Қалай ойлайсыңдар, әр адамның азаматтық парызы қандай?

Өз тәжірибелеріңнен адал еңбекпен танымал болған достарыңның өмірін әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.

Мөлдір бұлақтан 1- том 163 бет


5. Шығармашылық жұмыс ( жеке)

(12-15 мин)


Тапсырма: Отанға, елге адал қызмет етудің нақты жолдарын ізде, ұсын. Ол үшін төмендегі қадамдарды басшылыққа ал.
Не істеу керек?
Бұған қалайша жетуге болады?
Іске асырудың жолдары мен құралдарын анықта.
Жүзеге асыр.
Барлығы дұрыс орындалды ма?
Келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?

Оқушылар тапсырманы орындайды


Оқулық түрлі қағаздар

6.Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

1. №16 – сабақ. «Мен қоғм үшін не істей аламын» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №17, Шәкәрім шығармасынан үзіндісін оқып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Оқулықтағы 32бетте


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)


Атамекен әні: Е.Хасанғалиев

сөзі: Қ. Мырзалиев 

Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Мaңдaйымнaн сипaп өткeн сaмaлды,

Қaзaғымнын aлaқaны дeп білeм.


Қaйырмaсы:

Кaйдa жүрсeм aтaмeкeн,

Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің өзі ұясынa,

Қимaй oны бaтaды eкeн.


Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Aсқaр тaуым, aспaныммeн aстaсқaн,

Қaзaғымнын мәртeбeсі дeп білeм.


Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Күннің нұрын, aйдың әппaк сәулeсін,

Қaзaғымныңмaxaббaтыдeп білем.

Бәріміз бірге ән шырқаймыз

https://matinder.kz/song/kuandyk-rahym/

8.Сабақтың қортынды сәті

(1 мин)

Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Рахмет!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/



1

2

3

4

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!