Материалдар / "Қоғамға қызмет ету"
25 ҚАЗАН
Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Дайын материалдарды жүктеп алыңыз

"Қоғамға қызмет ету"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қоғамға қызмет ету"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2024
98
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қамқор» жобасы

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

11- сыныптар:«Әрекетсіздік пен серіктестік үшін жауапкершілік»


Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.



Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: қылмысқа қатысушылық ұғымын енгізу; топтық қылмыстық әрекетке қатысушылардың негізгі рольдерін зерттеу; топтық қылмысқа қатысушылардыңжауапкершілік дәрежесін анықтау; білім алушылардың теориялық білімдерін заңды фактілерді талдауға қолдану дағдыларын дамыту. Негізгіміндеттері: 1. жасөспірімдерде өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; 2. азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету.

Дәйексөз

Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал


Ой қозғау

Тақырып ашу.


Волонтер деген кім?

Волонтердың еңбегіне ақы төленеді ма?

Сіздің қоғамында волонтер болғыңыз келе ме?

Қарт кісілерге қалай көмектесе аламыз?

Оқушылардың қарт адамдарға көмектескені дұрыс па?

Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?


Интер белсенді тақтаға жұмбақтар шығады,жұмбақтарды табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.


  1. Айтары мол ғұлама,
    Көп жасасын бұл адам,
    Әкесі ол әкеңнің
    Білер оны сұраған.
    Ол кім?  (ата)

  2. Дегенімді жасайтын
    Қалған тамағымды асайтын
    Ертіп алып жетектеп
    «Немерем» – деп атайтын? (әже)


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал




Оқушылар

дың пікірі тыңдалады





Жұмбақтың шешуін тауып,шеңбер құрып бірге өлең шумақтарын қайталайды












Компьютер






















Сабақ басы (13 мин)












Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius — ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады.

  • Волонтерлік (ерікті) қызмет:

  • Ағаш, өсімдіктер, көгалдар, түптерді отырғызып, өсіру;

  • Азаматтардың мынадай сияқты әлеуметтік санаттарына көмек: егде адамдар, қамқорсыз бала-шағалар, баспанасыз адамдар, жастар, студенттер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), бұрынғы тұтқындар, т.б;

  • Жануарларға көмек, қорықтар мен хайуанаттар саябағына ерікті көмек;

  • Ауланы, телімдерді, қалалық көшелерді абаттандыру;

  • Салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Экологияны жақсарту: қоқыстарды жинау, сенбіліктерді ұйымдастыру т.б;

  • Қайрымдылық концеттері мен театр қойылымдары;

  • Нашақорлық, СПИД, жасөспірімнің айыпкерлігін алдын алуға арналған оқтаулы әңгімелерін жүргізу;

Волонтердің еңбегі ақысыз. Волонтерлер – тек альтруистер емес, олар тәжиребе алу үшін, дағдыларды және білімдерді арттыру үшін, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік қызмет – төленетін жұмысқа жол салады, бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады.

Құрмет көрсетудің бір көрнісі қарттарды сыйлау. Қазақ қарттары жасына лайық аузы дуалы,сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа ата мұрасын жалғастыруды уағыздайды.Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды , іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады..Адам өмірінің мәні менсұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтте естен шығармауында.Қартайған ата-ана біле білсек, отбасының алып діңгегі, шаңырақтың құты.Қарт кісіні құт-береке деп танысаң, ол ұрпақтың көрегендігі.Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашанда бақытты.Қарттар-біздің қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өнуіне.еліміздің тыныш, бейбіт өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы аяулы қарттарымыз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Дүние кезек деген.Сендер де өмір бойы жас болып жүрмейсіңдер.Сендер ата-аналарыңды құрметтеп, сыйласаңдар, ертең сендерді де балаларың сыйлап, қадірлейтін болады.Атаңа не істесең-алдыңа сол келер деген қазақта дана сөз бар .




Оқушы:

Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.



Оқушы:Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.


Оқушы:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Оқушы:

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

суреттер

 











Ортасы (20 мин)



«Әке қадірі» бейнеролик.Бейнероликті тамашалап,талқылау


Ән: «Ата- әже»


5 САБАҚ. «ӘРЕКЕТСІЗДІК ПЕН СЕРІКТЕСТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ»

Сабақтың барысы 1. Кіріспе (2 мин) Кәмелетке толған балалар қатысатын әрекеттер қылмыс сипатында болуы мүмкін немесе теріс қылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Қылмыс та, теріс қылық та заң бұзушылық. Екі жағдайда да оларды жасаған адам қылмыскер. Бүкіл қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс; қылмыстардың нақты тізімі Қылмыстық кодексте көрсетілген. Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады? Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.

Ойын-сауық мекемелеріне:

ойын мекемелері;

түнгі клубтар;

кафе-барлар;

мейрамханалар;

интернет-кафе;

компьютер;

бильярд бөлмелері;

боулинг клубтары мен кинотеатрлар. Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады. Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақытылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін табу жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады. Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін: кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; 243 түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады. Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Баланы тиісті емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады. Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылғантартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін. 2. Негізгі бөлім(6 мин): Рольдік ойын: «Адал болу!». Қатысушылар серіктес болып бірге атқарады. Сұрақ-жауап: - «Қылмысқа қатысу» деген сөздіқалай түсінесіз? - Қылмысқа сыбайластар қандай жауапкершілікке тартылады? - «Жазалау» дегенді қалай түсінесіңдер? - Өзіңізге белгілі жаза түрлерін атаңыз. - Жазаның бір түрін толығырақ түсіндіріңіз. 3.Қорытынды.



Бейнероликті тамашалайды


Оқушылар ән шырқайды

















https://www.youtube.com/watch?v=9Ihn3UySyAc


https://www.youtube.com/watch?v=33fxi28NdEU



































































Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/NHWYVHBHch4?si=eO08802OqPxTp3wt

Соңы






Қорытынды.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі









презентация










Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!