400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қоғамның жалпы дамуында білім қандай рөл атқарады?» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестацияға арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

169 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Телағысова Гүлайна Серікқызы

Э С С Е

«Қоғамның жалпы дамуында білім қандай рөл атқарады?»

Мен – ұстазбын. Мен қоғамның толыққанды бір мүшесімін. Қоғам мен білімнің байланысына келер болсақ, «адамды адам еткен – еңбек» деген принципті ұстанамын;

Өйткені әр еңбектің артында білім бар. Білімнің бастауы – адамның өзін – өзі дамытуы,ізденуі,жаңа дүниеге ұмтылуы. Білімнің көмегімен, білімді таңдап, дамыту арқылы ғана адамзат қазіргі кездегі жетістігіне жетіп отыр.

Мысалға алар болсақ, өз азаматтарының дамуына тікелей көңіл бөлетін мемлекет Жапонияға қызығамын. Өйткені, роботтарды өзіне қызмет еткенімен қатар,жапондықтар баланың білімін тікелей 100 пайызды назарда ұстайды. Яғни, баланың ойлау қабілеті қалыптасқанша өз тілінде (жапон) сөйлеуі, гуманитарлық бағыт пен бірге математикалық бағытқа аса назар аударуы т.б. міне осы жағдаяттардың бәрң олардың ғаламшардың басын бастап келе жатқан сапалы білім мен тәртіптің көшбасшылары етіп отыр.

Қазақ еліне оралар болсақ, әуелден Алаш азаматтарынан бастау алған қоғамның дамуы тікелей білімге алып келіп байаныстырған. Бала жанының бағбаны – ұстаз (яғни мен) осы қоғамның дамуына тікелей үлес қосып жүрген адаммын. Мектеп табалдырығын кішкентай болып аттаған оқушыны қоғамға бейімдеп, қоғамның пайдалы, сапалы мүшесі етіп тәрбиелеу – менің тікелей міндетім.

«Білімсіз берілген тәрбие – адамзаттың қас жауы» деп ғаламның екінші ұстазы айтпақшы, білімді тәрбиемен де ұштастыра білу педагогтың шеберлігі. Ұстаздық жолымды қоғам мүшелеріне білім беру және тәрбиелеуге арнағандықтан өз іс – тәжірбиемде әр сабақта болсын, әр сәттер де болсын мен қоғамның ізгі адамдарын тәрбиелегім келеді. Әр оқушының ата – анасымен тығыз байланыстамын. Өйткені қоғамның сау мүшесін тәрбиелеуге ата – ана да мен де мүдделіміз;

Баланы оқу бағдарламасынан тыс білім алуын қамтамасыз ету мақсатында кітапханадағы және дүкен сөрелеріндегі кітаптар арқылы,қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау тәрбиесі, қоршаған ортаға пайдалы болу, өз зиянын тигізбеу, өзінен әлсізге қамқор болу, жақсыға ұмтылу, ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білу – ұстаздың ең бірінші міндеті.

Баланы ізгі қоғамда тәрбиелеу үшін, дамыған қоғамда өсуі үшін – қоғамның әр мүшесі соған сай талаптануы керек,еңбек етуі тиіс деп санаймын.

Білімге аса назар аудармаған қоғам – басқа да жолдарды таңдай алады. Бірақ, ол қоғамда адам құқығы, баланың дамуы, әйел адамның құқығы – аяққа тапталып жатады. Оған жарқын мысал, оқуды емес, дінді негізгі бағыт етіп алған (Иран,Ирак, Ауған т.б.) елдерді мысал ете аламын.

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер». Осы шеберлікті,өнерді дамыту үшін тынбай еңбек ететін педагогтардың еңбегі жемісті болуына тілектеспін. Қоғамның сапалы, сындарлы мүшелерін тәрбиелеп және білім беру бағытында әлі де еңбек етемінІзденемін, жаңалыққа, жақсыға ұмтыламын деген сенімдемін.

Мектеп директоры:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
2207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі