Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" тізімінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" тізімінде

Материал туралы қысқаша түсінік
оқұшыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс.

Кесене ішіндегі Құдықхана

Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5x2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс ханЕсім ханАбылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр ханҚаз дауысты Қазыбек биЖәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. Есім хан кесенесі 1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871—72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" тізімінде

1907 ж. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды. 1910 ж. Түркістанда жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған 13 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды-көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы1989 ж. 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы "ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енді (Париж23 маусым2003)

Реферат

Қожа Ахмет Яссауи

кесенесі!

7-«Г»сынып оқушысы

Сабритдинова С

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2020
836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі