Материалдар / Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Астана келбеті. Қазақ жеріндегі ежелгі кесенелер. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Астана келбеті. Қазақ жеріндегі ежелгі кесенелер. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Астана келбеті. Қазақ жеріндегі ежелгі кесенелер. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері тақырыбы бойынша ҚМЖ
Авторы:
11 Желтоқсан 2023
212
16 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК (білім беру ұйымының атауы)

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Астана келбеті. Қазақ жеріндегі ежелгі кесенелер. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері

Модуль/пән атауы

7-бөлім. Синтаксис. Сәулет өнері. Қазақ тілі

Педагог

Тәтібекова Айнұр Ибрагимқызы

Күні

23.06.2023 ж.

Жалпы мәліметтер

Курс І топ

Қажетті ресурстар

https://yandex.kz/video/preview/13358871187397058738

https://osken-onir.kz/kogam/17037-astana-kelbet-lt-kelbet.html

Оқыту нәтижелері

  1. Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси ) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;

  2. қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып , көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ( дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстырады;

  2. қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады. (дискуссивті эссе, аргументативті эссе).

ЕББҚ білім алушы

(3-топ )

Аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушы

Сабақ барысы

Сабақтың басы

«Ой түрткі» әдісімен суреттерге қарап жаңа тақырыпты болжайды.



«Стоп кадр» әдісі арқылы бейнебаянды мұқият көріп, тыңдап, қажетті ақпаратты есте сақтайды.

https://yandex.kz/video/preview/13358871187397058738



Сабақтың ортасы













Жеке жұмыс. 1-тапсырма. «Еркін жазу» әдісімен көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, «Қазақстандағы ежелгі кесенелер» тақырыбында 250 сөзден тұратын аргументивті эссе жазыңыз.

ЕББҚ білім алушы берілген тақырып бойынша 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Оқу тапсырмаларының қадамдары

  • мәселе бойынша өз ойын дәлелдейді

  • тақырыпқа сай болуы

  • грамматикалық сауаттылығы

  • пунктуация

Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси ) талдай отырып, негізгі ойды анықтап, ғаламдық мәселелермен байланыстырып, ұнаған бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

ЕББҚ білім алушы жұпта жұмыс жасаңыз.

АСТАНА КЕЛБЕТІ – ҰЛТ КЕЛБЕТІ

Бүгінде Тәуелсіз еліміз әлемнiң дамыған елдерiнiң қатарына қосылды. Айбынды мемлекетке айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекетiмiздiң бас қаласы Астана – Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін паш еткен, Отанымыздың жүрегi, тәуелсiздiктiң тiрегiне айналды. Елбасының төл туындысы астана жиырма жылдан аса уақыт ішінде өзіндік келбетін қалыптастырып, әлемнің ең көрікті шаһарларының бірі болды.

Астананы көшіру туралы алғаш рет 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңестің сессиясында өз ойын ортаға салған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев оны табанды әрі жоспарлы түрде іс жүзіне асыра білді. 1995 жылы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы астананы Ақмолаға көшіру, 1997 жылы 10 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы», ал, 1998 жылдың 6 мамырында Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлықтарға қол қойды.

Міне, содан бері 20 жыл өте шықты. Бүгінде Астанада сәулет өнерінің жауһарлары: «Ақорда», «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Қазақ елі монументі», «Мәңгілік Ел» аркасы, зәулім ғимараттар, елшіліктер бой көтерді.

Өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елорда атауын Тұңғыш Президент есімімен атау туралы тарихи шешімі қабылданды. Бұл еліміздің бас қаласының өсіп-өркендеуіне зор еңбегі сіңген Елбасыға деген үлкен құрметтің белгісі еді.

Мемлекет үшін маңызы мол шешімдер қабылдайтын Астана бүгінде – елдің айнасы, ұлт келбеті, еліміздің кіндік қаласы саналады.

Астанаға қоныс аударғалы бері біраз жылдың жүзі болды. Қаламыз көркейіп, өркен жайып келеді. Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астана – елдің тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, мәуелі мәдениет пен ұлтаралық келісімнің, саяси диалогтың бас ордасына айналды.

Астана – еліміздің жүрегі. Оның аспанынан тек тыныштықтың, ізгіліктің, арманның саф самалы еседі. Сондықтан, әр қала, әр облыс орталығы Астана секілді сәулетті де, көрікті шаһар болуға талпынады. Астанаға қарап бой түзейді, болашағын астанамен байланыстырады. Өйткені, Қазақстан мен Астана қаласы егіз ұғым. Елорданың көркейгені – елдің көркейгені, бас қаланың өскені – баршамыздың өскеніміз.

Оқу тапсырмаларының қадамдары

- көтерілген мәселені талдайды

- негізгі ойды анықтайды

- ғаламдық мәселелермен байланыстырады

- сөйлем мүшелерін талдайды


Топтық жұмыс. 3-тапсырма. «Суреттер галереясы» әдісі бойынша 4 топқа бөлініп, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, «Айша бибі», «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи», «Қарахан» кесенелеріне сипаттама беріңіз.

ЕББҚ білім алушы топта жұмыс жасаңыз.

Оқу тапсырмаларының қадамдары

  • қажетті клишелерді пайдаланады

  • лексикалық құрылымдарды қолданады

  • кесенелерге сипаттама береді

Сабақтың соңы




Рефлексия

«Эдисон» әдісі бойынша стикерлерді алған ақпаратты меңгерулеріңізге байланысты қажетті суретке жабыстырыңыздар.





Бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі арқылы бағаланады.



Қосымша ресурс:

1-тапсырма. Тест сұрақтарының дұрыс жауабын таңдаңдар.

Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жай.
В) Құрмалас.
С) Мезгіл.
D) Атаулы.
Е) Жайылма.
Дұрыс жауап: D

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жалаң.
В) Жайылма.
С) Толымсыз.
D) Толымды.
Е) Жақсыз.
Дұрыс жауап: А

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қатысқан жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жайылма.
В) Жалаң.
С) Толымды.
D) Толымсыз.
Е) Жақсыз.
Дұрыс жауап: А
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.
В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
С) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.
E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
Дұрыс жауап: Е


2-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндір. Мазмұнын қара сөзбен жаз. Бұйрықты сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.

2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.

3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.

4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.

Оқытушы келе жатыр. 2. Айнала жым-жырт. 3. Қыздың не сұрағалы отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды. 4. Бар дәлелімен тайға басқандай етіп көрсетіп отырған бұл кемшіліктерді еріксіз мойындауға тура келеді. 5. Аудитория сілтідей тынып қалған еді. 6. Мен оқып болдым. 7. Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз. 8. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ кескендей тыйылып қалды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!