Материалдар / "Қожалар әулетінің шежіресі" ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қожалар әулетінің шежіресі" ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
783
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ«ҚЫЗЫЛАРАЙ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ















СЕКЦИЯ:“Өлкетану” Ғылыми жұмыстың тақырыбы:«Қожалар әулетінің шежіресі»







Орындаған:7-сынып оқушысы Совет Жаннұр Нұрланқызы Ғылыми жетекшісі:Сагимбекова Меруерт Мейрхановна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі











Қарағанды-2018Аңдатпа
  • Ғылыми жұмыста Шой әулиенің ұрпақтары қара руының қожалары туралы айтылады.
Аннотация
  • В научном проекте разказывается о династим Шой аулие и о предках кожа из потомства кара.


Зерттеудің мақсаты:
  • Шой Әулиенің ұрпақтары, дін уағыздаушылар қожаларды дәріптеу


Міндеті:
  • Шой Әулие бабамыздың ұрпақтары туралы зерттеу менің немерелік парызым деп есептеймін.


Зерттеу ғылымының ғылыми болжамы:
  • Дін уағыздап, қазақтарға ислам дінін таратты.


Зерттеу әдістері:
  • Пікірлесу
  • Қорытындылау


Зерттеу жаңалығы:
  • Шой Әулиенің өмірбаяны бізге үлгі боларлықтай. Шой Әулиенің өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтауға үйрететіндей қасиеті бар.


Мазмұны:I.КіріспеII.Негізгі бөлім:2.1. Шой Әулие атамыздың өмірінен бір үзік сыр.2.2. Қожалар әулетінің шежіресі.III.ҚорытындыIY.Қолданылған әдебиеттер тізіміКіріспе«Ата өнері-балаға мұра» демекші әрбір адамның атасының өнері балаларына, немерелеріне, шөберелеріне қалған өшпес мұра. Шой Әулие атам сондай адамдардың бірі. Киелі Шой Әулие атамыз ұлы бабамыз Сапболатты 15-16 жасында Түркістан жақтан халқын мұсылман жолына түсіру үшін алып келген екен.2.1. Шой Әулие атамыздың өмірінен бір үзік сырҰлы бабамыз Шой Әулие 1712 жылы туған. Бұл кісі аруақты, киелі адам. Біздің бала кезімізде бұл кісінің бейтіне бала көтермеген әйелдерді, ауырған адамдар мен малдарды түнетіп, тілеу тілеп сыйынатын болған. Салт аттылар бейітке жақындағанда, аттарынан түсіп, жаяулап өтетін. Кейбір күпірлік жасап сыйынбай өткен адамдар аттарынан жығылып, мертігіп, болмаса бет аузы қисайып, әйтеуір бір жаманшылыққа душар болатын.Жалпы,бейіттің жанынан өткенде аруақтарға дұға бағыштап, қол жаю парыз, өйткені “Ей, адамзат, қолыңды жайып бата қыл, мен де сендей болғанмын”,-деген сөз бар.Шой әулие бабамыздың бейіті біздің “Сарыөлең” деген қыстауымыздың алдындағы қожалардың көп бейітінен төмен, өзеннің екінші қабағында жарты шақырымдай жерде орналасқан. Шой әулие қожаларымнан бата тілеп жатамын деп, өзін сол жерге қойғызған екен. Негізі, Шой әулиенің атамекені басқа жер. Міне, сол уаққыттан бастап Қара руы біздің қожаларды пір тұтып сыйлап, құрметтеген. Қызыларай төңірегіндегі моллалардың көпшілігін біздің Омар Қожа деген қажы әкеміз оқытып, құранның аяттарын үйретіп діни сауаттарын ашқан.Омар Қожа қажы атамыз 1870 жылдары Меккеге қажылыққа барған. Атам Әділов Совет ата-баба, өмірден өткен жақындарына бата жасап, қол жайғанда, Шой әулие бабамды тастамай, дұға бағыштайды.Әділов Совет атам Қожа әулеті болған соң 2001 жылы 14 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылына мешіт ашып берді. Ата-бабаларына, өмірден қайтқан туыстарына арнап ас беріп, құран оқытып, халықтың батасын алды.Сол мешітке Ұлы бабам “Мән қожа-Шой Әулие”,-деп ат берді. Бұл да Шой әулие бабамызға деген құрмет пен аты аталып жүрсін деген ниет еді.Совет үкіметі орнаған алғғашқы кезеңінде шолақ белсенділердің теріс саясатынан, түсінбеушілігінен халық малынан айырылып, ашаршылыққа ұшырап бір қырылса, халық малынан айырылып, 1937 жылдары халқымыздың бетке шығар азаматтары репрессияға ұшырады. Одан кейін 1941-1945 жылдардағы соғыста ер-азаматтардың көбісі опат болды. Осындай зобалаңдардың салдарынан Қызыларай аулындағық қожа әулетінің 90 пайызы жойылды немесе жер ауып кетті. Міне, осындай жағдайларға байланысты ата-баба шежіресін тарқататын аталарымыз болмағандықтан ата-тегімізді білмей өстік.Үлкендік кішіні сыйлап, құрметтеп, қазақы тәрбие беру – біздің ұлттық бейнеміз емес пе? Олай болса әрбір отбасы ұлттық, қазақы бейнемізді жоғалтпауымыз керек.Смағұл баласы Төлеген қожа әкеміз 1984 жылы ата тегімізді былай таратады: Ысқақ қожадан Әзіреті сұлтан –Қожа Ахмет Яссауи мен Шады қожа, Шады қожадан Қабдолла, одан Үшғайып –Шапбұзырық, Тұрсынқожа-Жиен қожа, Тұрсын қожадан-Баба қожа- Әбілда- Құлатай- Қосым- Сержан, одан Мәдімағзұм- Жанқожа-Шәріп-Бірсәлім қожа тарайды. Бірсәлім қожадан төрт ұл: Қасым, Ыбырайым, Сәдір қожа(төртінші атамызды Төлеген атамыз ұмытып қалыпты).Аталарымызды Бөріктастық, қара руының қожалары дейді екен. Бабам Сапболатты XVIII ғасырда Қара Сеңкібай бидің інісі Шой Әулие Түркістаннан пір қыламын, Қара руын мұсылман жолына түсіремін деп әкелген дейді.2.2.Қожалар әулетінің шежіресіСапболат бабамыздан:Өте қожа, Бай қожа, Мән қожа туады.I. Мән қожадан: Ділжан, Тоқсан, Сексен, Азнабек, Асылбек тарайды. Сексенен:Әлі, Жаппар, Еркебұлан.1.Әліден:Әмірхан, Әділхан, Жолжан. Әмірханнан:Тәбәрік Әділханнан ұрпақ жоқ. ЖолжанДілжаннан:Омар, Смағұл, Жомарт, Жұман, Қосым, Дәркей. Омардан:Шәді, Тұрсын, Нұрқожа. Нұрқожадан:Рахметолла. Рахметолладан:Ержан, Ерғали, Нығметтола, Кенжебек, Бикеш, Қайролла. Тұрсыннан:Тайтөлеу, Мүрсәл. Тайтөлеу 15 жасында қайтыс болған. Мүрсәлдан:Сағындық.2.Смағұлдан:Төлеген. Төлегеннен:Оразбек, Назипа, Нағипа. Оразбектен:Берік, Индира.3. Жомарттан:Гүлсім. Гүлсімнен:Аманжол.4. Қосым белгісіз.5.Жұман белгісіз.Тоқсаннан:Зікір. Зікірден:Сейдуали, Бөкен.1.Сейдуалиден:Шапай, Мақымет, Күлшәріп. Шапайдан: Жұмакүл, Гүлбахрам, Гүлшаһар, Әділқайыр, Әділбек, Әділхан, Қасымбек, Кенжебек, Гүлжаһан. Әділбек-Айман, балалары:Ақмарал, Мәди, Сәкен, Гауһар, Жігер. Мәдиден: Әбілмансұр, Аяулым. Әділқайырдан: Мақсұт, Бақыт, Мағауия, Рүстем.1.Мақсұттан: Амина, Темірхан.2.Бақыттан: Саян.Мағауиядан: Мадияр.Әділханнан: Қайсар, Қанат, Ляла, Эльмира, Әмина, Айсұлу, Ринат.Қасымбектен: Ардақ, Әсел, Назым, Салтанат.Кенжебектен: Ғайни, Аделя, Аян.2.Мақымет 1932 жылы қайтыс болған.3.Күлшәріптен:Кәкен, Серік, Қажыбек, Төкен, Лиза, Шәрбат, Қайрат.Бөкеннен:Саттар.Саттардан:Бақыт, Болат, Амантай, Шәрат, Мағира, Венера, Бақтылы.Болаттан: Ернар.Ернардан:СардарШәраттан:Нариман.Нариманнан:Нұрсұлтан, Әлихан, Әмірхан.4.Азнабектен:Қойшыбай, Балбибі.5.Асылбек жастай қайтыс болған.II.Жаппардан Әділ, Берлі қожа.1.Әділден:Сарқыт, Совет, Сақып.2.Берлі қожа бала шағасымен 1932 жылы қайтыс болған.III.Әділден:Сарқыт-Советбек1.Сарқыттың жолдасы Советбек, бұлардың балалары: Марфуға, Мінуара. Мейрамбек, Дәуренбек, Айнаш, Күләш, Құсбек, Кәукербек, Сәуле, Гүлзира.2.Сақып жолдасы Несіпбек, балалары:Меңсұлу, Айдан.3.Советтің әйелі-Нұржамал Мұқышқызы.Советтен:Алмагүл, Қизаттолла, Бүркітбай, Зәуреш, Жарқын, Ризагүл, Бағлан, Нұрлан, Нұржан, Ержан.1.Алмагүл.2.Қизатолла-Гүлсара:Есет, Нұрсұлтан, Бексұлтан, Райымбек, Қарақат.3.Бүркітбай-Күлпан:Айнұр, Қаныш, Еспенбет, Мөлдір.4.Зәуреш-Ораз:Алтынай, Индира, Толғанай, Камила.5.Жарқын-Мінәр:Ақнұр, Бақытжан, Серіжан.6.Ризагүл-Уәлихан:Жаннетта, Елдос.7.Бағлан-Ардақ:Балнұр, Бауыржан, Бекжан.8.Нұрлан-Гүлнафис:Фариза, Жаннұр, Фарида, Фатима, Акбар.9.Нұржан-Бағлан:Ернар, Олжас.10.Ержан-Шынар:Біржан, Мағжан, Алихан. Қорытынды Мен өз жұмысымды : «Атадан ұл туса игі ата жолын қуса игі» деген қазақ халқының мақалымен аяқтаймын. Менде өз ортамды, өз әулетімді зеріттеп, өзімнің үлесімді қосқым келеді.Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ – ең мерейлі ұрпақ.







Қолданылған әдебиеттер:1.Совет Әділов «Нұржамал» Қарағанды- 20152.Кәмелбек Жүнісбек «Ұлы пайғамбар ұрпақтары»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!