Материалдар / Қол тігістерінің түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қол тігістерінің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қол жұмысын орындау кезінде дайындалатын киімнің сапасы мен еңбек өнімділігі көп дәрежеде аспаптар мен жабдықтарды дұрыс таңдай білу,сапасы мен оларды жұмыс орнына тиімді орналастыра білуге байланысты. Оқушыларға қазақ халқының қолөнер атаулысын әр салада қолдана білуін жаңғырту, үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
12177
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қол тігістерінің түрлері


Этекбаева А.Ж.

Бастауыш сынып мұғалімі, №2 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі, Павлодар ауданы, Павлодар облысы


Тігіс – мата, тері, былғары тәрізді материалдарды қайып, тепшіп, жөрмеп және т.б. тігу тәсілі, тігу ісі. Тігіншілер тігін ісінде қарапайым және көркем тігіс түрлерін қолданады.

Қол тігістер - инемен тігілетін тігістер. Адамзат киім-кешек тігу барысында сан ондаған тігіс түрлерін ойлап тауып, әр тігістің ерекшеліктері, көрінісіне қарай ат қойып, айдар тағып отырған. Тігіс түрлері адамзаттың үстіне киім, лыпа кие бастаған кезден бастау алу мүмкін десек тігіс түрлерінен екі бөлек затты біріктіру үшін қолданылған "жөрмеу" тігістің басы, ең көнесі десек артық емес [1, 557-б].

«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып,жастар қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде.Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы «Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра.Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті-қолөнер дің қайнар көзі [5, 42-б].

Қол жұмысын орындау кезінде дайындалатын киімнің сапасы мен еңбек өнімділігі көп дәрежеде аспаптар мен жабдықтарды дұрыс таңдай білу,сапасы мен оларды жұмыс орнына тиімді орналастыра білуге байланысты [4, 28-б].

Тігінші қол жұмысын оның сипатына байланысты отырып не түрегеліп тұрып істей алады.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  1. Инені ауызға салуға болмайды;

  2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

  3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.

  4. Қайшыны адамға үшкір жағымен беруге болмайды.

  5. Адам қайшымен жұмыс жасаған кезде, көңілін бөлуге болмайды [10, 110-б].

Жіппен бейнелеу тәсілі \изонить\ - жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Жіппен бейнелеу тәсілі көптеген қызықты өрнектер ойлауға мүмкіндік туғызады. Бұл өмірде шығармашылықты көзбен мөлшерлей білуді, қолдың еңбегін бейнелеуді, эстетикалық талғамды талап етеді.

Англияда XVI ғасырда пайда болған Англия ойшылдары ілгектеп бекітудің тәсілін ойлап тапты. Олар ағаш тақтайшасына шеге бекітіп оған жіпті кереп ілуді, үй тұрмысына әсемдік бұйым етіп жасауды білді. Бұл техниканы ойлап тапқанГ.А.Баницкий мулина, тігін және машина жіптерін пайдаланып, қол құралдарына қайшы, циркуль, сызғыш, қарындаш қолданған.

Изонить тәсілімен суреттемелер, бейнелеу тағы көптеген заттар жасауға болады. Бұл тәсіл қиын болмағанымен, жасаушы адамнан ұқыптылықты, тәртіпті, шыдамдылықты талап етеді [8, 74-б].

Тігін машинасы шыққалы қол тігіс түрлері мүлде ұмытыла бастады. Қазіргі кезде қолмен тігу тек қазақы ұлттық жасау-жабдықтарды дайындау кезінде ғана қолданылатын болды. Үзілген түймені өзі қадап алудың орнына шебер іздеп шаршайтын мына заманда қол тігіс түрлеріне кім қызыға қойсын десек те, біле жүргеннің зияны тимес. Деректерге зер салсақ, қол тігіс атауларының өзі аз емес екен [9, 63-б].

Қол жұмыстарының терминдері

Қарапайым тігістер - жөрмеу, көктеу, тепшу, айқас бүгіс тігіс, бүрме тігіс, қаю тігіс, қабу тігіс, қусыра ызу, сыру, өбістіру, торлап тігу, тұмаршалап тігу, қосбасарлап тігу, шарбақтап тігу, жара тігу, топшылау тігіс, шалып тігу, маржан тігіс, бастырып тігу, бұзау тіс, шанша тігу, бедерлеп тігу, тышқан із тігіс, жапсыра тігу, тебе тігу, т.б. көркем тігістің негізі деуге болады. Және олардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді;

Көркем тігістер - қаю, айқас тігіс, қусыру, бастырып тігу, маржан тігіс, бедерлеп тігу, шаршылау, өткермелеп тігу, сыру, бүгіс тігіс, тышқан із, таңдайлау, қабырға тігіс, керегекөз тігіс, ілмелеп тігу, шалу, торлау деп аталатын көркем тігіс түрінің алақұрт, сағат бау, шытыра, су тару, ирек түсіру, кереге көз сияқты күрделі өрнек түрін салатындығына байланыста атауы да көп болып келеді.

Көктеу – тігілетін маталарды уақытша ұстап, тігуге қолайлы болу үшін пайдаланатын тігіс түрі. Көктеу екі түрлі болады. Біріншісі, инені алшақ шаншып, екі матаны бір-біріне жапсыра тігу. Екіншісі, теріден пішілген киімдерді немесе саба жасағанда жіптің ұшын түйіп, бір өткізіп алған соң қайта түйіп кете беру. Екінші алшақтау жерден, осылай іліп тігу. Бұл көктеу түрі көбінесе қалың аң терілерінен киім тіккенде қолданылады. Көктеу тігістері бөлшектерді уақытша біріктірген кезде бор сызығы және бүрмелер үшін қолданады. Ондай тігістердің ұзындығы 0,5 тен 3 см ге дейін болады. Бөлшектер қозғалып кетпеу үшін қиғай көктеу тігісін қолданады. Олар өңдеу процесінде бөлшектерді қозғалтпайды.

Көктеп жүргізу тігісі – көктеу тігісі сияқты орындалады. Бірақ ол пішу кезінде бөлшектерді белгілегенге және өлшеп көргенде қолданады. Оларды, мысалы бұйымның ортасын белгілейді. Көктеу тігісінің негізінде матаны жиырады. Ол үшін екі қатар көктеу тігісін орындайды, содан кейін бір ұшынан ұстап тартып керекті ұзындығына дейін жиырады. Керекті ұзындығын түйреуішпен түйреп бекітуге болады.

«Айқыш» тігісі – бұйымның ашық қиындының қайырмасында қолданады. Айқыш тігіс қалың маталы бұйымдарда қолданады. Тігіс кері қайтқанда сол жақтан бастап оң жаққа қарай жүргізіледі. Ине шаншымдар кезектеп қайырмасынан және негізгі бөлшектен өткізеді. Қайырмасынан барлық қалыңдық бойымен ал негізгі бөлшектен жартылай қалыңдығынан өткізіледі. Тігімдерді қатты тартпай тігеді. Тігістің тығыздығы 1 см де 2-3 тігімдер, ұзындығы 0,4-0,7см.

Тепшу тігіс - ең көп қолданылатын тігіс түрі. Бұл тігісті екі матаны біріктіруге, мата шеті сетінеп кетпес үшін және киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың тігістерін тіккенде қолданылады. Сапасы бос көркемдік жағынан нашар тігіс түріне жатады. Тепшіп тігу тігісі оң жағынан да, теріс жағынан да бірдей болып түседі.

Бұл тігіс көктеуге қарағанда жиі тігіледі. Тігіс әдісі де көктеуге ұқсас. Ине шаншымын жиі алып, тек бір шаншымнан емес, инені шүберекке әлденеше шаншып тізіп алған соң бір-ақ тартып шығаруды – тепшу дейді.

Торлау тігіс - жөрмеу тігістің бір түрі. Торлау негізінде түйме өткізілетін тесіктердің кенересі сетінеп, қалпын бұзбауы, жиырылмауы үшін қолданылады. Торлау – өте жиі тігілуі тиіс.

Қайып тігу - ең мықты және көркем тігіс болып есептеледі. Бұл тігістің бет жағы тігін машинасының тігістері тәрізді түседі, яғни ине шаншымы суырылған жеріне қайтадан шаншылады. Өте мықты тігілген қаю тігісі әсем тігіс ретінде қолданылады. Қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияның, кимешек, жаулықтардың маңдайын, шыттың шетін тіккенде қолданылады.

Қаю-бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түсетін пішінге келтіріп тігу.Қаю немесе қайып тігу беріктік үшін қолданылыды.Қайып тігуде инені ілгері шаншып үстіне шығарады.осылай тігілгенде тігістің бетінде жібі жоқ бос аралық қалмайды.Қайып тігу түрі киімдердің етек-жеңін,жағасын ,сол сияқты тақия,кимешектердің маңдайын,аяқ киімдердң күлшіндерін кебістің шажамайын тіккенде қолданылады.Шеберлер арасында қаюдың сирек қаю,қос жіпті қаю,теріс қаю тәрізді түрлері кездеседі.

  • сирек қаю. Бұл тігу әдісінің орындалуы барысында мата жіптерін ине үстіне шығарып бір шаншиды да, инені артқа жіберіп, екі жіпті алып, екінші шаншиды. Бұл тігіс матаның жеке бөліктерін біріктіргенде қолданылады;

  • қос жіпті қаю. Екі түрі бар: тепшіп қаю, арқаулап қаю. Тепшіп қаюда екі жіп айқасып түсіп отырады. Ал арқаулап қаюда үстіңгі жіппен астыңғы қолданылады.жіп өзара ауыспайды, машинаның тігісіне ұқсайды. Қос жіпті қаюға қос ине қолданылады;

  • теріс қаю. Әсемдеп істелетін тігіндерге қолданылады. Теріс қаюда жіптің ауданы матаның үстіңгі бетіне түседі. Жіп бедері айқын көрінеді [2, 24-б].

Көшіру тігістері - бір бөлшектен екінші бөлшекке сызығын көшірген кезде қолданады. Олар көктеу тігісі секілді, бірақ тігіп жатқан матаның бетінде тігістер ілмектеніп қалу керек. Ол екі мата бір бірінен бостау болу қажет. Содан кейін екі матаның арасын қайшымен ақырындап бөліп қиып тастайды. Нәтижесінде матада қалған жіптер бойымен сызықтың белгісі болып келеді. Тігімдерінің ара қашықтығы 0,3-0,5 см. Бұл тігіспен бөлшектерді пішкеннен кейін өңдейді.

Айқас кесте - кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарда солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығамыз. Осы естігеніңізді кері бағытта қайталаймыз.

Жасырын тігісі.  Жіп еш қай жерде көрінбеуі тиіс: матаның қайырылған жағын және негіз матаның 1-3 жібін іліп алып жасырып тігеді. Тігістер оң жақтан бастап солға қарай тігіледі.  Тігістің тығыздығы – 1 см де 2-3 тігімдер болады. Алдымен қайырмасын бор сызығымен белгілеп аламыз: біріншісін - 0,5-1см, екіншісін 3-4 см. Екі қайырмасында көктеу тігісімен өңдейміз. Содан қайырманы негіз матадан 1-2 мм шығарып қайырмасынан да негізінен де кезектеп 1-2 жіптен іліп алып тігеді. Жіп қайырманың ішінен жүріп өтеді 1-2 жіпті матаның жартылай қалындығына іліп алады.

Жөрмеу тігісі - ең көне тігіс. Тігілген жіптің сирек және жиі шаншылуына байланысты әр түрлі атаулары бар: жай жөрмеу, жиі жөрмеу, ендіріп жөрмеу, әдіп жөрмеу, түйіп жөрмеу. Жөрмеу тігісі – теріден, көннен, киізден жасалатын жабдықтар мен киімдерді тігуге қолданылады. Мысалы киіз үйдің киізден жасалатын жабындылары жөрмеу арқылы тігіледі. Шетін жиектеуге де жөрмеу әдісі пайдаланылады. Жөрмеудің жапсырып тігу, бүгіп тігу түрлері де бар. Матаны матаға жапсыратын тігіс үшін кейде бұзау тіс, шыраш жөрмеуі де қолданылады. Жөрмеу тігісінде екі киізді, теріні беттестіріп алып, шетінен бастап инені көлденеңінен түйреп шаншып, жіпті орап түсіріп тігеді.

Жөрмеу-қатарласқан екі бөлікті жапсарлата тігу. Жөрмеудің жай жөрмеу,жиі жөрмеу,ширатып жөрмеу,әдіп жөрмеу,жиі жөрмеу,түйіп жөрмеу тәрізді түрлері кездеседі.Жай жөрмеу арқылы киізден тігілетін аяққап,киіз байпақты,қалың матаның екі кенересін қосып тігуге,сол сияқты қап,қоржын сияқты заттарды құрастыруға қолданады.Шиатып жөрмеу арқылы жалаңқабат матаның ,етек-жеңге қондырылған әдіптердің шетін ,жібек киім,бұйымдардың бүгістерін бекітіп тігеді.Жөрмеудің осы бір түрін есіп жөрмеу деп атайды.Ол тігіс көбінесе сұйық заттарға арналған мес,қарын және кенептен тіккен ыдыстардың толтыру [3, 32-б].

Қол тігістеріне қойылатын талаптар:

  • Көктеу тігісі тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді;

  • Қол иненің ұшы ұшты болу керек;

  • Қол иненің нөмірі матаның қалыңдығымен сәйкес келу қажет(қалың мата болса қалың ине, жұқа мата болса жұқа ине ) ;

  • Уақытша көктеу жібінің түсі негізгі мата түсінен өзге болу қажет, егер мата ашық түсті болса, онда көктеу жіптің түсі де ашық болуы қажет (егер көктеу жібінің түсі қою болса, жіптің бояуы матаға түсуі мүмкін ). Мысалы: ақ түсті матаны (бұйымды) көктеуге ашық көгілдір немесе ашық қызғылт жіпті қолдануға болады. Егер матамыз (бұйым) қою түсті болса (қара, қою көк, қоңыр т.б.) онда кез келген түсті жіптермен көктеуге болады;

  • Тұрақты көктеу жібі негізгі мата түсімен түстес болу қажет;

  • Уақытша көктелген жіптерді оңай суыру үшін жіптерді тігіс бойынан 10 – 15 см.сайын қайшымен қиып алу керек;

  • Көктеу жібінің ұзындығы шынтақ деңгейінен аспауы керек;

  • Уақытша тігістерді бір қабат жіппен тігеді;

  • 2 – 4 тесікті түйме қадағанда жіп түймемен түстес болу керек, ал аяғы бар түймелерматамен сәйкес болу керек;

  • Көктеу барысында оймақ қолдану қажет;

  • Көктеп болғаннан соң инені көпшікшеге түйреу қажет [12, 37б].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: «Азия Арна» баспасы, 2014

  2. Киім дайындау технологиясы, М.Нұржасарова, К.Кучарбаева, А.Рүстемова, «Фолиант» баспасы, Астана-2008

  3. Тігін өндірісінің технологиясы, Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева, «Фолиант» баспасы, Астана-2008

  4. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. Алматы 1992ж.

  5. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995ж.

  6. Қазақстан мектебі. Халықтың қолөнер туралы. Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.

  7. Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбектері. Алматы. Өнер 1987 ж.128 бет.

  8. Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы) Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет. 

  9. Казыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа.  Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр. 

  10. Қ.Өстеміров, Б. Қалназаров, Г. Шымекеева, М. Ырсымбетов"Технология" Алматы "Атамұра" 2001

  11. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!