Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыс барысында әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Көктал орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыс барысында әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлі
Орындаған әлеуметтік педагог
Сирманова Нуржамал Аскаровна
2019 ж
Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыс барысында әлеуметтік педагогтың
атқаратын рөлі
Мақсаты:
- Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстануда әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлін айқындау;
- Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстану бағытында бірлесіп жұмыс жасай отырып, әдістемелік көмек көрсету;
- Жұмысты ұйымдастыруда әртүрлі әдістерді қолдану;
Түрі: практикалық жұмыс
Контингент: облыс бойынша әлеуметтік педагогтар
Өту барысы:
1. Мұғалімнің сөзі.
Сәлеметсіздер ме, бүгінгі әлеуметтік педагогтардың тамыз кеңесінің қатысушылары. Жаңа оқу жылы құтты болып, барлығымызға амандық, денімізге саулық әкеліп, жетістіктерге толы болсың!
«Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстануда әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлі» тақырыбын ашу мақсатында практикалық жұмыс өткізуді үйғардым. Сондықтан, бүгін барлығымыз бірлесіп жұмыс жасайық.
2. "Сағат" тренингі.
Бүгінгі кездесуде жақсы жұмыс жасау үшін бір - бірімізбен жылы қатынаста болуға, тығыз қарым - қатынас орнатуға осы тренигті орындаймыз. Барлығыңызды ортаға шақырамын. Жүргізуші сіздерге сағаттың суретін үйлестіреді. Қатысушылар өздерін қысқаша таныстырады (есімін, қай жақтан келгенін айтады). Сағатта 12, 3, 6, 9 санына қатысушылардың есімдері жазылады. Шеңберге тұрып, жүргізушіні тындаймыз. Мысалы: 12-қол беріп амандасады, 3-құшақтасады, 6-жақсы тілек тілейді, 9-комплимент айтады.
3. Қысқаша мәліметтермен таныстыру.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты – баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай (әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік) тудыру, кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар баланы оның өмірлік кеңістігінде қорғау. Әлеуметтік педагог бала мен ересек, бала мен оның ортасында дәнекер, сонымен қатар бала және оның ортасымен тікелей қарым – қатынас жасай отырып, кеңесші де болады. Әлеуметтік педагогтың отбасымен қызметіне әлеуметтік-педагогикалық көмекті құрайтын үш негізгі құрамдас бөлік кіреді: білім беру, оқуға көмектесу және тәрбиелеу.
Қолайсыз отбасы – бұл өмір сүрудің белгілі бір бағытында немесе олардың бірнешеуінде қатар әлеуметтік статусы төмен, оларға артылған қызметтерді атқара алмай отырған отбасылар, олардың бейімделушілік қасиеттері біршама төмен, баланың отбасылық тәрбиесінде үлкен қиындықтар бар, нәтижесі аз.
Бұл жұмыста қолайсыз отбасы ұғымында біз мынаны меңзейміз, бұл отбасында құрылым бұзылған, ішкі шекара байқалмайды, басты отбасылық қызметтер ескерілмейді және құнсызданады, тәрбиеде айқын немесе жасырын ақаулықтар бар, осыған сай ондағы психологиялық климат бұзылады және «қиын балалар» пайда болады.
Қолайсыздығы айқын көрінетін отбасының ерекшелігі – отбасы өмірінің бірнеше саласында бірдей ашық көрінетін сипаты бар ( мысалы, әлеуметтік және қаржылай деңгейде), немесе тек қана тұлғааралық қарым-қатынас деңгейіндегі сипаты айқын, бұл отбасылық топтағы қолайсыз психологиялық ахуалға әкеледі.
Жайсыз отбасы мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық көмектің түрлеріне тоқталатын болсақ. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының бір түрі – әлеуметтік патронаж, алдын-алу, бақылау, бейімдеу мақсаттарымен отбасының үйіне бару, бұл отбасымен ұзақ мерзімді байланыс ұстауға мүмкіндік береді. Оның проблемалық жағдайы дер кезінде анықталып, уақтылы көмек көрсетіледі.
Қолайсыз отбасының түрлерін атап өтетін болсақ:
Алкогольге тәуелді отбасылар. Психологтар көрсеткендей (Б. С. Братусь, В. Д. Москаленко, Е.М. Мастюкова, Ф. Г. Углов и др.), мұндай отбасындағы ересектер ата-ана жауапкершілігін ұмытып, алкогольдің жалған өміріне толығымен беріліп кетеді, бұл кезде қоғамдық және адамгершілік құндылықтар жоғалады.
Даулы отбасындағы келеңсіз жағдай (жоғары дауыста сөйлесу, ашушаңдық жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастың нормасы боп есептеледі) немесе, тыныш (жұбайлық қарым-қатынастар бірін бірі елемеумен ерекшеленеді, өзара қатынастан аулақ болуға тырысады) баланың тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тиізеді және ауытқушылық мінез- құлықтың пайда болуына жалғасып, әлеуемттік және рухани құлдырауға әкеледі.
Сенімсіз отбасы. Оның басым белгісі – қоршаған ортаға (көрші, таныс, жұмыстағы әріптестері, отбасы мүшелері араласатын мекеме қызметкерлері) асқан сенімсіздік. Отбасы мүшелері алдын-ала барлығын жақсы ойламайды немесе мүлдем селсоқ, ал олардың отбасына деген қарым- қатынасқа түсу туралы ойларын қауіпті деп қабылдайды.
Педагогикалық дәрменсіз отбасы – жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі және психологиялық-педагогикалық мәдениеттің болмауынан жасөспірім отбасындағы алған тәрбиесі қалыпты деп ойлап ортада мәдениетсіз әрекет етеді.
Әлеуметтік емес отбасы – көпшілік мақұлдаған әлеуметтік нормалар мен талаптарды елемеу жағдайы. Осы отбасыларда баланың психикасы мен тәртібінде (ерте жастан басталған алкогольдік, нашақорлық, үйден қашу және қаңғыру, жезөкшелік, суицид және девианттық тәртіптің басқа да түрлері) ауытқуды қоздырып бала дербестігін өзгертеді.
4. Миға шабул әдісі (топтық жұмыс)
Топқа бөлу: фигуралар беріледі (фигураға сәйкес топ құраылады).
Қатысушылар үш топ («Әлеуметтік педагогтар мен психологтар», «Сынып жетекшілер, тәлімгерлер», «Қоғамдық органдардың қызметкерлері») құрайды. Әр топқа тапсырма беріледі. Олар ватман қағазға өз ойларын ортаға салып, жазады. «Әлеуметтік педагогтар мен психологтар» тобы "Қолайсыз отбасыларға кімдер жатады? Олардың пайда болуының себептері" тақырыбы бойынша жұмыстанса, ал «Сынып жетекшілер, тәлімгерлер» тобы "Қолайсыз отбасы балаларымен бойынша әлеуметтік педагогтар мен сынып жетекшілер қандай жұмыс жүргізу керек?", «Қоғамдық органдардың қызметкерлері» тобы «Мәселені шешу жолдары. Отбасыны дұрыс жолға қою мақсатында бірлесе қандай жұмыстар жүргізу керек?» тақырыбын ашуға тырысады. Әр топ жұмыс жасап болған соң, өз жұмыстарымен таныстырады. Кейін әр топ жұмыстарын алмастыру арқылы толықтырады
5. Пікір - талас
Әр топқа осындай сұрақтар қойғым келеді:
- Сіздің мектебіңізде осындай балалар бар ма?
- Осындай балалармен жұмыс жасауда қандай мәселелер кездеседі?
- Жұмыс жасауда немесе істеген кезде проблемалар болды ма?
- Сіздер осындай мәселелерді шешу үшін қандай әрекеттер жасадыңдар? Кімдермен бірлесіп бұл проблеманы шешуге тырыстыңдар? т.б.
6. " Білемін, Бүгін не білдім, Не білгім келеді"
«Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстануда әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлі» тақырыбы бойынша әр топ кесте толтырады. Кесте үш бағаннан тұрады. Олар 1-сі "Білемін", 2-сі "Бүгін не білдім", 3-сі "Не білгім келеді".
Қатысушылар тақырыпқа байланысты бүгінгі күнге дейін «Білемін?» Бүгін «Не білдім?" Кейін «Не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап береді.
7. Қорытынды.
Қорытындылай келе, елімізде қолайсыз жанұялардан шыққан жетім балалардың саны жылдан-жылға өсуі өзекті мәселе болып тұр. Сонымен бірге, әсіресе соңғы кезде жиі кездесетін жағдай ата-ананың бала өмірге келген соң, тіпті одан кейін де нәрестеден бас тартуы. Мұның барлығы да тұрмыс пен адам баласының санасына байланысты екені белгілі. Дегенмен, «тәрбие басы – тал бесік» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне бұл іс, әрине қарама-қайшы әрекет болып табылады.
Кейбір адамдар сана-сезімі, ақыл-есі дұрыс бола тұрса да, бауыр еті баласына қолйлы жағдай жасай алмайды. Мұндай әрекеттер дәл осы тұста бой көрсетіп те қалады. Осындай жағдайдағы балаларды балалар үйіне өткізуден басқа лаж жоқ. Ал, мұндай іске бару – қиянаттың қиянаты.
"Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстану үшін ұсыныстар"
1) Баланың қоршаған ортасында, ұжымында, тобында өзіндік орны бар екендігін сезіндіру.
2) Егер бала қандай–да бір ортаға бейімделе бастаса, оның да жақсы жақтарын ала білуін ұғындыру. Әр баланың міндетті түрде ұжым мүшесі болуын күштеу қажет емес, себебі, әрбір жеткіншектің өзімен – өзі жеке қалуды ұнататын сәттері болатынын еске сақтау керек.
3) Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына көмектесе отырып, әрқашан мадақтау, қолпаштау.
4) Өзіне деген сенімін арттыру үшін баланың жұмыстарынан (суреттерінен, шығармаларынан т.б.) көрме ұйымдастыру.
5) Өз ойын ортаға салып, ашық пікір білдірген шақта баланы мақтау сөздермен көтермелеу маңызды.
6) Баланың қызығушылық танытатын пәндері бойынша жұмыстануына көңіл бөлу шарт.
7) Өз сезімдерін білдіруіне жағымды жағдай жасап көмектесу. (сурет салу, ағашпен жұмыс жасау, қуыршақ әзірлеу, дауыстап әңгіме оқу, музыка тыңдау, ән айту т.с.с.)
8) Баланың тұлға ретінде ашылуына жағдай туғызу. (мысалы, кейбір мәселені шешу үшін баланың көмекгіне жүгіну, т.б.)
9) Баланың кім болғысы келетінін, айналасындағы достарының әсерін білу мақсатында өз теңі ретінде қабылдап ашық сөйлесу немесе белгілі жұмысты атқаруда бірлесе отырып жұмыстану.
10) Әр күн сайын баламен атқарған жұмысыңды талдап, есепке алып отыру.
8. "Бала - өмірдің гүлі" тренингі.
Өзімнің жұмысымды жағымды көңіл күймен аяқтау мақсатында тренинг өткізгім келеді. Осы жерде отырған әр педагог, мұғалім балалармен жұмыс жасайды. Келесі орындайтын жаттығуымыз «Бала - өмірдің гүлі». Бұл ұғыммен барлығымыз келісеміз бе? Мұғалімдерге алдын ала дайындалған түрлі түсті қағаздар үйлестіріп беріледі, гүлдің суретін салып, қиып алады. Содан соң олар барлық балаларға немесе мектептің оқушыларына жүректерінен шыққан жақсы тілектерін жазып, тақтадағы ватманға жапсырады. (Ватманда даланың суреті, гүлдердің талдары салынып тұрады). Гүлдерін талдардың үстіне жапсырып, плакатты «гүлдер әлеміне» айналдырады.