Материалдар / Қолдағы алтынның қадірін біл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолдағы алтынның қадірін біл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәуелсіздікке тағзым тақырыбындағы тәрбиелік іс шараға кіреді. Бастауыш сынып жетекшілері тәрбие сағатында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

15.12.2016ж

Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздікке тағзым!

Сабақтың тақырыбы:     Қолдағы алтынның қадірін біл!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
    Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері: Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.


Тәрбие сағатының барысы
Орындарынан тұрып
Қ.Р. Әнұранын орындайды.
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?

-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?


-Тәуелсіздік туралы не білеміз? Топтық жұмыс

-Тәуелсіздік - егемендік, өз мәселесін өзі шешу дегенді білдіреді.

Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
- Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық     тарихы бар.

Қазір қазақ халқының жағдайы, шүкір, ешкімнен кем емес, ел басшымызбен бірге алдыңғы қатарлы мемлекеттермен теңесуді мақсат еттік, оған да қол жеткізіп келеміз.
Алдағы мақсатымызға жету үшін алдымен қолдағы барымызға да қанағат етіп, еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізге тәу етуіміз керек деп ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар?


Балалардың ойын, пікірін тыңдау


Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті үш ғасырға жуық уақыт бойы армандап кеткен. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан не өтпеді. Қаншама ерлеріміз халық қамы үшін қан кешіп құрбан болған. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді , талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады , күресе білді. Азаттық таңы ерте ме-кеш пе туатынына кәміл сенді.
Енді осы тәуелсіздік бізге қалай келді , тәуелсіздігімізді алғанға дейінгі кезеңді  бір сәт үзінділермен еске түсіре кетейік.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алды. 

- Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі            туралы заң қабылданды.
Тәуелсіздікке байланысты  қандай өлеңдер білеміз?

 Кәрім Н

Тәуелсіздік! Ата-бабам аңсаған,

Қаншама жыр арнады екен жан саған.

Көк байрағым желбіреген сәттерде,

Қадамыңа Қазақстан тамсанам!

Сәкен

Тұнып тұрған шежіре жыр- мекенім,

Сен дегенді сері өлең селдетемін.
Тұғырына мініп ап тәуелсіздік,

Ер жұртымды егемен ерлетемін!

Рахим

Тәуелсіздік таңы атып,

Нұрландырды таң атып,

Даламызды жаңартып,

Гүлге орады жерімді.

Шат-шадыман аймақ- нұр,

Бақыт құшты бар елім,

Астанамыз жайнап нұр,

Таңғалтып жер әлемін.

Қазыналы жерімнің,

Даңқы көкті кернейді

Тыныштығын елімнің,

Бесігінде тербейді.

Тарих қойнауынан слайд.

Иә , осындай қаншама азапты басынан кешкен қазақ халқымыздың  азаттық , тәуелсіздік ежелгі армандары еді . Жыл өткен сайын мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86-жылдың 16 желтоқсаны  барша қазақтың жүрегін сыздатып ,  көңілдерге   жара салды.
Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің  18-минутқа созылған қысқа уақытта өткен пленум болды. Сол пленумда Республика компартиясы Орталық комитетінің 1-хатшысы , Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевті қызметінен босатты. Оның орнына саяси бюроның шешімімен Григорий Колбинді сайлады.  Бұл шешімге наразылығын білдірен жастар алаңға шықты.

Өздерің естіп отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді.  Міне осындай тәуелсіз , азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар көрді.

Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.

Рахман

Аспандай көгілдір,

Елімнің жалауы.

Күні тұр, төгіп нұр,

Жалындаған алауы.

Байрағым айғағы,

Елдіктің , ерліктің.

Қыраны, айбары

Еркіндік ерліктің.

Альфия

Күн сынды өрнегі

Жүрекке құйып нұр.

Жалтылдап өрнегі

Асқақтап биік тұр.

Көк туым байрағым,

Тұрса өрде желбіреп,

Желкілдейді айдарым,

Қараймын елжіреп


Қаршыға

Елтаңбамыз- айбарым,

Жадыратып аймағын,

Қосқанатты пырағым,

Желкілдеткен айдарын.

Байрағым бар көгілдір,

Күміс күні төгіп нұр.

Көкте самғап қыраны,

Шартарапты шолып жүр.

Әли:

Халқым қалап қоштаған,

Әнұраным - асқақ ән.

Үнін, тілін ұғамын

Тым ерекше басқадан.

  Сергіту сәті: «Бейбітшілік әні» Інжу мен Шұғыланың орындауында тыңдау


1 желтоқсан тұңғыш рет, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев күні болып тағайындалып , тойланды.

Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды , танып  қана қоймай еліміздің осы аздаған уақытта жеткен  жетістіктеріне қызғанышпен , қызыға қарайды. Біз  осындай тәуелсіз,  бірлігіміз жарасқан , бейбітшілік орнаған  елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл бес ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде  білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден –бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары.
Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі , Қазақстанның кезекті биік белесі: Астананың  
ЕХРО-17 халықаралық көрмесін өткізу. Бұл дүниежүзілік көрме өткізу арқылы  еліміздің  беделін тағы бір рет  барша әлемге танытатын боламыз.Астана  тағы да әлемнің 160 мемлекетінің бірауызды ықыласты қолдауына ие болды. Батыс пен шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астана өзінің тарих сахнасында салтанат құрған осы бір 18 жыл ғұмырының ішінде талай-талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай жаһандық биіктерді бағындырды.
Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе –Астана , Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Астана – бүкіл Қазақстан халқының  мерейі мен мәртебесі.Алғашқы күннен мемлекеттік құрлымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі елдік тұғырымызды шайқамай , өркендеудің озық үлгісі негізінде бүгінгі күнге жеткізді.

Жанель

Нұрын күндей шашатын,

Құшағын кең ашатын.

Гүл жайнаған Астана,

Айбыны асқақ, бас қала!

Астана - ел жүрегі,

Бәйтерек - ел тірегі.

Көк аспандай мөлдіреп,

Туымыз тұр желбіреп.

Таңатар:

Жұлдыздай жайнап тұр,

Арудай қалам астанам,

Өркенді елдің ұланы,

Шалқытып жарқар, асқақ ән,

Қырмызы бақтай гүл ашқан,

Жайдары жүзді ұл-қызы.

Арманы көкке ұласқан,

Отанның бізбіз жұлдызы.

Ғасырын жаңа бастаған,

Қазақты әлем біледі.

Мерейі асқақ Астанам,

Мәңгілік елдің жүрегі.

Дүние жүзі қазақты таныды. Қазақстанды білді.


Тәуелсіздікке байланысты оқушылардың шығарған өлеңдерін тыңдау.

    

 ----Тәуелсіздік мейрамына  тілектеріңді  немесе өз ойларыңды мына беттерге  сурет арқылы бейнелеп айтып беріңдер.

Рахим Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін,шат заман!...

Мен: Әлемге - Тәуелсіз,

Қазақпын,-деп мақтанам!

Қарақат

Жыр арнадым, еліме тебірене,

Үміт артам, елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы 25 жыл толып,

Отаным жылдан жылға көркеюде.

Елім бейбіт, тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

--Осындай қарыштап дамып келе жатқан   Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз ?

-Тәртібімізбен, сапалы білімімізбен  үлес қосамыз.

-Озық технологиялармен жабдықталған мектепке қол жеткізген ұрпақтармыз.

-Интернет  жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған ,  білімге құштар оқушылармыз.

-Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз

-Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз

-Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау оқушылармыз.

-Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Эссе

Мен бүгін сабақтан қандай әсер алдым?

Қорытынды: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес.

Қолдағы алтынымыз Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін жүрек пен білім , талант  пен талап керек.
Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік . “Сен де бір кірпіш  дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын

Жаса, Қазақстан! (Медет пен Ақбөпенің орындауында)

Әнімен сабақты аяқтау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!