Материалдар / Қолданбалы курс «Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолданбалы курс «Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолданбалы курс «Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы» 10-11 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
67
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің № 121 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Авторлық бағдарлама

«Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы»




Бағдарламаны құрастырушы: Исабекова Айзере Оркеновна

Қызметі: Биология пәні мұғалімі

Бағдарламаның әзірленген жылы: 2023 ж












Түсінік хат

Бағдарламаның авторы – Исабекова Айзере Оркеновна, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің № 121 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 5 жыл. Бағдарламаны ұйымдастырудың себебі, сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын оятып, белсенділіктерін арттыруға көмектеседі. Оқушының шығармашылық, ізденіс, зерттеушілік қабылеттерін дамыта отырып, олардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негізделген. Авторлық бағдарламасы білім стандартына сай жасалған және оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуына мүмкіндік туғызады. Қолданбалы курс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер білім алушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға, танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға, сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретеді. Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнының критерийлеріне сай бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.



























«Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы» қолданбалы курсының бағдарламасы

(Барлығы-36 сағат, аптасына-1 сағат)

Бағыты: Жаратылыстану- математикалық

Өзектілігі: «Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы» курсы 11 сынып білім алушыларына арналып құрастырылған. Бұл қолданбалы курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады. Қолданбалы курстын негізгі бағыты оқушыларды белгілі бір ғылым саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру. Осы курс арқылы әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтауға  тиімді жағдай жасау. Оқушылардың пәнмен байланысты болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру.

Мақсаты:

Жануарлар мен өсімдіктер физиологиясы бөлімінен алған білімдерін тереңдету;

Оқушыларды биологиямен байланысты мамандықты таңдауға бағыттау;

Міндеті:

- Пәннен алған білімдерін тереңдету;

- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

- Анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, АКТ жұмыс жасап, еркін ақпарат көздерін пайдалана білуге баулу;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетінше іздене алады. Пәнге қызығушылығы артады шығармашылық тұлға қалыптасады.

Білім алушыларға қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін,  басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

Тексеру әдістері: деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.









Бағдарламаның мазмұны

1.Жануарлар физиологиясы бөлімі

1.1Кіріспе. Жануарларды жүйелеу. Жануарларды жіктеу. Омыртқалы және Омыртқасыз жануарлар.

1.2 Жануарлар жасушасының негізгі құрылымдық компоненттері. Жануар жасушасы. Ядро. Цитоплазма. Митохондрия. ЭПТ. Гольджи аппараты. Рибосома. Лизасома .

1.3 Жануарлар ұлпасы. Эпителий ұлпасы. Дәнекер ұлпасы. Жүйке ұлпасы. Бұлшық ет ұлпасы.

1.4 Мүшелер жүйесі. Ас қорыту жүйесі. Қан тарату жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Бөліп шығару жүйесі. Тірек-қимыл жүйесі.

1.5 Жануарлардың тірек-қимыл жүйесі. Жануарлар үшін қозғалыстың маңызы. Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Біржасушалы және Көпжасушалы жануарлардың қозғалу мүшелері.

1.6 Жануарлардың тері жабыны. Тері жабынының маңызы. Тері жабының эволюциясы

1.7 Жануарлардың ас қорыту жүйесі. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ас қорыту мүшелері

1.8 Жануарлардың зәр шығару жүйесі. Жануарлардың зәр шығару жүйелерінің ерекшеліктері

1.9 Жануарлардың тыныс алу жүйесі. Омыртқалы жануарлардың тыныс алу жүйесінің құрлысы

1.10 Жануарлардың қан айналым жүйесі. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қан айналым жүйесінің құрлысы

1.11 Жануарлардың жүйке жүйесі. Жануарларға тән жүйке жүйесінің типтері: диффузиялы, сатылы, түйнекті.

1.12 Мінез-құлықтың рефлекстік табиғаты. Шартсыз рефлекс. Шартты рефлекс.

1.13 Көбеюдің маңызы. Көбеюдің түрлері: Жынысты көбею. Жыныссыз көбею

1.14 Бөлім бойынша бақылау. Сынақ тапсыру

2. Өсімдіктер физиологиясы бөлімі

2.1Өсімдіктерді жүйелеу. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер.Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктер

2.2 Өсімдік жасушасының физиологиясы. Жасуша қабықшасы. Ядро. Цитоплазма. Пластидтер. Вакуоль

2.3 Өсімдік ұлпалар типі. Түзуші ұлпа. Жабын ұлпа. Негізгі ұлпа. Тірек ұлпасы. Өткізгіш ұлпа. Бөліп шығарушы ұлпа

2.4 Өсімдіктің вегетативті мүшелері. Тамыр. Сабақ. Жапырақ

2.5 Өсімдіктің генеративті мүшелері. Жынысты және жыныссыз көбею.  Гүл. Жеміс. Тұқым.Вегетативті көбею жолдары.Тозаңдану түрлері

2.6 Өсімдік онтогенезінің кезеңдері. Біржылдық. Екіжылдық. Көпжылдық өсімдіктер

2.7 Өсімдік пигменттері. Хлорофилл. Каротиноидтер. Антоцианда . Ликопин

2.8 Фотосинтез үдерісі. Фотосинтез фазалары

2.9 Өсімдіктердегі тыныс алуы. Тұқым және Тамыр арқылы тыныс алу түрлері

2.10 Өсімдік бөлінділерінің маңызы. Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары

2.11 Өсімдіктердегі қозғалыс. Тропизм және Таксис. Өсімдіктердің қозғалу ерекшеліктері.Жағымды және жағымсыз тропизм түрлері.

2.12 Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың маңызы. Фотопериодизм.Ұзақ және қысқа күн өсімдіктері.

2.13 Өсімдіктің өсу ерекшеліктері. Өсу үдерістері.Өсімдік өсуіне қатысатын ұлпалар

2.14 Өсімдік үшін судың маңызы.Судың негізгі қасиеттері

2.15 Транспирация. Транспирацияның өсімдік үшін маңызы

2.16 Өсімдіктерге сыртқы орта факторының әсері.  Климаттық факторлар. Физикалық факторлар. Биотикалық факторлар.

2.17 Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар. Макроэлементтер. Микроэлементтер.Органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар

2.18 Қорытынды сабақ. Сынақ сабақ























































Р/с

Тақырып

Сағат саны

Ұйымдастыру формасы

Мерзімі

Жануарлар физиологиясы


1

Кіріспе. Жануарларды жүйелеу

1

Дәріс


2

Жануарлар жасушасының негізгі құрылымдық компоненттері

1

Дәріс


3

Жануарлар ұлпасы

1

Топтық оқыту


4

Мүшелер жүйесі

1

Теле сабақ


5

Жануарлардың тірек-қимыл жүйесі. Жануарлар үшін қозғалыстың маңызы

2

Семинар


6

Жануарлардың тері жабыны

1

Теле сабақ


7

Жануарлардың ас қорыту жүйесі

1

Дәріс


8

Жануарлардың зәр шығару жүйесі

1

Топтық оқыту


9

Жануарлардың тыныс алу жүйесі

1

Дәріс


10

Жануарлардың қан айналым жүйесі

1

Конференция 


11

Жануарлардың жүйке жүйесі

2

Семинар


12

Мінез-құлықтың рефлекстік табиғаты

1

Дәріс


13

Көбеюдің маңызы

1

Дәріс


14

Бөлім бойынша бақылау

1

Сынақ сабақ


Өсімдіктер физиологиясы

15

Өсімдіктерді жүйелеу

1

Дәріс


16

Өсімдік жасушасының физиологиясы

1

Семинар


17

Өсімдік ұлпалар типі

2

Дәріс


18

Өсімдіктің вегетативті мүшелері

1

Семинар


19

Өсімдіктің генеративті мүшелері. Жынысты және жыныссыз көбею

2

Дәріс

Конференция 


20

Өсімдік онтогенезінің кезеңдері

1

Дәріс


21

Өсімдік пигменттері

1

Теле сабақ


22

Фотосинтез үдерісі

1

Семинар


23

Өсімдіктердегі тыныс алуы

1

Дәріс


24

Өсімдік бөлінділерінің маңызы

1

Теле сабақ


25

Өсімдіктердегі қозғалыс. Тропизм және Таксис

1

Дәріс


26

Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың маңызы. Фотопериодизм

1

Зертханалық сабақ


27

Өсімдіктің өсу ерекшеліктері

1

Дәріс


28

Өсімдік үшін судың маңызы

1

Топтық оқыту


29

Транспирация

1

Дәріс


30

Өсімдіктерге сыртқы орта факторының әсері

1

Семинар


31

Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар

1

Дәріс


32

Қортынды сабақ

1

Сынақ сабақ


Барлығы 36 сағат













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!