Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қолдаңбалы курс "Елтану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Фурқат атындағы №37 жалпы орта мектебінің 11 «А» сыныбына арналған география пәнінен «Елтану» қолдаңбалы курсының жоспары.
География пәнінің мұғалімі:Алтаева Жансая Сеиткасымовна.
2017-2018 оқу жылы
Келісемін______________ Бекітемін_________________
ДОІЖО Мектеп диреторы:
Түсінік хат
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныпқа арналған қолдаңбалы курс:Оқушылардың дүние жүзі елдерін тануы. Географиялық орны, жер аумағы, жер бедері, қазба байлықтары, шаруашылығы, экономикасы, мемлекеттік құрылысы, әлемдегі алатын орнын танып білуі. Үнемі жүйелеп ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялын дамытып отыру. Басқа елдермен Қазақстанды салыстыра отырып, туған жерді сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Тарихпен – мемлекеттік статустар жариялануы, гүлденуі, құлдырауы.
Тіршіліктанумен – табиғи зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
Қазақ тілі және әдебиетімен – сөз мәнері, сөз шеберлігін пайдалану. Осы аталған пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
Елтану курсында сарамандық жұмыс қатар жүреді, бұл жұмыстар барысында физика және химия пәндерінен алған білімдерін пайдаланады, сонымен қатар математика пәнімен де тығыз байланысты.
Курс мақсаты:
Оқушылардың дүние жүзі елдерін тануы. Географиялық орны, жер аумағы, жер бедері, қазба байлықтары, шаруашылығы, экономикасы, мемлекеттік құрылысы, әлемдегі алатын орнын танып білуі. Үнемі жүйелеп ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялын дамытып отыру. Басқа елдермен Қазақстанды салыстыра отырып, туған жерді сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу. География пәнінен ҰБТ, олимпиадалық тапсырмалар мен сұрақтарға нақты, жүйелі дайындау.
Курс міндеттері:
Әр тақырыпты қысқаша түсіндіру;
Әр өткен тақырыпқа қысқаша лекция(керек болса) жаздыру;
Пікір талас, дебат, ойын сабақтар, семинар сабақтар ұйымдастыру;
Картамен жұмыс жасау;
Географиялық есептер шығару;
Үй тапсырмасын жарыстыра отырып сұрау;
Әр өткен елді Қазақстанмен салыстыра отыру;
Әр тақырыпқа тест жазып келу(өздері құрастыру);
Бағдарламада теориялық білімділік нақты объектілер мен аумақтарды талдау, салыстыру және қорытындылау мақсатында сарамандық жұмыстар жүргізіледі.
Оқу-әдістемелік жоспар
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
Сабақтың түрі |
1 |
Кіріспе |
1 |
|
Лекция |
2 |
Еуропа елдері.Батыс Еуропа |
1 |
|
Аралас |
3 |
Орталық және Оңтүстік Еуропа |
1 |
|
Бейне-лекция |
4 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Теориялық білімді практикамен ұштастыру |
5 |
Балқан елдері |
1 |
|
Аралас |
6 |
Шығыс Еуропа елдері |
1 |
|
Лекция |
7 |
Азия елдері.Кіші Азия.Кавказ |
1 |
|
Аралас |
8 |
Таяу Шығыс елдері |
1 |
|
Проблемалық |
9 |
Орталық Азия елдері |
1 |
|
Интерактивті |
10 |
Оңтүстік,Шығыс,Оңтүстік-Шығыс Азия елдері |
1 |
|
Аралас |
11 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Есеп шығару |
12 |
Аустралия Одағы және Мұхиттық аралдар елдері |
1 |
|
Саяхат, интерактивті |
13 |
АҚШ мен Францияның иелігіндегі елдер |
1 |
|
Аралас |
14 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Білімді бекіту |
15 |
Солтүстік Америка елдері |
1 |
|
Лекция |
16 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Бақылау жұмысы |
17 |
Қорытындылау |
1 |
|
Қайталау |
18 |
Орталық Америка елдері |
1 |
|
Интерактивті |
19 |
Кариб бассейніндегі аралдық мемлекеттер |
1 |
|
Саяхат |
20 |
Ұлыбритания және АҚШ иелігіндегі елдер |
1 |
|
Лекция |
21 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Өткен материалды пысықтау |
22-23 |
Оңтүстік Америка елдері |
2 |
|
Лекция, аралас |
24 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Бақылау сабағы |
25-28 |
Африка елдері |
4 |
|
Аралас,лекция,интерактивті |
29 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Саяхат,аралас |
30 |
Тест жұмысы |
1 |
|
Бақылау сабағы |
31-32 |
Халықаралық Ұйымдар |
2 |
|
Лекция,аралас |
33 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
Есеп шығару |
34 |
Қорытынды |
1 |
|
Қайталау |
Курс мазмұны
Кіріспе 1 сабақ
Қазіргі уақыттағы дүние жүзі саяси картасындағы елдердің орнын анықтау. Дүние жүзінің дамыған, дамушы, артта қалған елдер, олардың ішкі, сыртқы байланысының даму бағытына сипаттама жасау. Халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай топтастыру.
Еуропа елдері. Батыс Еуропа елдері. 2 сабақ
Батыс Еуропа елдеріне Исландия, Британ аралдарындағы елдер, Скандинавия түбегіндегі елдер және құрлықтық елдер жатады. Көпшілігі конституциялық монархия. Батыс Еуропа елдеріне ірі экономикалық державалар Гермаия, Франция, Ұлыбританиядан бастап ең кіші Люксембург те жатады. Халық тығыз орналасқан. Норвегия, Швеция, Дания, Германия, Финляндия орманды территория. Ауыл шаруашлық өнімдер, ірі өнеркәсіп орындар, қызмет көрсету, банк ісі, туризм дамыған. Батыс Еуропаның көпшілік елдері Еуроодаққа мүше елдер.
Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері 3 сабақ
Орталық Еуропа елдері орташа және кіші мемлекеттерден тұрады. Ең ірісі – Польша. Оңтүстігінде Альпі тауы орналасқан. Швейцарияда соңғы 200жылда ешқандай соғыс та, қақтығыстар да болған емес, 1815 жылдан бастап тұрақты мемлекет. Австрия тауымен, тарихи, мәдени орталығымен әйгілі. Лихтенштейн ең кіші мемлекет. Венгрия теңізге шыға алмайтын ел, есесіне Дунай өзені Будапештті екіге бөліп тұр. Польшаның қазіргі шекарасы 1945 жылы белгіленген. Словакия 1993 жылы Чехословакияның бөлініунен пайда болған мемлекет.
Оңтүстік Еуропа елдері – Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Франция және Испанияның ортасында парламенттік мемлекет Андорра орналасқан.Италия жоғары дамыған индустриальды-аграрлық ел. Сан-Марино дүние жүзіндегі ең кіші үш мемлекеттің бірі, Ivғасырда құрылған. Словения бұрынғы Югославияның бір бөлігі, 1991 жылы тәуелсіздігін алған. Мальта Жерорта теңізі Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан ел.
Практикалық жұмыс 4 сабақ
Оқушылар өздері құрастырған тест жұмыстарын бір біріне алмастыра отырып орындайды, қатемен жұмыс жасайды.
Географиялық есептер шығару арқылы ҰБТ мен олимпиадалық есептерді шығара білуге жаттығу.
№1. Эхолотпен су түбіне жіберілген дыбыс 8,46секунтта қайтып келді. Су түбінін тереңдігі қанша?
Жауабы: Судағы дыбыстың жылдамдығы 1500 м/сек.
8,46×1500=12690
12690:2=6345 метр тереңдік.
№2. Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19°C болса, 4700 метр биіктіктегі нүктеде температура қанша?
Жауабы: 4,7 км×6=28,2 19-28,2=-9,2°C
Балқан елдері 5 сабақ
Балқан түбегінде орналасқан елдер: Хорватия мемлекет ретінде IX ғасырда құрылған. ХХ ғасырда Югославия құрамына кірді. Ал 1991 жылы тәуелсіз республика болды. Босния және Герцеговина 1992 жылы Югославиядан тәуклсіз алған. Сербия мен Черногория бұрынғы Югославия құрамындағы елдер.2002 жылдары бір мемлекет болып қосылды. Қазір бұл аймақта 8тәуелсіз республика бар. Албания Еуропа елдері арасындағы ең кедей артта қалған елі. Греция әлемдегі өркениет орталығы.
Шығыс Еуропа елдері 6 сабақ
Орталық Еуропадан – Орал тауына дейін, Баренц теңізінен – Қара теңізге дейінгі аралықтағы елдер. Көпшілігі теңіз жағасында орналасқан. Эстония, Латвия, Литва, Белорусь, Украина, Ресей Федерациясы, Молдова бұрынғы КСРО мемлекеттері.Латвия, Литва, Эстония 2004 жылы Еуроодаққа кірді. Бұл одақтың құрамын Румыния мен Бельгия толықтырды.
Ресей әлемнің ең үлкен елі. Еуропалық бөлігі елдің біршама дамыған аймағы.Ірі қалалары осы аймағында орналасқан.Ресей Федерациясының құрамына 21 республика, 49 облыс, 6 өлке, 10 автономиялық округ, 1 автономиялық облыс, 2 федеральдық қала кіреді.
Азия елдері. Кіші Азия. Кавказ елдері 7 сабақ
Бұл аймақтар Жерорта, Қара, Каспий теңізіне шыға алатын елдер. Еуропа мен Азия арасында орналасқан. Түркияның 97%- Азияда, 3%- Еуропада. Кипр аралдық мемлекет. Кавказдағы Армения, Азербайджан, Грузия 1991 жылы КСРО құрамынан шыққан елдер. Бұл елдерге керемет теңіздік және таулы демалыс орындары, қайталанбас тарихи өсімдіктер мен мәдениет тән.
Таяу Шығыс елдері 8 сабақ
Таяу Шығыс - жердегі көне өркениеттің және әлемдік діндер – ислам, христиан, иудаизмнің отаны. ХХ ғасырда Парсы шығанағы аймағында мұнай қорының мол көзі ашылды. Бұл аймақтарда табиғи байлық, территория үшін әскери қақтығыстар тоқтамай тұр.Осы уақытқа дейін палестиндер мен израиль арасында жер үшін дау бітпей отыр. Таяу Шығыстағы Араб елдеріне абсолюттік және конституциялық монархия тән.
Орталық Азия елдері 9 сабақ
Орталық Азия елдерінің бір бөлігі көне Ұлы Жібек жолының керуен бағытында орналасқан. Ауғанстаннан басқа елдер бұрынғы КСРО қарамағындағы елдер. Қазір ТМД-ға мүше елдер. Бұл аймақтағы артта қалған елдерге – Тәжікстан мен Ауғанстан жатады. Қазіргі уақытта бұл аймақта табиғи қорға бай, ірі өнеркәсіпті, саяси тұрақтылығы жоғары ел – Қазақстан.
Оңтүстік, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері 10 сабақ
Оңтүстік Азия – көне мәдени өркениеттің бірі, Таулы, қырлы,шыңды елдер мен жазықты елдер орналасқан. Құрғақшылықты аймақтағы жері көп,халық тығыз орналасқан – Үндістан. Мұнда артта қалған, экономикалық ахуалы нашар, халқы көп елдер бар.Аралдық мемлкет – Шри-Ланка.
Шығыс Азия – көп ұлтты аймақ.Жерінің көпшілігін Қытай алып жатыр.Тибет таулы қыраты, Гоби, Такла Макан шөлі – Қытайдың құмды шөлдері. Азияның ең дамыған елі – Жапония аралдық мемлекет. Жапония, Корея әлемдік экономикадасауда бірлестіктерде өз орны бар елдер.Қытай дамушы елдердің алдыңғы қатарында.1948 жылы Кореяның солтүстік бөлігі КХДР, оңтүстігі КР болып құрылды.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне Үнді және Тынық мұхитының 15000 астам аралдары кіреді. Оның 13 660 аралы Индонезияның құрамында.Ең ірі аралы Калимантан.Мұнда Индонезия, Малайзия, Бруней елдері орналасқан.Бұл аймақтағы Вьетнам,Камбоджа,Лаос артта қалған елдер.
Практикалық жұмыс 11 сабақ
Картамен жұмыс (номекнклатура)
Есеп шығару. №1 Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді.Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді: -3-5,-8,-10,-4,+4,+7,+2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?
Жауабы: -3+(-5)+(-8)+(-10)+(-4)=-30
4+7+2=13
30-13=-17
Аустралия Одағы және Мұхиттық аралдар 12 сабақ
Ең ірілері: Папуа-Жаңа Гвинея ,Аустралия,Жаңа Зеландия,Ниуэ,Кука аралдары – Жаңа Зеландия иелігінде. Бұл елдер табиғи қорымен әйгілі.Аустралияның көп жерін шөл алып жатыр, халықтың көп шоғырланған жері – Шығыс Аустралия.Мұхиттық аралдағы тәуелсіз республикалардың ішіндегі ең жоғары дамығаны –Фиджи Республикасы.
АҚШ пен Францияның иелігіндегі елдер 13 сабақ
Гуам және Солтүстік Мариан аралдары АҚШ-тың Тынық мұхитындағы ең ірі әскери базасы.Солтүстік Марианды 1521 жылы Ф. Магеллан ашқан. Гуам аралында бірнеше жанартаулар бар. Франция иелігіндегі арал – Жаңа Каледонияны 1774 жылы Д. Кук ашқан. Ал Уоллис және Футуна аралдары тәуелсіздік алуға талпынуда.
Практикалық жұмыс 14 сабақ
Өткенді үнемі қайталап отыруды дағдыға айналдыру мақсатында термин сөздерді, номенклатураны қайталау.
Тест жұмысын орындау.
Солтүстік Америка елдері 15 сабақ
Гренландия – Дания иелігіндегі арал. Канада, Бермуд аралы. Гренландия - Данияға қарайды, бүкіл арал мұз құрсауында. Канада - жер көлемі бойынша дүние жүзінде екінші орында, Ұлыбритания Корольдігі басқаруындағы Достастық мүшесі, көлдер мен өзендері көп, орман ресурсынан дүние жүзінде алдыңғы орында.Бермуд аралы – Атлант мұхитындағы шамамен АҚШ-тан 900 шақырым қашықтықта жатқан ел, Ұлыбритания иелігінде, 150-ге жуық аралдардан тұрады, аралды 1522 жылы испан теңізшісі Х. Бермудес ашқан. АҚШ 1867 жылы ең ірі штаты Алясканы Ресейден сатып алған.
Практикалық жұмыс 16 сабақ
Өзіндік жұмыс орындау. Оқушылардың І жарты жылдық бойынша алған білімін тереңдету мақсатында жеке тапсырмаларды орындау(кеспе, кесте, есеп, тест, логикалық сұрақтар, экспресс сұрақтар).
Қорытындылау. 17 сабақ
Қайталау арқылы қатемен жұмыс жасау. Білімдерін шыңдау, картамен жұмыс жасау, тест сұрақтарын талдау.
Орталық Америка елдері 18 сабақ
Орталық Америка елдері Солтүстік және Оңтүстік Американы жалғастырып тұр.Орталық Американың ең үлкен мемлекеті – Мексика. Одан басқа 7 ел бар. Бүкіл Орталық Америка таулы, белсенді әрекет етуші жаңартаулары бар. Негізгі халықтары селоларда тұрады. Орталық Америка көне өркениеттің отаны – ежелгі ацтектердің, майялардың мекені. XVI ғасырда бұл аймаққа Испан жаулаушылары келіп, бірнеше соғыс пен қақтығыстар болды.
Кариб бассейніндегі аралдық мемлекеттер 19 сабақ
Кариб бассейніндегі тәуелсіз мемлекеттерге – Куба, Гаити, Доминикан, Доминика, Тринидад және Табаго елдері жатады. Ең үлкен әсем аралдардың бірі – Куба, Батыс жарты шардағы жалғыз социалистік мемлекет. Бұл аймақтың ең кедей, саяси тұрақсыздық қалыптасқан елі – Гаити. Доминика 1978 жылға дейін Ұлыбритания иелігінде болған.
Ұлыбритания және АҚШ иелігіндегі елдер 20 сабақ
Ұлыбритания Корольдігі басқаруындағы Достастық мүшелеріне жататын елдер саны 8. Ұлыбритания басқаруындағы 4 ел, АҚШ иелігіне
2 ел, Француз иелігінде 2 ел, Нидерланды иелігінде 2 ел орналасқан. Көпшілік аралдарда тропиктік климат қалыптасқан, жылы, теңіз, жағажай туризмнің дамуы елдердің экономикасының негізгі көзі болып табылады.
Практикалық жұмыс 21 сабақ
Картамен жұмыс жасау, кескін картаға мұхиттық арал елдерін түсіру, ірі порттарын белгілеу.
Оңтүстік Америка елдері 22-23 сабақ
Оңтүстік Американың солтүстік бөлігі құрлықтың ең үлкен бөлігі.Бұл аймақтағы жер аумағынан, халықтың өсуінен,табиғи байлығынан,
экономикалық даму сатысынан – Бразилия көшбасшы ел. Гвиана – Француз иелігіндегі мемлекет. Қалған елдері егеменді мемлекеттер. Венесуэла, Боливия ОПЕК-ке мүше елдер. Гайана бұрыңғы Британ колониясы. 1966 жылы тәуелсіздік алған Эквадор Анд елдеріндегі ең кішкентай ел.
Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігінде 4 мемлекет орналасқан. Жер бедері өте күрделі. Аймақтың ең ірі мемлекеті – Аргентина,латын тілінен аударғанда «күміс» деген мағына береді. Жергілікті халықтарының көпшілігі осыдан 400 жыл бұрын Еуропадан көшіп келгендердің ұрпақтары.Әулие Елена аралы Ұлыбританияның иелігінде, Африканың оңтүстік-батысында 1920 шақырымда орналасқан арал.
Практикалық жұмыс 24 сабақ
Есеп шығару, картамен жұмыс жасау.
№1.Ұшақ қанатында ауа температурасы -300С-ты көрсетті.Осы кезде жер бетіндегі температура +240С болса,ұшақ қандай биіктікке көтерілген?(Әрбір км биіктікке көтерілген сайын ауа температурасы -60С төмендейді).
Жауабы: (-30°)-24°=54°
54:6=9 км
№2
Барометр тау етегінде 740мм,ал тау басында 440мм көрсетсе,тау басының биіктігі қандай?(Әрбір 100м биіктеген сайын қысым шамамен 10мм-ге кемиді).
Жауабы: (740-440)×10=3000 м.
Африка елдері 25-28 сабақ
Солтүстік Батыс Африкаға 4 мемлекет және 1 дадамайлы территория енеді. Оңтүстігі әйгілі Сахара шөлімен жалғасады.Мароккодан Туниске дейін Атлас тауы жалғасып жатыр. Солтүстік Батыс Камерун 1961 жылы тәуелсіздігін алған.Конго, ОАР 1960 жылы Франциядан тәуелсіздігін алған. Кедей елдрерінің бірі Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Малави. Экономикасы дамып келе жатқан елінің бірі – Кения.
Оңтүстік Африка Жер шарындағы минералдық шикізатқа бай аймақтың бірі.Намиб, Калахари шөлдері, таулы қыраттар мен таулар бар. ОАР – халқы көп, өнеркәсібі дамыған, табиғат байлығының көптігінен әлемде алдыңғы орында.
Практикалық жұмыс 29 сабақ
Оқушының алған білімін қорытындылау мақсатында өзіндік жұмыстарды орындату.
1. Мыналарды өлшеу үшін қандай құралдар пайдаланылады:
Ауа қысымын – барометр
Желдің жыдамдығын – анемометр
Желдің бағытын – флюгер
Жауын-шашын мөлшерін – гигрометр
2. Жаратылыстанушы ғалымдар. Кестені толтыр:
Ғалым |
Оның жаратылыстануға қосқан үлесі |
Герард Меркатор |
Бірінші болып дөңгелек Жерді тегіс картаға қалай түсірудің жобасын жасады |
Әл-Бируни |
Диаметрі 5 метрлік географиялық глобус және астрономиялық құрал-сайман жасаған. |
Иоганн Кеплер |
Ғаламшарлардың айналу Заңын ашып, ғаламшарлар кестесін құрастырған. |
Карл Линней |
Жауарларды,өсімдіктерді – туыстарға,түрлерге классификациялау әдістемесін ұсынды. |
3. Алғашқы глобусты Мартин Бехайм қай жылы жасады?
4. Ежелгі мұхит қалай аталады?
5. Ежелгі материк қалай аталады?
6. Жер бедері деген не?
7. Архипелаг деген не?
8. Жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар не деп аталады?
9. гарнит, базальт, обсидиан қай тау жынысына жатады?
10. Жер бетіне шығып жатқан шипалы суларды не деп атайды?
11. Шығанақ пен бұғаздың айырмашылығы?
12. Африкадағы көлемін жылына 3 рет өзгертіп тұратын көл?
13. Анықтамаларын бер:
Өзен –
Арна –
Жайылма –
Бастау –
Саға –
14. Төмендегі өзендердің неліктен «ең ерекше» аталатындығын анықта:
Ніл –
Амазонка –
Ертіс –
15. Шамамен 20 км биіктікте орналасқан атмосфера қабаты?
Тест жұмысы 30 сабақ
Сұрақ – жауап тесті.
1. Кеме қатынасы екі айдан төрт айға дейін ғана созылатын мұхит?
2.Оңтүстік Америкада португал тілінде сөйлейтін мұхит?
3. 155 аралдан тұратын мемлекет?
4. Азия Даму банкіне Қазақстан мүше болған жыл?
5. 1991 жылы Мороккода ашылған ұлттық саябақ?
6. Ертегі әлемін елестететін Матобо паркі орналасқан мемлекет?
7.Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан шағын мемлекет?
8.Судың беткі қабатында тіршілік ететін организм?
9.Ауа-райының негізгі элементтері?
10. Гольфстрим ағысының әсерінен мұз қатпайтын теңіз?
11. 74мың гектар жерді алып жатқан қорық?
12. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы қанша?
13.Әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе биік шөп басқан табиғат зонасы?
14. «Малиус боката» алмасы қай қорықта өсіріледі?
15. Сейшель аралының негізгі тұрғындары?
16. 14 монархиялық мемлекет бар қай аймақта?
17. Тізеден келетін ормандар кездесетін табиғат зонасы?
18.Халқы ең сирек қоныстанған материк?
19. Ұшақ арқылы түсірілген жергілікті жердің суреті не деп аталады?
20. Арасан өзені ағып шығатын көл?
21. Африкадағы «қоныс аудару» капитализмі елі?
22. Еуропа мен Азияға Африка дүние бөлігін қосты?
23. Латын Америкасындағы ОПЕК-ке мүше ел?
24. АҚШ-ның металлургиялық ірі орталығы?
25. Орыс география қоғамы құрылған жыл?
26. Африканың ең таяз көлі?
27. Ежелгі миной халқы мекендеген арал?
28. Қазақстандағы мұздықтардың алып жатқан ауданы (км2) ?
29. Африка материгінде неше монархиялы ел бар?
30. Тибр өзеніндегі «мәңгі қала» ?
Халықаралық Ұйымдар 31-32 сабақ
Оқушыларды дүние жүзілік ұйымдармен таныстыру, ол ұйымдардың атқаратын қызметін зерттеу.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан.
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан.
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшлік етеді. НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды.
Практикалық жұмыс 33 сабақ
Картамен жұмыс жасау, есеп шығару, термин сөздерді қайталау.
№1.Сандық масштаб 1:1 000 000 болса,қағаз бетіндегі 135км жол неше см болады?
Жауабы: Атаулы масштаб бойынша 1см 10 км.
135:10=13,5 см.
№2
Сандық масштаб 1:40 000 000 болса,қағаз бетіндегі 12000км жол неше см болады?
Жауабы: Атаулы масштаб бойынша 1см=400 км
12000:400=30 см.
Қорытынды 34 сабақ
Қайталау сабағы ІІ жарты жылдықта өткен және жыл бойына өткен тақырыптарды қайталап, қорытындылау.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е.Нәбиев «Халықаралық экономикалық қатынастар». 2009ж.
2. Н. Неклюкова «Жалпы жер тану». 1980ж.
3. Н.Күнқожаев «Қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайы және болашағы». 1998ж.
4. Б.Бюжеева «Аймақтануға кіріспе». 2008ж.
5. Н. Баяндин «Атақты географтар». 1958ж.
6. О.Тұрғанбаева « Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы». 2008ж.
7. М.Мамыров, К.Мадиярова, Т.Қалдыбаева «Халықаралық экономикалық байланыстар». 1998ж.
8. С.Сахариев, А.Сахариева «Әлем экономикасы». 2006ж.
9. К. Гиффорд «Құрлықтар мен елдер». «Махаон» 2008 ж.