Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қолды жазуға үйрету" әдістемелік құрал
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Қостанай гуманитарлық колледжі" мекемесі
«Қолды жазуға үйрету»
Әдістемелік құрал
Құрастырған:Ергазина Б.К.
2018-2019 оқу жылы
Түсінік хат
Балалардың қолдарын жазуға
үйрету- аса жауапты да күрделі жұмыс.Сондықтанда бұл жұмысты
балабақшадан бастаған абзал. Бұл әдістемелік құрал мектеп жасына
дейінгі балалардың қолдарын жазуға үйретуге арналады. Әдістемелік
құрал арқылы балалар оңайдан күрделіге қарай тапсырмаларды
орындайды. Жоспарлы жүйемен жасалған бұл жұмыста балалар нүктені,
сызықты бастыру арқылы, ермексазбен және қайшымен қағазды қию
арқылы да қолдарын жазуға жаттығады. Әрбір элементтерін дұрыс
сақтап орындату керек.Таза, әдемі жазуды талап ету баланың әсемдік
сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,
тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.Бірақ бұл үрдіс баяу
қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен
тікелей байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың жазу дағдыларын
игеруі қиынға түседі. Себебі, олар ақырын қимылдайды. Балаларды
жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру
керек: балалардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру
қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет. Тәрбиеші
баланың дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын,
әріптің немесе бейненің формасын, тез немесе баяу жазуын байқап
отыруы керек. Мұның бәрі тәрбиешінің баламен жеке жұмыс істеріне,
ата – анасына кеңес беруге, үйге тапсырманы дұрыс беруге
көмектеседі. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы
біртіндеп қалыптасады. Тәрбиеші бұл үшін жұмыстың әр түрлерін,
оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген
жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын
арттырады. суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен
бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Баланың
жетекші әрекеті - ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі.
Әртүрлі зат бейнесін," геометриялық фигураларды штрихтау баланың
қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын активтендіреді. . Ал,
мүның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі
іс-әрекет. Әріп әлементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымең, оның
неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай
бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің
алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.
Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр әлементін жазудағы қимылдың
аяқталуы келесі элементтің басталатын. жерінде бітіп, әрі қарай
келесі элементке жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары
балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс» деп бағдарламада
көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын
жүргізу мұғалімнен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданылып
жүрген әртүрлі жаттығулар, айталық, әріптің тұтас бейнесін
көрсеттіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу
т.б. тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын
арттырады.
Баланың әлемі - бұл нақты заттың әлемі, егер
баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас
жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырып, қолдарын
жазуға баулиды. Олай болса, баланы көркем жазуға жаттықтыратын
жаттығу түрлерін қолдана білу – тәрбиешінің төл ісі. Бұл
әдістемелік құрал тәрбиешінің баламен жеке жұмыс жасауына да және
ата-аналардың балаларына жазуға үйретуде таптырмайтын құрал
болмақ.
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қолдарын әр түрлі тапсырмаларды жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру. Көркем жазуға баулып, баланың әсемдік сезімін оятып,шығармашылық қабілеттерін арттырып, саналы мінез құлқын қалыптастырып, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Балалардың қолдарын жазуға үйрету тәсілдерін қолдану;
- Тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру;
- Жұмыстың сапасына көңіл аудару;
- Жіберілген қателермен жұмыс жасату;
- Баламен жеке жұмыстар жүргізу;
Күтілетін нәтижесі:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қолдарын жазуға үйретуді әртүрлі тапсырмалар арқылы жүзеге асырып, олардың белсенділігін дамыту жеңілден басталып күрделенеді. Осы жұмыстарды жүйелі атқарған бала көркем жаза алатын сауатты шәкірт болып қалыптасады. Суреттерді бояу, сызықтар мен бейнелерді бастыру, нүкте, торкөзді сызу арқылы және баланың қолын ермексазбен және қағазбен қайшымен жұмыстарды ұйымдастыруда жазу машықтарын нығайтып,қол белсенділігі дамиды. Алуан түрлі тапсырмаларды орындау барысында , мектепке барғанда бала ешбір қиындықсыз сауатты да көркем жазуға бірден талаптанып кететін болады. Туындаған мәселелерге шығармашылықпен қарайтын, өзін-өзі реттейтін дағдыларды меңгерген тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Суретті әліппе. Торсықбаев Ә.А, Биомарова Г.Ә.Алматы кітап
2.Қазақ тілі. Суретті сөздік. Еденбаева З.Д, Искакова Р.А
3.Сауат ашу әдістемесі –Рахметова С. 2005ж
4.Сауат ашу бағдарламасы – 2003жыл
5.«Жазу үлгілері».-Алматы 2000-2002жыл
Перспективті жоспары
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Күзгі жемістер |
1 |
2 |
Әдемі гүлдер |
1 |
3 |
Қуыршақтың киімдері |
1 |
4 |
Менің үйім |
1 |
5 |
Көлік түрлері |
1 |
6 |
Жұлдызқұрт |
1 |
7 |
Тәтті кәмпит |
1 |
8 |
Алма ағашы |
1 |
9 |
Кеме |
1 |
10 |
Үйрек пен балапаны |
1 |
11 |
Машина жолдары |
1 |
12 |
Жәндіктерге көмектес |
1 |
13 |
Қызықты сызықтар |
1 |
14 |
Қисық және көлбеу сызықтар |
1 |
15 |
Түзу сызықтар |
1 |
16 |
Күннің көзі |
1 |
17 |
Көңілді күн |
1 |
18 |
Жануарлар |
1 |
19 |
Түрлі ағаштар |
1 |
20 |
Фигуралар |
1 |
21 |
Түрлі-түсті көбелектер |
1 |
22 |
Сандар сыры |
1 |
23 |
Саңырауқұлақ |
1 |
24 |
Ертегі елінде |
1 |
25 |
Көңілді кеме |
1 |
26 |
Инеліктер |
1 |
27 |
Жапырақ |
1 |
28 |
Қолшатыр |
1 |
29 |
Машина |
1 |
30 |
Аю мен қоян |
1 |
31 |
Сеуендегі піл |
1 |
32 |
Гүл мен көбелек |
1 |
33 |
Көркем жазамыз |
1 |
34 |
Ғажайып сандықша |
1 |
35 |
Таңбалар |
1 |
Мазмұны
Штрихтау ( 5 сағат ) Мақсаты: Балаларға қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, берілген сызбалар арқылы бейнелерді қосуға жаттықтыру, жұмысты аяғына дейін жеткізуге талаптандыру, белсенділікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сызықтар ( 5 сағат ) Мақсаты: Қолдарын үзбей тура, көлбеу, қисық сызықтарды сызуға үйрету. Геометриялық фигураларды бейнелеу арқылы танымдық белсенділігін арттыру. Тазалыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Нүкте ( 5 сағат ) Мақсаты: Тапсырмалардағы нүктелерді қосу арқылы балалардың қолдарын жазуға жаттықтыру,кеңістікті бағдарлауды дамыту, өз жұмысын бағалауға үйрету, шыдамдылыққа баулу.
Бастырып үйренеміз ( 6 сағат )
Мақсаты: Суреттегі бейнелерді қолдарын үзбей бастыруға үйрету, бастаған істі аяқтай білуге қалыптастыру, түстерді айырып, щығармашылық қабілеттерін шыңдауға баулу.
Бояуға үйретеміз ( 3 сағат )
Мақсаты: Сандарды санау арқылы түстерді ажыратып, суреттерді бояуға үйрету. Ойлау қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Шыдамдылыққа , әсемділікке тәрбиелеу.
Қайшы және қағазбен жұмыс ( 2 сағат )
Мақсаты: балалардың саусақ моторикасын дамыту, қайшымен қию әдістерін меңгерту, ептілікке, икемділігін қалыптастыру, ұжымдық жұмысқа шыңдау
Ермексазбен жұмыс ( 2 сағат )
Мақсаты: Ермексазды созу, шымшу, домалату, жапсыру әдістерін қолданып, қол белсенділігін дамыту, саусақ қимылдарын арттыру, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Торкөзбен жұмыс ( 8 сағат )
Мақсаты: Балаларды дәптер бетін бағдарлай білуге үйрету, торкөзді пайдаланып санау арқылы математикалық ұғымдарды бекіту, кеңістікті бағдарлап, қол белсенділігін дамыту, шыдамдылыққа , төзімділікке тәрбиелеу.