Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қолғабын жоғалтқан кім?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиешілер: Мульканова.Г
Арысова.А.
2017ж
\
Б алалар музыка ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші:
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жасыл шырша қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз.
Өзіңменен жаңа жылды,
Қарсы алуға келдік біз.
Балалар шырша ойыншықтарын қарап қызықтайды,атайды.
Жүргізуші:
Біздің шырша әдемі,
Өзі сұлу жап-жасыл.
Бірақ мұңды ,көңілсіз,
Шамдары оның жанбай тұр.
1,2,3,шыршан жан!
Балалар қайталайды,шырша шамдары жанбайды.
Жүргізуші: Балалар,біз дұрыс айтпадық па,қане,шыршамыздан қайтадан мейірлене сұрайық.
«Сұлу шырша күлімде,шашып нұрлы сәуле!»
Жүргізуші:
Алақай,шырша шамдары жанды!(бәрі қол шапалақтайды).
Шыршамызды айналып,ән шырқайық баршамыз!
Ән: «Кішкентай шыршамыз.».
Балалар орындарына отырады.
Тақпақтар:
Айша.Е: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқырап тұр шамдары
Шырша келді ортаға
Алтынай: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз –оны басқарды.
Азат: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптпен күткен сағынған
Қайсар: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын, Жаңа жыл
Амина: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Жүргізуші (шырша түбінде жатқан қолғапқа назар аударады,балаларға көрсетеді):
Балалар,қараңдаршы,шырша түбінде жатқан не?Қолғап...бұл мүмкін сендердікі шығар.
Жүргізуші балаларға көрсетіп шығады,бірақ ешкім білмейді.
Шырша түбінде кім билеген,қолғабын кім жоғалтқан?
Шырша түбінен қоян атып шығады.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Шырша түбінде билеп едім,қолғабымды жоғалттым! Енді қолым тоңып қалды.
Жүргізуші:Қоянды билеп,ойын ойнап,секіріп жылытайық
Жүргізуші қоянға келіп қолғапты кигізеді.
Жүргізуші:Қолғабыңда енді жоғалтпа!
Қоян:Сендерге көп рахмет!Енді қолым тоңбайды.
Жүргізуші (шырша түбінде жатқан екінші қолғапқа назар аударады,балаларға көрсетеді):Қызық екен,ал мынау кімнің қолғабы? Шырша түбінде кім билеген, қолғабын кім жоғалтқан?
Шырша түбінен қонжық шығады.
Қонжық: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Шырша түбінде қыдырып,қолғабымды жоғалттым!
Жүргізуші қонжыққа жақындап қолғапты кигізеді.
Жүргізуші: Ой, расымен қонжықтың қолғабы екен!Қолғабыңды енді жоғалтпа!
Қонжық рахмет айтып шырша түбіне қарай барып ұйықтамақшы болады.
Ж үргізуші: Қараңдаршы,балалар. Қонжық қолғапты киіп ,ұйықтамақшы. Ұйықтама,қонжық,балалармен ойна,биле.Қане,қонжықты қоянмен бірге биге шақырайық.
Би: «Тәтті қонжықтар мен көжектер»
Қуаныш-Мариям, Ерқосай-Айша .Қ, Әмір-Айкөркем, Азат-Дильназ,Қайсар-Перизат.
Қонжық:Сендерге көп рахмет.Мен кетейін,сау болыңдар!
Тақпақтар:
Айару: Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Ілияс: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Кәусар: Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың
Жүргізуші (шырша түбінде жатқан үшінші қолғапқа назар аударады,балаларға көрсетеді):Қараңдаршы,қандай әдемі қолғап?Мұны кім жоғалтқан?
Есік сыртынан Ақшақардың әні естіледі, ішке әндетіп кіреді.
Ақшақар:Неткен көп балалар,
Қыздар мен ұлдар бар.
Қыстан да,қардан да
Бораннан да қорықпаймын.
Аяз атаның немересі,
Ақшақар қыз мен болам.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Ақшақар!Мерекемізге келгеніңе қуаныштымыз.
Ақшақар: Ақ көрпесін жамылып,
Ұйықтап жатқан дала нұр.
Балаларды сағынып,
Келді міне,жаңа жыл!
Қандай әсем шыршамыз,
Он шар ойыншық,шамдар бар.
Сегіз алтын бүрі бар,
Алты көкшіл сүңгі бар.
Жүргізуші: Оның бәрін қайдан білесің?
Ақшақар:Аяз ата шыршаны әкелді,шыршаны әсемдеген мен.Сөйтіп жүріп қолғабымды жоғалтып алдым.
Жүргізуші (қолғапты көрсетіп): Мынау емес пе?
Ақшақар (қуанып): Осы,осы! Қолғабым табылды!
Жүргізуші:Қолғабыңда енді жоғалтпа!
Ақшақар: Қолғабымды тауып бергендерің үшін сендерге рахмет! Ал енді, бәріміз ұлпақарлармен билейік.
Би: «Ұлпақарлар»
Айша А, Ақерке, Айша.Б, Кәусар.Ғ, Айлиза.
Ақшақар: Мереке сондай көңілді өтіп жатыр.Бірақ Аяз атамыз неге кешікті екен?. Мүмкін ол адасып кеткен шығар.Қане,бәріміз оны дауыстап шақырайық.Ол біздің даусымызды естіп мерекемізге келеді.
Дауыстап шақырады: «Аяз ата, ау!!!»
Аяз ата келмейді.
Жүргізуші: « Шырша» биін билеп берейік.
Би: «Шырша»
Айша.Е,Кәусар.Д, Алтынай, Айару, Әмина.
Аяз ата келеді.
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым мен қыздарым,амансыңдар ма қымбатты қонақтар! Сендердің әндеріңді естіп дереу жеттім.Ақшақар қызым да келіп қапты.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып.
Әр жыл сайын сендерге
Келіп тұрмын сағынып.
Ал сендер билеп бересіңдер ме?Қане бәріміз шыршаны айналып би билеп,ән салып , ойын ойнап көңіл көтерейік.
Ән «Ақшақар»
А яз ата: Қандай өнерлі балалар!
Жүргізуші:
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Айша: Б: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Қуаныш: Жылдың әнін бастайын
Аяз –ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Ақерке: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағыныған
Сәлем берді жұртына
Әмір: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Билейміз , ән саламыз
Дильназ: Аяз ата аппақ
Печеньесі тәтәқ
Печенені көп берсе
Мен айтамын тақпақ
Мариям: Аяз ата келіп
Бізге сәлем беріп тұр
Сақалының ұзын –ай
Кесіп алсам шіркін –ай
Аяз ата (балаларды мақтайды): Ал қазір ойын ойнайық.Ақшақар қызым, балалардың арасында ептілері бар ма екен ,көрейік!
Ақшақар ойын шартын түсіндіріп Аяз атамен 1 рет ойнап көрсетеді.
Ойын «Шыршаны айнал да қоңырауды соқ».
Аяз ата:Сендермен сондай көңілді болды,бірақ менің жолға шығатын уақытым болды.
Ақшақар: Аяз ата,сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?
Аяз ата:Ұмытқаны қалай?Аяз ата балалармен ойнады ма?Шырша жанында биледі ме?Ән салды ма?Балаларды күлдіртті ме?Тағы нені ұмыттым?
Бәрі бірге: «Сыйлықтар».
Аяз ата: Жоооқ! Мен көңілді Аязбын – сыйлықтарды әкелдім.(кішкентай қапшықты алып шығады).
Жүргізуші: Мына кішкентай қапшықта барлық балаға сыйлықтар бар ма?
Аяз ата: Иә,бұл жәй сыйлықтар емес,сиқырлы сыйлықтар – қарлар!
Аяз ата мен Ақшақар қарларды балаларға таратады.
Аяз ата: Ал қазір бәріміз шыршаға жақындап сиқырлы сөздерді айтайық:Аппақ қарлар ұшыңдар,сыйлықтарға айналыңдар.
Балалар қарларды шырша түбіне қойып орындарына отырады.Жарық сөніп музыка әуені ойналады,жарықты жаққанда шырша түбінде қапшық пайда болады.
Аяз ата: Міне балаларға арналған сыйлықтарым!
Сыйлықтарды тарату.
Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасады.
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Үнемі көңілді жүріңдер.
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білекке қосқан үн,
Бақытты боп бастасын жыл дастанын.
Қуанышпен келсін той боп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт,достарым.