ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
2,3 курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ


Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері қашықтан оқуға көшті. Қол жетімді білім алуда білім саласының мазмұны түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Қ.Тоқаев: «Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» - деп атап өтті. Тұңғыш рет білім жүйесінде жаппай қашықтан оқыту форматы енгізіліп, бұл педагогтармен қатар студенттерге үлкен сын болды. Сондықтан, қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда қиындықтар туындағаны рас, соған қарамастан, ұстаздардың қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын күшейтіп жүргізді.

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Атап айтқанда, Қазіргі заман талабы – білім беру жүйесіндегі оқыту үрдісінің технологиялануы, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесіне интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқытудың енуі. Қашықтан оқыту бұл оқытушы біліктілігін көтеріп, білім алушының өз бетімен біліммен сусындауын қалыптастырып, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгерте бастады.

Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің оқу орнына бармай-ақ, интернет желісі арқылы берілген тапсырманы орындай беретіндігі белгілі.

Оқыту жүйесінде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескере отырып, білім беру жүйесін қалыптастыруда. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осыған байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды. Сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан зор. Оқытушыға жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол сабақтың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен байланыстырып бейімдейді, оқу үрдісінде тапсырмаларды қадағалайды, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар беріп отырады. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың цифрлық және интернет желілерін жетік біліп, олармен  іс жүргізу  ісін орындауы міндетті.

Педагог сыртқы интернет-сайттарда орналасқан ақпараттық объектілердің мүмкіндіктерін, электронды кітапханалар мен сөздіктер, тақырыптық сайттарға мамандандырылған ақпараттық ресурстар, білім беру порталдарында орналастырылған ақпаратты тарту арқылы білім беруді ұйымдастыруда.

Электронды түрдегі қажетті оқу-әдістемелік материалдары бар электрондық оқу-әдістемелік кешендерін толықтыруда.

Қорыта айтқанда, кез-келген істің бастауы қиындық тудырары сөзсіз. Ең бастысы – қашықтықтан оқытуды дұрыс жағынан пайдаланып, қиындыққа мойымай, бірге әрекет жасасақ, бағындырар биігіміз бен алынбайтын қамалымыз болмасына ешкім күмән келтіре алмас деген ниеттеміз.


Еркебаева Айсулу Жаксыкуловна

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің әдіскері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2021
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі