Материалдар / Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің топтық жұмыс түрінде Дәнекерлеудін арнайы әдістері» тақырыбына, металды қорғау, оны қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
939
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ»ММ

«ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК












«Кәсіптік оқыту» пәні бойынша


Әдістемелік нұсқаулық









Мамандық 1114000 – «Дәнекерлеу ісі»

Біліктілігі 111404 2 – «Электрогазымен дәнекерлеуші»















Т. Рысқұлов 2021 ж


КБЖ:___


Құрастырған: Е.Турлыбеков және Д.Әбдіжаппаров «Өндірістік оқыту» пәні бойынша, дәнекерлеу ісі жұмыстарын орындау әдістемелік нұсқаулары: ТАБСК -2021ж Оқу әдістемелік көмекші құралына газэлектрмен дәнекерлеу оқулығының негізіндегі электр доғалық пісіру, электргазымен пісіру тәсілдері бөлімдерін басшылыққа алынып, негізгі тәсілдеріне баса назар аударылған.

Т.Рысқұлов ___ бет 2021 ж.

Әдістемелік нұсқаулық 1114000 - «Дәнекерлеу ісі» мамандығының білім алушыларына арналған.


Қысқаша мазмұны: 1114000 - «Дәнекерлеу ісі» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы 1114000 – «Дәнекерлеу ісі» мамандығы 111404 2 –«Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15- мауысымдағы №384 бұйрығының 577 - қосымшасына сайкес әзірленді.



«Кәсіптік оқыту» пәндік циклдік комиссиясының мәжілісінде

(хаттама №_____) «__» ______ 2021 жылы қаралып, ӘӨК

бекітілуге ұсынылды

«Кәсіптік оқыту» ПЦК төрағасы _______ Б.С.Жадыра

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әдістемелік кеңесінің мәжілісінде

«____»________2021 ж. бекітілді (хаттама №_____)

Колледж әдіскері_______________________ А.С.Керимкулова

















Мазмұны:


1. Кіріспе ...................................................... 1

2.. Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен

технологиясы................................................... 3-9

4. Металды дәнекерлеу ............................... 10-13

5. Газбен пісіру............................................... 14- 15

6. Термитпен пісіру және дәнекерлеу............. 10-12

7. Пісірудің арнайы тәсілдері......................... 13-17

8. Металды пісіру ............................................ 18-22

9. Тест................................................ 23-38






































Кіріспе



Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, 1114000 Дәнекерлеу ісі кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында 1114000 Дәнекерлеу ісі мамандығына сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары. 5-тарау. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі 1- параграф. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі Әдістемелік - оқу құралында жаңа өмір талабына сай инновациялық жетістіктер ескеріліп, түрлі тәсілдер келтірілген. Әдістемелік - оқу көмекші құрал техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пісірудің арнайы тәсілдері мен оның негізгі түрлерлері туралы түсінік беретін оқу құралы. Мәселен тараудың тақырыпшалары толығымен қарастырылған.

Сонымен қатар студентердың ой ұшқырлығын дамытып білімдерін шыңдауға басты негіз бола алады немесе тәжірибелік жұмыстар қосымша көмекші ретінде. Осындай абыройлы істі жүзеге асыруда бұл оқулық пән педогогтын және студентерге көмекші құрал. Күрделі өндірісі ошақтарындағы құрылыс алаңдарындағы кездесетін жұмыс операцияларының әдіс - тәсілдерін жүзеге асыруда осы оқу құралынан жауап алуға болады. 111404 2 «Электрогазымен дінекерлеуші» біліктілігі бойынша ерекшеліктері студенттердің топтық жұмыс түрінде металдарды қолмен доғалы пісіруде газбен пісірушіден пісірілетін бөлшектерді,пісіру процесінің физикалық ерекшеліктерін,пісірілген жапсарлар мен қосылыстарды бақылау әдістерін білу,сондай-ақ пісіру жұмыстарын іс жүзінде дайындау және оттегілі газ жалынымен өңдеу, кесу, пісіру, балқытып қосу, дәнекерлеу және қыздыру сияқты металдарды газ жалынмен өңдеу игеру сондай –ақ металды қорғау, оны қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, мамандыққа байланысты мәтіндерді ауыспалы жұптық жұмыстар жүргізу арқылы меңгерту, кәсіби-іскерлікті жұмыстарды қолдану және көп іздену сабақта алынатын білімдерін меңгеруін және пайдаланатын доғалық пісіру мен газ жалынды дәнекерлеуді білуі. Таңдаған мамандығына және оқып отырған пәнге қызығушылығын арттыру, жұмысты ұйымдастыруға баулу, сөз мәнері мен мәдениетіне, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Студентердың ,өз мамандығын біліп үйрену және еңбек тәртібін жақсартады..








1


Тәжірибелік сабақ № 1


Тақырыбы: Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен технологиясы

Сабақтың мақсаты: Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен технологиясын білу: Студенттердің топтық жұмыс түрінде Дәнекерлеудін арнайы әдістері» тақырыбына, металды қорғау, оны қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, мамандыққа байланысты мәтіндерді ауыспалы жұптық жұмыстар жүргізу арқылы меңгерту, кәсіби-іскерлікті жұмыстарды қолдану және көп ізден сонымен қатар- онлайн сабақта алынатын білімдер, құрал-жабдықтарды меңгеруі және оттегілі кесу кезіндегі деформация туралы пайдаланатын газдарды білуі.

Студенттердің болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту


Құрал-жабдықтар: Арнайы киімдер, сызбалар, D3 электрод, кысқыш, белгі салғыш, Қорғаушы маскы.


Күтілетін нәтиже:

-Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

-Студенттер өзін және достарын бағалауға дағдыланады.

-Металдардың өңдеу процесін білу және оны қалай пайдалануды меңгеруі

-Металды кесуге дайындауын және Дәнекерлеудің арнайы әдістері - Студенттердің бір бірімен тыңдау білуі дағдылары қалыптасуы.

Қолмен доғалы дәнекерлеу техникасы мен технологиясы

Қолмен доғалы дңнекерлеу техникасы мен технологиясы Пісірудің физикалық мәні. Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып металл бөліктерін ажырамайтын етіп біріктіру үрдісін айтады. Аталған күштердің өзара әрекеттесуі үшін жалғанатын металдардың атомдарының ара қашықтығы 10 ‾8 см шамасында болуы керек, демек өзара қашықтығы металдардың кристалл торларының параметріне сәйкес болуы керек. Атомдар мен молекуларының осындай ара қашықтығын қамтамасыз ету үшін , пісірілетін материал беттері балқу температурасынан аса қыздырылып, балқыған материал қатаю /кристалдану/ негізінде біртұтас қалыптасады. Немесе пісірілетін материалдар пластикалық күйге дейін қыздырылып, олар механикалық қысу үкүші әсерінен өте тығыз түйістірілуі қажет. Бұл процесті қыздырусыз салқындай тек механикалық күш әсерімен іске асыруға болады.

Пісіру біртектес және тектес емес металдар мен олардың қорытпаларын, металды кейбір металл емес материалдармен /керамика, графит, шыны, т. б./ біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б./ біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б. Бұйымдар жасағанда қолданады. Дегенмен металдарды пісіру машина жасау өнеркәсібінде және құрылыста кеңінен қолданылады.

2

Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы. Осы кездегі пісіру тәсілдерінің негізгі екі ерекшелігі бойынша топтастырылады: металдың пісіру кезіндегі күйі мен пісірілетін жапсарларын қыздыру үшін қолданылатын энергия түріне қарай. Алғашқы нышанына қарай балқытып және қысыммен пісіру болып бөлінеді.

Балқытып пісіруде біріктірілетін детальдардың жиектері, оны негізгі металл деп атайды және қосымша металдарды балқу температурасынан асыра қыздырып ортақ сұйық металл жасалады. Қыздыру тоқтатылғаннан кейін ванна суып кристалдану нәтижесінде пісіру жігі қалыптасады да, пісірілген жік және оның аумағы әдеттегі температураға дейін салқындайды.

Қысыммен пісіруде пісірілетін металл беттері пластикалық күйге, тіпті балқу

температурасына жуық деңгейге қыздырылып оған қосымша механикалық күш

түсіріледі. Қорғасын, алюминий, мыс т.б. созымталдығы жоғары металдарды қыздырмай қысыммен – ақ пісіруге болады.

Қыздыруға қажетті энергия түріне қарай пісіру тәсілдері мынадай топтарға бөлінеді: электрмен, химиялық, механикалық және сәулелі.

Бұлардың арасында ең бастысы болып металды қыздыруға электр тогын пайдаланатын электрмен пісіру тәсілі саналады. Электр энергиясының жылу энергиясына айналу принциптеріне сәйкес электрмен пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: доғалы, түйістіріліп пісіру, индукциялы, плазмалы.

Пісірудің химиялық тәсілі тобына газды және термитті пісіру жатады. Бұл тәсілдердегі металды қыздыру мақсатында газ не қатты күйіндегі әртүрлі заттардың тотығуының

экзотермиялық реакцияларының жылуын пайдалану арқылы қыздырылады.

Пісірудің механикалық тәсілдеріне: көрікпен, қыздырмай қысыммен, қопарылыспен, ультрадыбыспен, ал пісірудің сәулелі тәсілі тобына электронды-сәулелі, лазер сәулесімен, гелиопісіру немесе күн сәулелерімен пісірулер жатады.

Пісіру тәсілдерінің ең басты маңыздылары электр доғасымен, түйістіріліп және газбен пісіру болып табылады.

Машина жасау саласында металды пісірудіңмаңызы мен болашағы. Осы кезде металдарды пісіру, металды қысым арқылы құю және кесу арқылы өңдеу сияқты, металдан әртүрлі конструкциялар мен бұйымдар жасауда негізгі технологиялық үрдіс болып саналады. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындарын салуда, темір жол вагондары мен цистерналар жасауда, домна және мартен пештерін құруда /монтаждауда/, мұнай және газ құбырларын, көпір салуда, машина мен жабдықтардың тозған және сынған бөлшектерін қалпына келтіруде пісірудің маңызы зор. Бұл тәсіл ауыр конструкцияларды, металлургия, машина жасау өндірісінің күрделі жабдықтарын т. б. Пісіру арқылы өңдегенде үлкен экономикалық нәтиже береді.


Доғалық пісірудің негізгі түрлері.


Доғалық пісіру тәсілінің топтастырылуы. 1802 жылы Санкт – Петербург қаласындағы

3

әскери – хирургия академиясының прфессоры В. В. Петров қуатты гальваникалық элементті пайдаланып екі көмір электродтар аралығында ауада тұрақты электр жалындауы қалыптасатынын ашты. Мұндағы электрлік жалындауының пішіні доға тәріздес иіліп келген екен. Осыған орай В. : Петров бұл жаңа ашылған электр жалындауды электрдоғасы деп атады. Электрдоғасын өз бетімен ағылшын физигі Г. Девиде 1809 жылы ашты

1882 жылы орыс өнертапқышы Н.Н. Бенардос электр доғасын металдарды пісіруде қолдануды іске асырады. Ол бұл мақсатта балқымайтын графит электрод қолданды. Пісіру жігін дұрыс қалыптастыру үшін Н.Н.Бенардос электр доғасында балқытылатын қосымша металл талшық қолданады. Ал, 1888 жылы орыс инженері Н.Г. Славянов металл электродымен доғалық пісіру тәсілін ұсынды. Пісіру тізбегіне бұйым және электродтың жалғануына қарай электрдоғалық пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: балқымайтын көмір /графит/ электродымен пісіру немесе Бенардос тәсілі, балқитын металл электродымен пісіру немесе Славянов тәсілі және балқитын металл электродымен үш фазалы доғаны пайдаланып пісіру.

2. Бенардос тәсілі бойынша /1-сурет «а»/ тұрақты ток доғасы оң полярлы бағытта /электродта минус, бұйымда плюс/ көмір немесе графит элетроды 2 және пісірілетін бұйым 1 арасында жанады.


Пісіру доғалары Қосымша металл 3 пісіру тізбегіне жалғанбаған, сондықтан доға негізгі металға тікелей, ал қосымша материалға жанама әсер етеді. Сол полярлы бағытта электрод анод болып /электродта плюс/, ал бұйым катод-болса/бұйымда минус/ көмір

доға тұрақсызданып, металл көміртегімен қанықтанады. Бенардос тісілімен пісіруді негізінен шойын және қола құймаларының ақауларын түзетуге және тез тозатын детальдарды қатты қорытпалар ұнтағымен қаптауда пайдаланады.

3. Славянов әдісі бойынша /1-сурет «б»/ тұрақты ток/оң немесе сол полярлы бағытта/немесе ауыспалы ток доғасы балқитын металл электроды 2 мен пісіру тізбегін жалғанып оған тура әсер ететін пісірілетін бұйымның 1 аралығында жанады. Пісіру тізбегіне жалғанған электродтың қызуы күшейе түсіп тез балқиды. Өйткені оның шеткі беттері электр зарядталған бөлшектермен қоршалған. Доғамен балқытылған электрод қосымша материал ретінде пісірілген ваннаны толықтырады.

4. Үш фазалы доғамен пісіргенде /1-сурет «в»/. Пісіру тізбегінің үш фазасына бөлек-бөлек екі электрод 2 және пісірілетін бұйым 1 жалғанған. Әр электрод пен бұйым арасында және электродтар арасында бірден үш доғаға пайда болады. Әрбір электродқа және негізгі металға екі доға тіке, ал бір доға жанама әсер етеді.

Үш фазалы доғалық-пісіру өндіріс өнімділігі жағынан Славянов әдісімен доғалық пісіруден 2-3 есе жоғары. Бұл әдісті көбінесе қалың металдарды автоматты түрде пісіруде қолданады.


Пісіру доғасы және оның қасиеттері Пісіру доғасы дөп көп жылу мен жарық

4

шығаратын газдағы қуатты элетрлік жалындауды айтады. Физикалық тұрғыдан қарағанда электрлік жалындау ионданған ауа арқылы өткізілетін электр тогінің нәтижесі доғаның қасиетін сипаттайтын негізгі параметрлерге кернеу, ток және доғаның ұзындығы жатады. Кернеу мен ток арасындағы тәуелділікті доғаның тұрақты жағдайындағы статикалық вольт-амперлі сипаттамасы көрсетеді. /2 «а» сурет/ Ол бірде ылдыйлаған 1, бірде тұрақты 2 және өрлеуі 3 болып келуі мүмкін.

Пісіру доғасы /2-сурет «б»/ үш бөліктен тұрады: катод аумағы, анод аумағы және доға дінгегі. Барлық аумақты доға дінгегі 1 алады, онда ионизациялау процесі мен катод аумағындағы тегіс бөлшектер анодқа қарай ауысады. Доға дінгегінің температурасы 6000-7000 С-ға жетеді. Ол қатты қызған элктрод пен пісірілетін металдардың бу қоспаларынан және сол булардың қоршалған газдармен реакция нәтижесіндегі өнімдерден тұратын ортамен 2 қоршалған.

Статистикалық вольт-амперлі мәндері мен пісіру доғасының құрылысы


Электр доғасының жылулық қуаты толық есептелгенде доғаның электрлік қуатының жылулық баламасына /эквивалентіне/ тең деп құралады, демек


qә = 0.24 JU кал/с /І/


Ал электр доғасының тиімді әсерлік жылу қуаты:

q = 0.24 N gUJ кал/с /І/


мұндағы Ng = пісірілетін металды қыздыруға пайдаланылған доғаның жылу қуатының пайдалы әсер коэффициенті /ПЭК/

Эксперименттік зерттеулер анықтағандай металл электродпен ашық ауқымды пісіруде Ng = 0.7+0.85; флюс қабатының астында пісіруде Ng = 0.90 - 0.99; көмір /графит/ электродпен пісіруде /доғаның қуаты –300-1200 кал/с аралығы шамасында болған жағдайда/ N=0,5 - 0,75. Металл электродпен пісіруде – мәні электродтың қосылу полярлілігіне елеулі тәуелділік көрсетпейді/арнайы жасалған электродтардан тыс жағдайда/.

Доғалық пісірудің тұрақты ток көзі бірпосталы және көппосталы етіп жасалады, ал айнымалы ток көзі тек қана –бірпосталы болады.

Пісіру трансформаторларында электр желісінің жоғарғы кернеуі /220 немесе 320 В/ трансформатордың бос жүрісті кернеуінің мәніне дейін /60-80 В/ төмендетеді. Онымен қоса трансформатор да электр доғасының кернеуін белгілі аралықта мәнде реттеу және тұрақты ұстау қамтамасыз етіледі. Ол үшін трансформатордың екінші сым орамын дроссель деп аталатын қосымша орамға жалғайды.

Электр доғасының бір электроды дроссель орамына, ал екінші электроды трансформатордың екінші орамына ұштастырылады. Пісіру тоғы берілгенде /өткенде/ дроссель орамының айналымдарында э.қ.к. /электр қорғаушы күш/ индукцияланады,

5

оның бағыты трансформатордың негізгі э.қ.к. не қарсы бағытта болады. Сондықтан трансформатордың шыға беріс кернеуі бос жүрістегі мәнінен доға жанғандағы мәніне дейін төмендейді. Ал электродтар /электрод пен бұйым/ тікелей түйістірілген жағдайда электр кернеуі Or=OB. Осыған орай элетр желісіндегі ток мәні шұғыл өседі. Мұның ауаны иондатып электр жалындауының бастама қалыптасуы үшін шешіші мәні бар.

Пісіру трансформаторларының құрылымында негізгі екі нобай қолданылады. Бірінші нобайда /3-сурет «а»/ төмендеткіш бір фазалы трансформатордың 1 және екінші 2 оралымдары ортақ өзек темір 1-де, ал дроссель орамы дербес өзек темір 2-де орналасып әрқайсысы бөлек аппарат рәсімінде қаралады. Екінші нобайда /3- сурет «б»/ трансформатордың /1.2/ және дроссельдің /3/ оралымдары жалпы өзек темірге орналасып бір-ақ аппарат болып саналады. Оралымдар 1 және 2 орналасқан бөлігі-трансформатор, ал дроссель оралымы орналасқан бөлігі 3-дроссель. Трасформаторлардың бұл екі түріндегі ток темір өзектің қозғалатын және

Ток көздері мен пісіру доғасы мәндерінің байланысы қозғалмайтын бөліктерінің аралығындағы саңлауының кеңіп немесе азаюына байланысты өзгереді. Саңлау кеңігенде дроссельдің өзінше индукциясы азайып, кернеуі артады. Саңлау тарылғанда керісінше болады.

Біз жоғарыда доғалық пісірудің , тұрақты көзі дара жұмыс орындары жіне көп орында болатындығын айттық. Енді соны талқылайық.

Тұрақты токтың бірпосталы пісіру генераторларының, принципті электр нобайы /4-сурет «а»/ көрсетілген. Генератордың бас щетка в және қосымша с-ға жалғанған оралымы 3 бар

және оралымы 1 бас щеткалар а мен в-ға жалғанған. Щеткалар в және с арасындағы кернеулер бос айналым кезінде және барлық күш режимдерінде де тұрақты болады. Сондықтан щеткаларға жалғанған /өздігінен қозатын генератор/ оралым 3 тудырған магнитті қозғалыс Фп-да тұрақты болады. Доға жанғанда пісіру тоғы магниттік қозғалыс Фп-ға қарсы жалғанған Фс-магнитті қозғалысының оралымы 1 арқылы өтеді. Айқас тұйықталғанда Фс қозғалысы Фп қозғалысына тең. Сондықтан соңғы магниттік қозғалыс, демек бас щеткалар а мен в-дағы э.қ.к. нөлге дейін бәсендейді.

Генератордың бұл түріндегі пісіру тогы параллель оралымдардың қоздыру тоғының өзгеруіне байланысты. Реостат 2 арқылы реттеледі.


Пісіру трансформаторларының нобайларыТұрақты тоқтың көпорынды пісіру генераторларының /4-сурет «б»/ бір бағыттағы Фс және Фп магнитті қозғалыстарын тудыратын жүйелі 1 және параллельді 3 оралымдары бар. Сондықтан бұл генераторлардың қуаты құламалы болмай, тұрақты болады. Доға қуаты құламалы болу үшін әр жұмыс орнында доғамен жүйелі балласты реостаттарды 4 жалғайды /қосады/. Пісіру тізбегін тұйықтағанда генератор кернеуінің біразы балласт реостатында мына теңдеу бойынша кемиді:

Up = JR

Мұндағы Up - реостаттағы кернеудің кемуі, В:

6

R - реостат қарсылығы, Ом.

Айқас тұйықталғанда балласт реостатындағы кернеудің жоғалуы генератор кернеуіне тең, сондықтан доғадағы кернеуде нольге дейін түседі. Балласт реостатын пісіру тогын реттеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!