Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы,
Сырым аудандық балалар
мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогі,
бейнелеу өнері пәнінің
мұғалімі
Құнанова Қалампыр
Қуанышқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер ( Бисермен жұмыс,
бисермен кестелеу)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сәндік-қолданбалы
өнердің ішіндегі бисер өнерімен таныстыру, бисермен кестелеудің
түрлері жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс
жасата отырып, олардың шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбек етуге,
қолөнердің қай саласын болса да, меңгере білуге,өз еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: аралас сабақ
Сабақтың
түрі: қайталау
Сабақтың
әдістері: сұрақ-жауап, тренинг, нұсқау,
ойын, топтық, жаттығу, түсіндіру, бағалау, көрме, көрнекілік, ашық
журнал, ассоциация, машықтық
Көрнекілігі: ашық журнал беті, слайд
(бисермен кестелеудің әдістерінің суреттері ), ою-өрнектің
лекалосы, бисермен кестеленген бұйымдардың
көрмесі.
Қажетті
құрал-жабдықтар: бисердің түрлері, ине-жіп,
қайшы, мата, кергіш, қарындаш, кетіргіш.
Пәнаралық
байланыс: Бейнелеу өнері, сызу,
тарих
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып ішінің
сабаққа дайындығын тексеру, қадағалау, үй тапсырмасын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру
Сұрақ-жауап арқылы «Қолөнер» элементтерін
құрастыру. Тақтаға «Қолөнер» ілгіші ілінеді, міне тақтада ілулі
тұрған барлық суреттердің ішіндегі қолөнерге қажетті элементтерді
ілгішке ілуі қажет. Мысалы:
«
Қолөнер»
ілгіші
-Қолөнер қандай салаларды
зерттейді?
ІІІ. Жаңа материалды
меңгерту
-Мінекей балалар, бүгін біз қолөнер түрлерінің
ішіндегі бисер өнерін өтетін боламыз.
- Ең әуелі бисер дегеніміз
не, қайда пайда болған? ( Маржан ең әуелі Ежелгі
Мысырда пайда болды. Мұнда БУСЕР деп аталатын жасанды інжу-маржанды
жасайтын. Осыдан ұсақ, аздап майысқан моншақтардың атауы
орнықты.маржан өте қымбат, асыл тастардан аз ғана арзан болатын.
Онымен мерекелік көйлек-көншекті кестелейтін, кемпірқосақтың күллі
түстерімен құбыла жарқырайтын безендірулерді тоқитын, дәстүрлі
живопиьтен әсемдігі жағынан асып түсетін кескіндемелерді
кестелейтін. Бисер жасаудың көшбасшысы ұзақ уақыт бойы Венеция
болды.Уақыт өте келе Еуропада бисер жасайтын шеберханалар пайда боп
жатты. Маржанның ең жақсы сорттарын Богемия шығарды. Маржанмен
кестелеу ұзамай күллі Еуропада қол өнерінің сүйікті түріне
айналды.
- Бисерден нелер
жасауға болады? ( Шебер қыз – келіншектер ұсақ
маржанмен панно мен картиналарды, сөмкелерді, қобдишаларды және
басқа да бұйымдарды кестеледі. Азияда бисер тігіспен киімді
әшекейледі, тақияларды, әмияндар мен белбеулерді
кестеледі.)
- Бисердің қандай
түрлерін білесіңдер? ( ұсақ, ірі, стеклярус
т.б)
-Бүгін, балалар біз бисермен қалай кестелеуге
болатындығын үйренеміз. Ол үшін бисермен кестелеудің технологиялық
картасын мұқият қарап шығамыз.
ІV. Машықтық
кезең
З
ейінді шоғырландыру: тақтаның ортасындағы сары
дөңгелекке көңілдерін аудару, көздерін жұмғызып,
елестеткізу.
-
Көздеріңді ашыңдар. Егер осы дөңгелекті
пайдаланып, әрі қарай жалғастырып сурет салыңдар десе, ненің
суретін салар едіңдер? ( күннің көзі, гүлдің суреті
т.с.с)
-
Ендеше, балалар біз осы сары
дөңгелекті күн шуағы, немесе гүл шоғы етіп алып, матаға бастырып,
бисермен кестелеп бастайық. Ол үшін мына технологиялық картаға
қарап қалай кестелеуге болатындығын үйреніп
алайық.
Бисермен кестелеудің технологиялық
картасы
-
М атаны кергішке тартып алып, матаға суретті салып,
ине-жіпті сабақтап алу.
-
Инеге бес немесе төрт бисерді тізіп алып, тігіп
бастаймыз.
-
И нені бисер біткен жерге қайтадан кіргіземіз, сызықтың
үстімен жүріп отырамыз.
-
Инені шаншыған жерімізден қайта шығарып, әрі
қарай тағы да бисер тізіп алып, жалғастыра береміз.
Ашық
журналға балалардың жұмыс істеу барысы
көрсетіліп отырады.
І топ
Оқушының аты-жөні
|
Сурет таңдау
|
Матаға бастыру
|
Бисерін дайындау
|
Негізін бисермен кестелеу
|
Қосалқы бөлшектерін кестелеу
|
Наргиза
|
|
|
|
|
|
Парасат
|
|
|
|
|
|
Айжұлдыз
|
|
|
|
|
|
Базаргүл
|
|
|
|
|
|
Ақыл
|
|
|
|
|
|
ІІ топ
Оқушының аты-жөні
|
Сурет таңдау
|
Матаға бастыру
|
Бисерін дайындау
|
Негізін бисермен кестелеу
|
Қосалқы бөлшектерін кестелеу
|
Диана
|
|
|
|
|
|
Айнара
|
|
|
|
|
|
Аида
|
|
|
|
|
|
Ұлдана
|
|
|
|
|
|
Айгерім
|
|
|
|
|
|
V.
Қорытынды
Бекіту сұрақтары:
-
Сонымен балалар, бисерден қандай бұйымдар
жасалынатын болды?
-
Қолөнердің бұл саласын меңгеру үшін бізге не
қажет?
-
Бисердің қандай түрлері бар екен?
Балалар, жұмыстарыңды аяқтап болсаңыздар, мына
көрме үстеліне әкеліп қойыңыздарда, барлығымыз бір-біріміздің
жұмысымызды қарап, саралап шығайық.
Үйге
тапсырма: Ою-өрнектен композиция
құрастырып, ішін бисермен кестелеп, толтырып
келу.
- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!