Материалдар / "Қолөнер-бабамнан қалған асыл мұра" үйірме жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қолөнер-бабамнан қалған асыл мұра" үйірме жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлінің даму ерекшеліктерін таныстыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
935
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қолөнер-бабамнан қалған асыл мұра


Сабақтың мақсаты:

а)білімділік мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлінің даму ерекшеліктерін таныстыру;

ә) дамытушылық максаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) тәрбиелік мақсаты: қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақта, қолөнер бұйымдары туралы слайдтар, қолөнер бұйымдарының көрмесі.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Армысыздар, қадірлі қонақтар !

Әр уақыттың өзіндік салт – дәстүрі,ерекшелігі,тілі,діні болатыны белгілі.Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтімен,атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет – ғұрпын,дәстүрін,тарихын біліп,оны қастерлеп бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматық борышымыз.

2-жүргізуші.

Өркениетті қоғам мен құқықтың дамуы мемлекеттің дамуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдинеттілігінің,еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын,кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Осыған орай ,бүгінгі ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу сапасы түбегейлі өзгеріп,халықтың дәстүрлі өнері арқылы , тәрбиесі мен мәдениеті арқылы тәрбиелеу қажетілігі туып отыр.

1-жүргізуші.

Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолөнерін игеру,оның тәлім – тәрбиесін мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу.

Қай халықтың өнеріне , мәдениетіне байыппен көз салсаң,сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына эстетикалық көзқарасына орай қолөнер түрлерінің дамып отырғанына көз жеткіземіз.

2-жүргізуші.

Сонымен «Өкпеті» орта мектебінің « Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі мүшелерінің дайындаған «Қолөнер – бабамнан қалған асыл мұра» тақырыбындағы қазақ халқының қолөнеріне арналған ауызша журналын тамашалауға шақырамыз.

1-жүргізуші. Әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрі,ерекшілігі,тілі,діні болатыны белгілі.Қазақ халқының өнеріне, мәдениетіне көз салсақ,халқымыздың әсемдік талғамы мен танымына эстетикалық көзқарасына орай қолөнер түрлерінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. 1-слайд «Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері»

2-жүргізуші. Қазақ халқының қолөнерін мынадай түрлерге бөлуге болады.

  1. Ағаштан бұйымдар жасау.

  2. Жүннен, киізден бұйымдар жасау.

  3. Теріден бұйымдар жасау.

  4. Зергерлік өнері.

  5. Сүйектен бұйымдар жасау.

  6. Ши тоқу өнері.

  7. Тастан, қыштан бұйымдар жасау.

  8. Ұлттық киімдер тігу өнері.

  9. Металдан бұйымдар жасау.

1-жүргізуші. 2-слайд. «Ою-өрнек – өрелі өнер». Ашық журналымыздың бірінші бөлімі: «Ою ойғанның ойы ұтқыр» Ою -өрнек латынның «орнамент» сәндеу ,әсемдеу деген сөзінен шыққан.Ою –өрнектің 200-ден астам түрі бар.Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді.Біріншісі- мал өсіру мен аңшылықты,екінші- жер су,көшіп қону,үшінші -күнделікті өмірдегі заттарды бейнелейді.

2-жүргізуші. Қазақ халқының ою-өрнектерін ағашқа, металға, теріге, киізге, матаға, тасқа, қышқа өрнекпен түсіру арқылы тамаша өнер туындыларын жасап шығарған. Бұларды мына суреттердегі өнер туындыларынан көруге болады.

1-жүргізуші.

Оюлардан көремін кереметтің тізбегін

Мөлдірлік пен ізгілікті іздедім.

Қазағымның дархан көлін келбетін

Текемет пен киімдерде тұр көрем.

Өрнектердің ізін көріп сезем де

Күн шалмайтын мұнарларын көрдің бе?

Сыр шертейін көркем сөзбен толғана

Апалардың үні қалсын жүректе.

2-жүргізуші.

Ою-өрнек қарасаң

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысын қаласаң

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер.

Оған да өнер, ой керек

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық қол керек.

1-жүргізуші.

Түрін-ай текеметтің асыл қандай!

Үңілдің үнсіз ғана басыңды алмай

«Келе ғой қошақаным өзіме» деп,

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

2-жүргізуші.

Күйімді кешсендер-ау сол беттегі

Тұрғандай ана көңіл тербеп мені

Жан бітіп жайрандады жан-жағынан

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің

Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.

Сүрінбей өте аларма ғасырлардан.

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім.

1-жүргізуші.3-слайд. «Шебердің қолы ортақ»

Журналымыздың екінші бөлімі «Шебер көп жерде,өнер көп».Мұнда ағаш шеберлігі туралы түсінік беріледі.Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тығыз байланысты.Ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші,балташы, оймашы,тоқушы деп бөледі.Киіз үйдің сүйегін жасаушыны үйші,үй мүлкін ыдыс- аяқ жасаушы ісімерді оймашы,арба сияқты құралдарды жасаушыны балташы,себет, шыпта өрушіні тоқушы деп атаған.

2-жүргізуші.

Ағаш шеберлігі ежелгі сақ дәуірінен бастау алған. Ағаш өңдеуде қазақ халқы алдына жан салмайтын, ағаштан түйін-түйетін халық. Ағаштан киіз үйдің сүйегін, киіз үй жиһаздары, ер-тоқым жасау, ыдыс-аяқ, саз аспаптарын тамаша өрнектермен, асыл тастармен, сүйекпен өрнектеп бүгінгі күнге асыл мұра етіп жеткізген.

1-жүргізуші.4-слайд «Зергерлік түбі – зейнет»

Ашық журналымыздың үшінші бөлімі «Жігітке жеті өнерде аз» бұл бөлімде зергерлік өнер жайлы таныстырамыз.Зергерлік өнер-сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі.Зергерлік металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген.Алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды алтынмен аптап,күміспен күптеп,зерлеп, ажарын ,сәнін кіргізіп,айшықтап жасаушы адамды зергер деп атаған.

2-жүргізуші.

Зергерлік өнер Қазақстан территориясында алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Оған дәлел Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының алтын сауытында 4000-ға жуық әр түрлі аң-құс бейнелі бедерлермен нақышталған. Зергерлік бұйымдарға әйелдерге арналған сәндік бұйымдар, ерлерге арналған бұйымдар, ат әбзелдері жатады. Зергерлік бұйымдар құю, қаптау, өру, бұрау, қақтау, ширатпалау, әрлеу тәсілдерімен жасалады.

1-жүргізуші.5-слайд «Жақсы киім кісіні көркемдейді»

Ашық журналымыздың келесі бөлімі: «Ұлттық киімдер ұлағаттары».Кейінгі ұрпақ үшін қасиетімен қадірлі, мәні мен мағынасы,берер тәләм тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра - қазақтың ұлттық киімдері.Ықылым заманнан адамдар алғаш аң терісінен кейін түрлі талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйреніп «киім» деген ұғым пайда болды.

2-жүргізуші.

Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық тарихын сақтады, бедерін жеткізді.

1-жүргізуші. Қазақ киімдері бас киімдер(тақия,сәукеле,бөрік,тымақ,қалпақ,кимешек,сәукеле),Сырт киімдер (камзол,шапан,тон,ішік),аяқ киімдер(кебіс,мәсі,саптама етік)деп бөлінеді.Өмір бойы мал баққан халықтың қолындағы ең мол тұтыну шикізаты малдың терісі мен жүні болғандықтан халықтың ұлттық киімдері де малдың терісі мен жүнінен тігілген.Әрбір киім ұлттық нақыштармен ою-өрнектермен шебер өрнектелген,ұлттық қасиетімізге сай тігілді.

2-жүргізуші.6-слайд «Өнер көзі – халықта»

Ашық журналымыздың келесі бөлімі «Қазақтың киелі киіз үйі» деп аталады. Қазақтың киіз үйі көшпелі халықтын көшіп-қонуына ыңғайлы, өте тиімді баспана. Қазіргі архитекторлар киіз үйдің ішіндегі ауаның тез алмасып, тазарып отыруы төртбұрышты бөлмеден әлдеқайда тез екенін айтады.

1-жүргізуші.

Небәрі бір түйеге жүк болатын киіз үйді бір сағатта жинап,құруға болады.Аязды қысқа төтеп беретін баспана.Қазақ халқы киіз үйді киелі, қасиетті санаған. «Шаңырағың биік болсын, босағаң берік болсын», «Шаңырағың шайқалмасын» деген баталы сөздер осы киіз үйдің қасиетті екенінің айғағы.

2-жүргізуші.

Маңдайша, босағамен табалдырық,

Алты қанат кереге, қаламды уық.

«Шіркін-ай, қандай шебер жасады» - деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

1-жүргізуші.

Көз салсаңшы оң жақтағы өрешге,

Асадап, адалбақан, кебежеге,

Май сіңіп сірленген қайран мұрам

Жат болдың жаңа түскен жеңешеме

2-жүргізуші.

Келсаппен келі де сақ түйілгенді

Кім тартар ірігедегі диірменді

Қарынға салған сары майға шылап

Жеп көрсең, талқан тілді үйіреді.

1-жүргізуші.

Қанат ши,есік ши мен кереге ши

Үйіңде ши болмаса ене ме күй

Ши шығып сөзімізден үйімізден

Шиден тыс болып қалды-ау көнеге сый.

2-жүргізуші.

Халқымыздың салт-дәстүрі мен өнері таусылмас асыл қазынамыз, сол қазынаны сақтап, бүгінгі өмірімізге керегін алып, көнергенін тарихымыз ретінде зерттеп, тәрбиемізге үлгі тұтсақ, өнер үйренсек ата-бабаларымыздың лайықты ұрпағы боларымыз анық. Зейін салып, тыңдағандарыңызға рахмет!


Башахов Болат Орынғазыұлы

«Өкпеті» орта мектебінің

көркем еңбек пәні мұғалімі

Үщтөбе ауылы

Тарбағатай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

Тел. 87234651061

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!