Материалдар / Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер

Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қолөнер бұйымдарын ажыратады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні. Еңбекке баулу

Балтабай Адамбаев мектебі

Күні:9.12.2020ж.

1-сабақ

СЫНЫП: 5 «А»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдан

Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Қазақтың ұлттық мәдениетін түсінеді, элементерін қолдана алады. Қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Тілдік дағдылар

ОЮ-ӨРНЕК УЗОР PATTERN, аяққап, текемет, сырмақ, торсық, камзол,

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Жағымды көңіл күй туғызу

0-1 минут

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Әр-түрлі ұлттардың амандасу түрлерін көрсету.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Біз қандай ұлтпыз?

  • Қазақ ұлтына тән не білесіңдер?

Ендеше, балалар біз видеожазбаны тамашалайық.








Сабақтың тақырыбын түсіндіру.



6-30 мин

Жаңа тақырыпты ашу.

Бүгін не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауабы.

Сабақтың мақсатымен танысу. Бағалау критериін анықтау.

  • Ұлттық ою-өрнектеріміз жайында не білесіңдер?

(Көрменің жанында балалармен әңгімелесу)

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:



  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.





Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.















Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.





2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.





Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.












Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.



3. Космогониялық ою - өрнектер.





Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.







4. Геометриялық ою - өрнектер.







Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.








Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.





Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.


видеоролик









Көрме



Слайд, түрлі ою-өрнектердің суреттері



Сабақтың соңы













Сабақты қорыту.

Рефлексия











31-35 мин.

(Т)Тәжірибе жасау

Топпен жұмыс. Қауіпсіздік техникасы жөнінде айтып өту.

Әр топқа тапсырма беру.

1-топ: Камзолдың үлгісін ою-өрнектермен безендіреді.

2-топ: Сырмақтың үлгісін ою-өрнекпен сәндейді.

3-топ: Киіз үйдің үлгісін оюмен сәндейді.

4-топ: Торсықтың үлгісін ою-өрнекпен безендіреді.

Дескриптор :

-Үлгілерді дайындау арқылы ою-өрнектерді қолданады.

-Үлгіні дұрыс бастырып, қия алады.

- Жұмыстың ұқыптылығы.

- Қауіпсіздік техникасын сақтайды.



Әр топ оқушыларының кері байланысы.



Жұмыс орнын тазалау.

Музыкалық фон

Қайшы, желім, қарындаш, ою-өрнек шаблондары, плакат

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?






Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар



Музыка, Математика

»






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ