Материалдар / Қонаев - ұлы тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қонаев - ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
1339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қонаев – ұлы тұлға».


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қонаевтың қайраткерлік өмірінен

мағлұмат беру. Өмірде ұлы тұлға

болып қалыптасқан атамызбен

балаларды жақын таныстыру.

Дамытушылық: Қонаев туралы ой-пікірлерін

арттыру, ойларын еркін жеткізе

білуге дағдыландыру.


Тәрбиелік: «Ұлы тұлға» туралы әңгімелей

отырып, балаларды адамгершілікке,

отансүйгіштікке тәрбиелеу.


.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, буклет.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Балалардың сабаққа дайындығын бақылау.

ә) Әнұран орындау.

б) Балалардың зейінін сабаққа аудару.


Сабақтың өтілу реті:

  1. Жаңа сабақ . «Қонаев – ұлы тұлға».

  2. Қонаев туралы пікірлер.

  3. Монтаж.

  4. Нақыл сөздер.

  5. Дәптермен жұмыс

  6. Сергіту сәті «Алатау» әні. (Қонаевқа арналған ән).

  7. Ойын-сұрақ. «Д.А.Қонаев атамызды білеміз бе»?

  8. Қорытынды.





Ғасырда емес, ғасырларда бір туатын, ел құрметіне бөленген адамдар болады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сондай адам. Халқына сыйлы, заманының дара туылған перзенті.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сұңғақ бойлы,ақсары өңді,жылы жүзді,нар тұлғалы кісі болатын.

Дінмұхамед атамызды ел көзі тірісінде – ақ құрмет тұтып, Димаш атап кеткен. Димаш атамыз 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен инженері мамандығын алған Д.. А.. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі ,цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады. Он бес одақтастас республиканы Мәскеу басқарып тұрған қиын да күрделі заманда, Қонаев атамыз Қазақстанды жиырма жеті жыл бойы басқарған. Әділетті, турашыл, қарапайым басшы болды. Ол кісінің алдына елдің бәрі кіріп, жұмысын айтып шыға алатын. Қонаев басқарып тұрған кезде Қазақстан он бес одақтас республиканың ішінде екінші орында тұрды. Бірінші – Ресей, екінші Украина мен Қазақстан қатар тұрды. Бұл Қонаевтың Қазақстан үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көрсетеді.

Ел ең алдымен Қонаевтың кішіпейілдігі, мәдениеттілігі жайлы тамсана әңгімелейді. Димаш атамыз Академик болған. Академик дегеніміз – жан-жақты білімді, өте сауатты, бәрін білетін адам. Академиктерге сол кезде ай сайын үш жүз сомнан артық ақша төленетін болған. Сол ақшаны Қонаев атамыз ай сайын балалар үйіне беріп отырған. Бұл да Дінмұхамед атамыздың Ұлылығының бір белгісі.

Д.А.Қонаев –Ұлы отан соғысынан әбден күйзеліп артта қалған Қазақстанды толассыз көркейтіп дамытқан,оны алдыңғы қатарлы индустриялы – аграрлық республика дәрежесіне жеткізген –xx ғасырдағы қазақ халқының дара перзенті,қазақ мемлекетінің ұлы қайраткері.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарып тұрған кезде Қазақстанда қырықтан аса қала салынды. Ол қалалардың бәрінде атамыздың айрықша еңбегі болды. Міне, осы істердің бәрі Қонаев атамыздың «Ұлы тұлға» екеніне жеткілікті дәлел бола алады.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.



2.Д..А.Қонаев туралы пікірлер.


1) Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық,ақиқат..Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам. Н . Назарбаев.

2)Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.

Н.Назарбаев.


3)Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам..Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.

А. Асқаров.


  1. Өтен кеткен бұл фәниден сан алып,

Тарих үшін емес олда жаңалық.

Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,

Шын аты оның Мейірім мен Даналық.

Н.Қашағанұлы.


3. Әдеби монтаж.


«Ұлы тұлға» Б.Мырзамбетов.


1) Балауса.


Дінмұхамед-Ұлы тұлға ардақты,

Дінмұхамед-бар асылдан салмақты.

Дінмұхамед-күллі әлемге танылған,

Кісіліктің шамшырағы жан-жақты.


Дінмұхамед заманадан биік тұр,

Даналығы мәңгілікке сыйып тұр.

Қасиетті ұл,қабырғалы еліне,

Шыққан күнмен шапағатын құйып тұр.


  1. Нигара.


Димаш – аға ардақты әке,ұлы ата,

Ұлылығын ұлықтаймыз ұната.

Дінмұхамед Қонаевты біледі,

«Туысым» деп,бар қазақтан сұраса.


«Қонаевқа - 100 жыл». Б.Досалиев.


  1. Олжас.


Қайратыңды қазағыңа арнадың,

Үлгі болған ұрпақтарға саналы.

Жарқын ісің қай кезде де бағалы

Қазақ қанша дана халық дегенмен,

Күнде тумас сіз секілді дараны.

4). Қазыбек.


Ерек жансыз еліктеткен естіні,

Ақиқатқа құлдық болған бес күні.

Еңселі етіп ескерткіштер соққанмен,

Енді өзің бола алмайды ешбірі.


5). Дидар.


Теңгерілмес небір асыл алтынға,

Ұлылықтар сенің заңғар парқыңда.

Тау бейнеңмен жүректерде қаласың,

Димаш ата аласармас тау тұлға.



4). Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері


  • Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.


* Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,

Жан таппайды екенсің.


  • Әр заманың өз әні, өз сәні бар.


  • «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».



  1. Дәптермен жұмыс.


Д.А.Қонаев атамыздың нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіре отырып балалардың дәптерлеріне жаздыру.


6. Сергіту сәті. «Алатау» әні.


7. Ойын-сұрақ. Біз Қонаевты білеміз бе.?


  1. Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?

Жауап: 1912 жыл 12 қаңтар.


2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?

Жауап: Алматы қаласы.


  1. Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім?

Жауап: Зухра Шәріпқызы.


4.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды?

Жауап 82 жасқа қараған шағында.


5. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?

Жауап: 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.


8.Қорытынды:


Өткендерін ескерген,

өскендіктің белгісі.

Өткендерін ұмытқан,

Өшкендіктің белгісі»,-демекші,өмірден өткен ұлы тұлғаларды ескеріп,еске алу кейінгі ұрпақтардың парызы.Ұлыларымызды ұмытпайық! Ендеше, балалар,қоғам қайраткері аталарың – Дінмұхамед Қонаевтың тұла бойы тұнған талант,қайтпас қачармандығын өмірлеріңе шырақ ете біліңдер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!