ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ-АДАМГЕРШІЛІК
ҚАСИЕТ
Тәрбие
сағаты
Мақсаты: Қонақжайлық-қазақтың бойына
ана сүтімен, даритын асыл қасиет, қонақты сыйлау, құрметтеу,
қонаққа деген ілтипат көрсету мәдениетін бала бойына жас кезден
бойына бастап сіңіру: дәстүр, әдеп-ғұрып, жөн-жоралғыны сабақ
үстінде ойын ойнату арқылы түсіндіру; эстетикалық тәрбие арқылы
сөйлеу мәнерін, сәлемдесу және қонақ күте білу дағдысын үйрету,
мақал-мәтел арқылы тіл байлығын арттыру.
Көрнекілігі: «Қонақжайлық-адамгершілік
қасиет» тақырыбында даналық сөздер, көрме бұйымдары, слайд,
бейнекөрініс, сахна ортасында қазақтың дастарханы
макеті.
Баяу сарынды әуен ойнап
тұрады. Сахна ортасында дәстүрлі кілемше, дастархан жайылған,
дастархан ұлттық тағаммен толтырылған: құрт, ірімшік,сөк, талқан
және дәмді бауырсақтар.
Тәрбиеші: Ассаламағалейкум, ардақты
ағайын.
Бүгінгі
«Қонақжайлық-адамгершілік қасиет» тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер !
Құрметті ұстаздар, қонақтар,
қонақжалйқ туралы айтпас бұрын оқушыларға дайындаған базарлығымды
тамашалайық. Қанеки, экранға назар
аударайық.
Бейнекөрініс:
«Қонақжайлық-сыпайылық белгісі»
Тәрбиеші: «Әр елдің салты басқа» деген
сөз бар. Біз білмейтін өзге ұлттар өз қонағын қалай күтеді екен ?
Осы сұрақ аясында мағлұмат беріп өтсем. Тәжікстанда отағасы келген
қонақтың қолын екі қолымен қысады. Жапондықтар мен корейлер иіліп
сәлем бергенді құп көреді. Адамның лауазымы, жасы үлкен болған
сайын оған төмен иілу керек. Қытайлықтар қол беріп амандасқанымен,
жаңа таныстыққа шапалақ ұрып жатады. Солтүстік Африка елдерінде
адамдар қолдарын маңдайға, екінші ерінге, үшінші кеудесіне
қояды.Бұл «Өзімді ойлаймын, сен туралы айтамын, сені
сыйлаймын»-дегенді білдіреді екен.
Ал біз қалай сәлемдесіп
жүрміз? Біздің дәстүріміз бойынша жасы үленге бірініш болып таныс
немесе бейтаныстығына қарамай амандасуы міндет болып саналады.
Еліміздің амандық салты ер азаматтар арасында алдымен егде адамға
қос қол ұсынып «Ассаламағалейкум !»деген сөзбен басталған.Сәлем
алушы «Уағалейкумассалам !» деп оң қолын ұсынады. Одан кейін
«Деніңіз сау ма!», «Мал-жан аман ба?» деп аман-саулық
сұрасқан.
Шақырылған қонақты әйел
адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал-ахуалын сұрап төрге
отырғызып, дайындаған ас тағамдарын беріп ренжітпей қайтаруы
қонақты сыйлау тмен оған көрсетілетін құүрмет болып саналады. Егер
шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт
салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады екен. Бұл да бір
мәдениеттіліктің белгісі іспеттес. Сонымен қатар қонаққа бару
мәдениетін білген де артық етпейді. Осы жайында келесі айдарымызды
тамашаласақ.
Бейнекөрініс: «Қонаққа бару
мәдениеті»
«Қонақты күту, сыйлау көбінесе
әйел адамға қатысты болады» деп айтылады.
Әрине, әйел адамның
көзқарасына байланысты, әдебіне қарап қонақ өзін жайлы сезінеді.
Өздеріңде балалар күнделікті өмірде әр қайсысың әр шалғай ауылдан,
ауданнан, қаладан келдіңдер, солай емес па? Әр демалыс үйлеріңе
кейбіреулерің қайта бермейсіңдер.Мысалы:жатақханада қалған
біреуіңді қасыңдағы досың немесе сыныптасың осы қалада тұратын
қонаққа шақырады, ондай болып тұрады ғой, солай емес пе ? Сонда
сендерді қалай қарсы алады үй иелері ? Мысалға мамасы, папасы.
Қазіргі кезде кейбір отбасыларда жағдайлары болмайды, үй болғасын
әртүрлі келеңсіздіктер болады солай емес пе ? Сондай жағдайда
жақтырмауы да мүмкін. Дегенмен де шаңырақ иесінің де маңызы зор.
Келген қонақтың қандай қонақ екендігін дұрыс түсінсе де, қадірін
бағалай білу керек. Ас осы тұста оқушыларды да тақырыпқа тарта
отырсақ.
Қандай қонақтың түрлерін
білесіңдер ?
1-оқушы: Арнайы қонақ-әдейі шақырылған
ағайын туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, құда-құдағи, сыйлы, құрметті
кісілер.
2-оқушы: Құдайы қонақ-шалғай елден,
алыс жерден жолаушылап жүріп, сапарында көлігі болдырып немесе
жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде
қонақ.
3-оқушы: Қыдырма қонақ-үй-үйден,
ауылдан ауылды кезе ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге
боташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш
«кіріп-шық» кезбе қонақтар.
4-оқушы: Қылғыма қонақ-ауыл ішіндегі үй
аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойғызу үшін
қолына тигенін, аузына түскенін қылғытпай жалмай беретін ашқарақ,
ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз
қонақ.
5-оқушы: Құтты қонақ-Қазақ халқында
«Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деген мақал бар.Бұл мейман
келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатынын
айтқаны.
6-оқушы:Ерулікті қонақ. Қонақта
отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа
шақырылған қонақты осылай айтады.
Тәрбиеші: Балаларға рахмет әр түрлі
қонақтар туралы мағлұмат алдық. Қонақтың түрін дәріптейтін келесі
қойылымды тамашалайық.
Көрініс: «Құтсыз
қонақ»
Көрініс кейіпкерлері: Мөңке
би, бәйбіше, Мөңке бидің баласы, Сырым
бала.
Қонақтың құтсызы
болмайды.
Алайда халық арасында «Құтты
қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе малын қырсық
шалады» деген де мақал бар.Мұны Сырым батыр бала кезінде-ақ қалай
теріске шығарған еді, енді соған
тоқталсақ.
Мөңке бидің үйіне құнанына
мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген
би:
-Балаға айран
әкел,-депті
Таңертең қорада малы өліп
қалғанын қайғырған Мөңке би
-«Құтты қонақ қонса қойы егіз
табады. Құтсыз қонақ қонса малын қырсық шалады» деген. Менің малым
өліп қалыпты. Бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет деп дүрсе
қояды.
Сонда Сырым
бала:
-Олай болмас. «Құтты қонақ
қонса малы өліп, басы аман қалады.Құтсыз қонақ қонса өзі өліп, малы
иесіз қалады» деген. Менің қандай қонақ екенімді өзіңіз
біліңіз,-депті.
Тәрбиеші: Балаларға рахмет !Қонақтың
үлкен-кішісі жоқ.Қазақ халқы «Алыстан алты жасар бала келсе,
алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем берер деген.Сондықтан қонақты жас
екен деп әдепсіздік таныту дұрыс емес.
Ән шашу:
Дастархан
Тәрбиеші: «Қонақ пен
қазақ»
Жігіттің
қозғалысын,
Жырменен жұбатпасаң
жазалысың
Қонақсыз, той-думансыз өткен
өмір,
Өмірге саналмайды қазақ
үшін.
Осындай қазақ інің, қазақ
ағаң,
Ойлағаны, арманы-таза
қоғам.
Адамдар арасында ғұмыр
кешіп
Адаммен араласқан қазақ
атам
Осындай ғажап атам
топырағы.
Қашан ол дастархансыз
тоқырады
Қонаққа барын беріп, нәрін
беріп
Қонақтан қалғанын жеп
отырады.
Жігіттің қазалысын,
қапалысын
Жырменен жұбатпасаң
жазыласың
Қонақсыз, той-думансыз өткен
өмір
Өмірге саналмайды қазақ
үшін.
Қазақ қонаққа барын беріп, ақ
дастарханын құтты қонағына ұсынған.Әр үй, әр шаңырақ киелі
болған.Әр үйдің оты басқа болғанымен, ата-бабамыз бір үйдің түтінін
түтеткен.Олай болса, әр қайсыларыңның шаңырақтарыңберік,
ауызбіршіліктерің мығым, ата-ананың қадірін түсініп, өзіміздің яғни
қазақтың қонақжайлы халық екенімізді
ұмытпайық.
Қожақова Баян, Жалаңтөс
Баһадүр Сейітқұлұлы
атындағы облыстық спортта
дарынды балаларға
арналған
мектеп-интернатының тәрбиешісі