Материалдар / Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама –қайшылықтарын зерттеу. Сауалнама жүргізіп пластикалық бөтелкелердің зиянды екенін айтып , түсіндіру , адамзатты қоршаған ортаны қорғауға және оны аялай білуге шақыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
401
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселесі .

Утилизация мусора-главная проблема современной цивилизации .

Garbage disposal is the main problem of modern civilization .

Ғылыми жобаның авторы:

9-сынып оқушысы

Кицуль Алина

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Химия пәнінің мұғалімі

Тахиров Рифхат Ришатович

Мақсаты: биосфера шегіндегі әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам , қоғам және биосфера арасындағы қарым – қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Міндеттері: популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үдерістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

Зерттеудің әдістемесі: Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент жатады.

Гипотезасы: Егер қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатынас нығая түссе ,онда адам биосфераға тікелей әсерін тигізбейді.

Жұмыстың өзектілігі: : Қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама –қайшылықтарын зерттеу. Сауалнама жүргізіп пластикалық бөтелкелердің зиянды екенін айтып , түсіндіру , адамзатты қоршаған ортаны қорғауға және оны аялай білуге шақыру.

Кіріспе

Ғылыми және техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың қарама – қайшылықтары айқын байқалады. Біз өмір сүріп отырған ғасырда адамзат баласының мекен ортасында бұрын – сонды болмаған іс – әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз жағдайына кез болуда. Әсіресе адам тіршілік етіп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп , жер бетінің климатын ,атмосферасын ,мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар және адамдар зардап шегуде.

Зерттеу барысы:

Биоэкология

Геоэкология

Адам экологиясы

Әлеуметтік экология

Қолданбалы экология

Аутэкология

Құрлық

Қала экологиясы

Жеке адам экологиясы

Өнеркәсіптік

Синэкология

Тұщы су

Халықтар экологиясы

Адамзат экологиясы

Технологиялық

Популяциялық экология

Теңіз

Экологиялық сәулет

Мәдениет экологиясы

Ауыл шаруашылық

Биогеоценология

Жоғары таулар


Этноэкология

Медициналық

Ғаламдық




Кәсіпшілік

Өсімдіктер




Химиялық

Жануарлар




Реакциялық

Микроорганизмдер




Геохимиялық

Су ағзалары




Табиғатты пайдалану

Қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі қоршаған ортаға қоқыс қалдықтарын көптеп тастау. Ал бұл қоқыстарды кім тастап жатыр? Әрине, адамдар. Бірақ сол адамдарға қоқыс қалдықтарын бей – берекет жерге тастай беруге болмайтыны жөнінде, арнайы қоқыс төгілетін жерлерге тасталу керек екендігі әрдайым айтылуда . Қоршаған ортаның ластануы өмір сүрудің барлық нысанына әсер етеді. Одан қалса, қоқыстың болуы тірі ағзаның ауруға шалдығу қаупін төндіреді. Жарақат алуға немесе өлімге әкеледі. Мысалы, су жанындағы құстар аяқтарымен ауға оралып қалуы мүмкін. Бұл құстардың көпшілігі ұшып кетуі үшін біраз жерлерді шарлап өтуі керек болады. Тұмсығы ұзын құстар ауға жиі оралып қалады. Олар тұмсығын тамақ жеу үшін қолданғаннан кейін, аузын аша алмай аштан өледі.

Кейде балықтар немесе құстар полиэтилен пакеттер, құтылар және басқа да заттарға шиеленісіп қалады. Мұндай заттар суда жүзетін құстардың аяғын орап тастауы мүмкін. Жартылай ашық, темір ,шыны ыдыстар көптеген жануарлар үшін үлкен қатер болып табылады. Мысалы, бұғы сияқты жануарлар өткір заттарға тілін кесіп алуы мүмкін. Кейде ұсақ аңдардың басы құтыға қыстырылып, ештене жей алмай аштан өліп қалуы мүмкін . Жәндіктер мен тышқан тектес кеміргіштер ашық шөлмектердің ішінде қалып қоюы мүмкін.

Жануарлар шылым қалдығын, целофан орамын, пластик стақанды жеп,олармен өзінің ішкі құрылысын зақымдауы мүмкін. Сынған шөлмектер және басқа да шыны заттар адамдармен бірге жануарларға да зиян келтіруі мүмкін.

Әрбіріміз қоқыстарды көп мөлшерде лақтырамыз. Орташа статистикалық есептеулер бойынша әр адам 360 кг-нан астам қоқыс қалдықтарың тастайды екен .

Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, көшеге тастаған қоқыстарды жою қиындықтар туғызады және осындай жағдайдан кейін қоқыс мәселесі туындайды.

Әзірше адамзат қоқысты жоюдың 3 әдісін тапты: қоқыс тастау орындарын ұйымдастыру, қалдықтарды екінші рет қолдану және оларды жағу. Бірақ олардың біреуін де нағыз қолайлы деп есептеуге болмайды.

Қалдықтарды екінші рет пайдалану – қор сақтаудың жолы, бірақ ол экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді бола алмайды. Сондықтан мұның бірнеше мәселелері болады.

Бірініші мәселе – қоқысты пайдаланудан бұрын оны іріктеп алу керек. Қағаз, темір, сынған шыны – барлығы бөлек жатуы керек. Тастау жерінде түскен қоқысты іріктеу мүмкін емес, өйткені ондай автоматтар жоқ, ал адамдар мұндай жұмыстарды баяу істейді және ол денсаулыққа зиян келтіреді. Сондықтан қоқысы тастау кезінде іріктеу керек. Осы мәселе бойынша қалаларымызда пластикалық бөтелкелерге арналған арнайы қоқыс жәшіктері орналастырылған.

Жиналған пластикалық бөтелкелерді қайтадан өндеп пайдаға жарату үшін. Әр үйде тамақ қалдықтары, қағаз, пластмастарға арналған арнайы шелектер болу керек.

Екінші мәселе – қоқысты қайта өңдеу орындарына жеткізу. Егер қоқыстар және оның қайта өңдеу өнімдерін тұтынушылары көп болса, онда осындай типті қалдықтарды қайта өңдей алатын зауыттар көп салу керек.

Үшінші мәселе – қоқыс қалыпты емес шикізат, өйткені әрбір жаңа әкелген қоқыстар тобының бір – бірінен айырмашылықтары болады. Сондықтан жоғарғы сапалы өнімдерді өндіру үшін қоқысты пайдалануға болмайды. Тұрмыстық қоқыстарды өндеу әзірше өз қолданысын таппай отыр. Ерекше болатыны тағам және өсімдік қалдықтары – бау – бақша жерінде және ауылдық жерде ,оларды бір жерге үйіп, пайдалы тыңайтқыш алады. Сондықтан қоқысты бір жерге тастау керек немесе отқа жағу керек .

Қоқысты бір жерге тастау ең арзан және жоюдың ең тиімсіз әдісі. Өйткені ол тиімсіз қоқыс болып табылады. Қоқыстар кейде үлкен алаңдарды алып жатады. Осындай жерлерге тасталған жарамсыз батарейкалар, аккумуляторлар, термометрлер және т.б құрамында болатын улы қосылыстар, сонымен қатар шіріген тамақ қалдықтары, бөлшектенген пластмассалар жерасты суларына кетеді, ал оларды ауыз су көзі ретінде жиі қолданады, желмен таралып, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Сонымен қатар, ауа қатысынсыз шіру процестері нәтижесінде, түрлі газдар түзіледі. Олар қоқысы көп жерлердің атмосферасын ластайды. Кейбір қоқыстар шіріп өз – өзінен жануы мүмкін, сондықтан қоқыс көп жерде үнемі өрттер пайда болады, осының нәтижесінде атмосфераға күл, фенол, бензапирен және басқа да улы қосылыстар пайда болады .

Зерттеу нәтижесі:

    1. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері.

  1. Қағаз

Табиғатқа зардабы: Қағаз құрамына енетін целлюлоза – табиғи материал. Бірақ қағаздың бетіне жазылған бояулар улы қосылыс болады.

Адамға зияны: Табиғи маталар табиғатқа зардап әкелмейді. Бөлшектенудің соңғы өнімі: шымтезек, түрлі микроағзалар ,денелер, көмірқышқыл газы және су.

Бөлшектену уақыты: 2 – 3 жыл

Жоюдың қауіпсіз әдісі: жандыру

Азық – түліктің қасында қағазды жандыруға болмайды. Өйткені, диоксиндер пайда болады.

  1. Матадан жасалған өнімдер

Маталар синтетикалық және табиғи болып 2 түрге бөлінеді. Табиғи маталар табиғатқа зардап әкелмейді. Мата құрамына енетін целлюлоза – табиғи материал. Бірақ матаның бетіне салынған суреттерде улы қосылыс болады.

  1. Сусындардың құтылары.

Табиғатқа зардабы: құтылардың үшкір шеттері жануарларды жарақаттайды.

Адамға зардабы: құтыларда су жинақталады, қан сорушы жәндіктердің дернәсілдері көбейеді.

Бөлшектену уақыты: жерде – 100жыл, тұщы суда – 10 жыл, тұзды суда – бірнеше жыл.

Жоюдың қауіпсіз әдісі: қайта балқыту.

Пластикадан жасалған бұйымдар.

Пластикалық бөтелкелерден адамзат түрлі бұйымдар жасайды. Бұл оларды лақтырып немесе өртеп жібергеннен әлдеқайда пайдалы. Қытайда пластикалық бөтелкені экологиялық таза су жылытқыш ретінде пайдалалып, ал Францияда одан желкенді кеме жасайды, тіпті Таиландта буддалық монахтар одан храм тұрғызған. Храмның құрылысына миллиондаған жасыл түсті Heineken және сары түсті Chang сыра бөтелкелері қолданылған .

Осы бөтелкелерді тұрмыста түрлі мақсатта пайдалануға болады екен. Мысалы, құстарға ұя, сүзгі, өсімдікке арналған ыдыстар, қолжуғыш сияқты пайдалы нәрсеге жаратады .

Мектебімізде технология сабағында әр түрлі қалдық заттардан керемет бұйымдар жасайды. Мысалы, қалдық терілерден картинкалар, пластикалық бөтелкелерден ыдыстар, жануарлар бейнесі, гүлдер және т.б түрлі бұйымдар жасалынады .

Тәжірибе жұмыстарының талдауы

Тәжірибе

Егер пластик топырақта ыдырамаса, оны өртеу қажет пе?

Бұл тәжірибеге мен пластмасса, атлас мата, резинканы қолдандым. Бұл заттарды кезекпе кезек өртеп, бақыладым. Нәтижесінде пластиктан және резинкадан жағымсыз иіс әрі қара түтін байқадым.

Қорытынды. Пластикалық бөтелке жанған кезде ауаны бүлдіретін, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін улы түтін шығады. Сонымен қатар пластикалық бөтелкені жағуға, тіпті оны жерге лақтыруға болмайтынын білдім.

Күнделікте өмірде оны білу үшін қарапайым тәжірибе жасауға болады. Мысалы үйінің ауласына топыраққа бөтелке мен қағазды көміп, бір жылдан кейін қазып алуға болады. Яғни бөтелке мен қағаздың арасында қандай айырмашылықтар бар екенін зерттейсін және қай зат шірейтініне көз жеткізесін.

Сауалнама

Сұрақтар

Ия

Жоқ

1

Сіз пластикалық қораптағы өнімді сатып аласыз ба?

+


2

Сіздің ойыңызша пластикалық бөтелкелерден түрлі бұйымдар жасауға бола ма ?

+


3

Табиғи маталар табиғатқа зардап әкеле ме ?


+

4

Құтылардың үшкір шеттері жануарларды жарақаттайды ма ?

+


5

Қоқыс көп жерде үнемі өрттер пайда болады ма ?

+

6

Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі ме ?

+




Жүргізілген сауалнама қорытындысы

Мен мектебімде пластикалық заттар мен қоқыстарға қатысты сауалнама жүргіздім.

Мақсаты: Пластикалық қораптағы өнімдерді сатып алу дұрыс не бұрыс екендігін анықтау және табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерді жасамау керектігін айтып ,түсіндіру .

Сауалнамаға 4,6,9сынып оқушылары қатысты.

Сауалнама талдамасы

Сауалнаманың нәтижесі:Сауалнаманың нәтижесінде мектеп оқушылары қоқыс көп жерде өрттер көптеп пайда болатынын біле бермейді екен , есесіне қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі екенін анықтап , түсініп білді .Осы сауалдардың алдын алу мақсатында мектебімізде экобум акциясы жүзеге асырылуда .

Пластмассаның құрамы мен құрылысы

Ғылыми-техникалық прогресті, оның даму қарқыны мен бағытын химия өндірісі анықтайды десе болады. Ал химияландырудың негізгі бағыты пластикалық массамен басқа синтездік полимерлерді қолдану екенін өмірдің өзі көрсетіп келе жатыр.

Жақында ғана «пластмассалар болашақтың материалы» дейтін едік, ал қазір «пластмассалар – осы күннің материалы» деп батыл айтуға болады.

Пластмассалар күнделікті өмір мен техниканың тұрақты серігі болып танылды. Пластмассадан жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы ол әрине салмағынын жеңіл болуы , жоғары диэлектрикалық қасиеттері, температураның өзгерісі, сыртқы орта және агрессивтік қосылыстардың әсеріне тұрақтылығы мен механикалық беріктігі.

Пластмассаның тағы бір ерекшелігі – оларға қажетіне қарай кез келген арнаулы қасиет беруге болады. Мысалы, көпшілік пластмассалар ток өткізбейді, ал қажет болса ток өткізгіш пластмасса алуға болады. Шыныпласттар, көміртекті пластиктер болаттан да берік болуы мүмкін, ал газ толтырылған пластиктер өте жеңіл келеді, жылу жібермейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен бағаланады.

Пластмассалар негізінен байланыстырушы қызметін атқаратын табиғи не синтездік полимерлерден тұрады. Оның құрамында әртүрлі толықтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояғыш заттар болуы мүмкін.

Пластмассалар құрамындағы полимерлердің қасиетіне байланысты термопластикалық және термореактивті болып бөлінеді. Термопластикалық пластмассаларды қыздырып әртүрлі пішінге келтіруге болады, одан полимердің химиялық қасиеті өзгермейді. Термопласттер полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид сияқты құрылысы түзу полимерлердің негізінен алынады.

Термореактивті пластмассалар қыздырғанда алдымен жұмсарып, пластикалық жағдайға келеді де, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Термопласт алу үшін фенол-альдегид, мочевинаальдегид, эпоксид-анилин, кремнийорган шайырлары, олигоэфиракрилаттар сияқты олигомерлер қолданылады. Олар қызудың не әдейі қосылған қыздырғыштардың әсерінен торланған үлкен молекулалы қосылыстарға айналады. Термореактивті пластмассадан жасалған бұйымдар қызуға төзімді келеді, термиялық диструкция басталғанша сыртқы түрін сақтай алады.

Пластмасса өндірісі жедел қарқынмен өсуде. Соңғы 30 жылда пластмасса өндірісі 25-30 есе артса, болат өндірісі осы мерзімде 3,5 есе ғана өсті.

Практикада кең тараған пластмассалардың негізгі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!