Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қоректік тізбектер және қоректік торлар.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қоректік тізбектер және қоректік торлар. |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
Өсімдікқоректілер, жыртқыш жануарлар, паразиттер, сапрофиттер, қоректік тізбек, қоректік тор, экожүйе. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)». |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Сәлемдесу» жаттығуы |
1-топ 2-топ 3-топ Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.) |
Оқулық. Кеспе мәтіндер. Микрафон |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 10 минут |
Қолдану Биологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі. Тірі ағзалар бір түрге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда олар үйір немесе тұқымтоп түзеді. Көптеген омыртқасыз жануарлар жеке тіршілік етеді. Бірақ оларға ұрпағын жалғастыру үшін серіктес керек, осы кезде олар жұп құрады. Ара, құмырсқа, термиттер сияқты жоғары құрылымды омыртқасыз жануарлар тұрақты бірлестік – тұқымтоп құрады. Бұл тұқымтопта әрбір ағза өзіне бөлінген биологиялық рөлді атқарады және өз тобындағы басқа ағзалармен үйлесімді әрекеттеседі. Барлық жануарлар қоректенуі керек, себебі олар қорек арқылы өз денелерін түзуге қажет материалдар мен тіршілігін қамтамасыз ететін энергия алады. Әртүрлі жануарлар түрлі қорекпен қоректенеді. Олардың барлығын жалпы 3–4 топқа бөлуге болады. Өсімдіктермен қоректенетін жану- арлар өсімдікқоректілер деп аталады. Басқа жануарларды жейтін жануарлар жыртқыштар немесе етқоректілер деп аталады. Өлген жануарлардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар бар, оларды өлексежегіштер немесе сапрофит- тер деп атайды. Басқа ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарлар бар, олар – паразиттер. Өсімдіктердің паразит жануарларына көптеген жұлдызқұрттар, жапырақжегіш қоңыз, біте т.б. жатады. Жануарлардың паразиттері – бүрге, бит, маса, қандала, сондай- ақ әртүрлі паразит құрттар. Кейде экологтар өсімдіктердің паразиттерін шөпқоректілермен, ал жануарлардың паразиттерін сүтқоректілермен (жыртқыштармен) біріктіреді. Сондықтан жануарлардың үш не төрт қоректену типін ажыратады. Әртүрлі қорекпен, өсімдікті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Оларды талғаусыз қоректенетіндер деп атайды. Оларға аю, егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе т.б. жатады. Қорек неғұрлым қолжетімді болса, ағзаға тіршілік ету соғұрлым оңай. Ағзалардың барлығы қорек табуға ұмтылады, сондықтан олардың арасында бәсекелестік туындайды. Ең күшті қоректік бәсекелестік қажеттіліктері ұқсас ағзалар – бір тұқымтоп, үйір т.б. мүшелері арасын- да болады. Бәсекелестікті азайту үшін жәндіктердің көптеген түрлері тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректенеді. Инеліктің дернәсілдері тұщы суқоймада тіршілік етіп, ұсақ су жануарларымен қоректенеді, ал ересек инелік ұшатын жәндіктерді жейді (3-сурет). Басқалар жемейтін қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Мысалы, ағаш сүрегін қорытатын термиттер немесе басқа тұяқтылар жей алмай- тын жантақты жейтін түйелер. ТВ шоу (Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)
Қоректік тізбек. Сызбадан көріп тұрғандай жануарлардың қорек- тенуін қамтамасыз ету үшін бәрібір өсімдіктер қажет. Тірі ағзалардың тұрақты жоғары дамыған бірлестігі өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды. Тіршілігін қамтамасыз ету үшін тірі ағзалар қоректік тізбек түзеді. Қоректік тізбек – қоректік затпен энергияны бір-бірінен ретпен ала- тын тірі ағзалар тобы. Ең қарапайым қоректік тізбек: шөп шегіртке торғай кезқұйрық (коршун). Қоректік тор. Басқа қарапайым тізбекті де құруға болады: өсімдік тұқымы тышқан түлкі балдыр өсімдікқоректі балық жыртқыш балық және т.б. Бұлардың барлығы жай үлгі. Шынында табиғатта бір қорек типімен ғана қоректенетін ағзалар болмайды. Шегірткенің өзі бірнеше шөп түрін, ал шегірткені торғай ғана емес, кірпі, құстардың басқа түрлері жейді. Сондықтан шынайы табиғатта қоректік тізбек болмайды, оның орнына күрделі қоректік тор түзіледі. Қоректік тор – әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым. Талдау Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі (Суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді сөйлетеді. )
|
Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді. Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез Топтық тапсырма |
Сызылған дайын кластерлер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Рефлексия
«Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)
|
Бағалау парақшасы
Түрлі –түсті стикерлер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымшаақпарат
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сізқосымша Көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз? |
Пəн аралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағыахуал Қандай болды? Мен жоспарлаған Саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген Уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды Жетілдіруге көмектесетін не білдім? |