Материалдар / қорғалжын тарихы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қорғалжын тарихы.

Материал туралы қысқаша түсінік
туған жер бойынша жүргізілген жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
538
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қорғалжын өңірінің тарихи – археологиялық ескерткіштері»

Исабекова Айнур Галымжановна.

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

«Арықты орта мектебі» ММ

Мақсаты: Құпия мен сырға толы Қорғалжын өңірі тарихын зерттеу. Аталмыш өңірде, далалық аймақта ежелгі, ортағасырлық қорымдар өте көп, сол қорымдарды зерттеп, талдау жасау.

Коммуникативті құзыреттілік: Ақпараттық технология әдісі арқылы оқушылардың өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, тарихи деректерді тұжырымдап талдауға бейімдеу.

Құндылыққа баулу: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын түсініп, бойында ұлтжанды, отансүйгіштік қасиеті бар азамат тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география

Сабақ түрі: Аралас.

Әдісі: Баяндама

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басында: Қорғалжын өңірінің ежелгі тарихнамасымен таныстырамын. Онда қаралатын мәселелер үш кезеңге бөлінеді: 1. Кезең 17-18 ғасырдың аяғындағы зерттеу жұмыстарын қарастырамыз. 2 кезең 19-20 ғасырлардағы зерттеулерді зерделеу. 3 кезең. 21 ғасырдағы Қорғалжын өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен танысу.

Сабақтың ортасында: Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ деректемелер тізіміндегі Қорғалжын өңірі бойынша тарихи деректермен таныстырамын.

Сабақтың соңында: Осы бағытта жүргізіліп жатқан өзіміздің еңбектерімізбен таныстырамын.

1992 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаев осы өңірде болып, Қорғалжын қорығының табиғат мұражайы кітабында: «Қазақстанның жаратылысы жауhарларының біріне жататын Қорғалжынның таңғажайып табиғаты жатады. Оның жергілікті өсімдік әлемі мен жан – жануарларына және бұл байлықты келер ұрпаққа сақтап, оған сүйіспеншілікпен қамқорлық жасағандары үшін жергілікті тұрғындар мен қызметкерлерге аса зор ризашылғымды білдіремін.» деп пікір қалдырған болатын.[2]

Қорғалжын ауданы тек, табиғатының сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар тарихи-археологиялық ескерткіштерімен де бай аймақ. Қорғалжын жайлы алғашқы мәліметтер 1694 жылы Ресейдің елшілері Ф.Скибин мен М.Трошиның «Қазақ ордасы» деген еңбектерінен кездестіруге болады.1

18 ғасырдың ортасынан бастап орыс елінің, қазақ халқының жеріне деген қызығушылығының артуына байланысты, бұл аймақтарға да көптеген тарихи экспедициялар келе бастаған. Алғашқылардың бірі болып, 1738-1739 жылдары Татищевтың тікелей тапсырмасы бойынша Орск қаласынан шыққан керуен. Осы керуен құрамында болған орыс әскерінің офицері Карл Миллер өзінің жазбаларында Қорғалжын атауын «Каргалджын» деп көрсеткен болатын1.

ХIХ ғасырдың басында кен орындарын iздеген И.П.Шангин Сарыарқа өңiрiн аралай келiп Нұраның төменгi ағысына қарай орналасқан орта ғасырлық қалалардың орны мен сәулет өнерiнiң ескерткiштерiне сипаттама бередi. Әуелгi сипаттама Бытығайға қатысты: «По обеим берегам Нуры, впадающей в озеро Каргалджин, существуют и поныне некоторые здания, сколько красивые, столько же прочные, несмотря на многолетнее из запустение, и сверх того множество развалин камен-ногостроения. По словам живущих здесь киргиз Средней Орды, все сии здания сооружены были нагайцами, из коих находящиеся на левой сторо-не по течению Нуры в 27 верстах от ее устья принадлежали будто бы к великому городу Татагаю и занимают пространство около девяти верст…».

Иосиф Кастанье өзінің 1910 жылы жазған «Древности киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде, жергілікті қырғыздардың (қазақтар) сөзіне сүйене отырып, Бытығайда ертеректе ноғайлар тұрған деген тұжырым жасайды2. И.Кастанье өз зерттеулерінде П.И Рычков пен Г.Шангинның еңбектеріне сілтеме жасайды. Сонымен қатар, Қорғалжын жайлы деректер Ш.Уалиханов, Ә.Х.Марғұлан т.б тарихшы ғалымдардың зерттеулерінен кездестіруге болады. Алайда, сол деректерді жинақтап бір арнаға тоғыстыру уақыттың еншісінде.

Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ деректереіне сүйенер болсақ Қорғалжын ауданы бойынша 32 тарихи-археологиялық ескерткіштер тіркелген екен.

Жоғарыда тілге тиек еткендей Қорғалжын ауданы бойынша 32 тарихи ескерткіштер тіркелген. Әзірге ғылыми тұрғыда зерттеліп, тарихи айналымға енген. Осы аймақтың 6 ескерткіші Ақмола облысынң 9 киелі орындарының қатарына кірген. Ең басты ескерткіш ол әлемге әйгілі Бытығай қорымы немес Ботайғай. Одан кейінгілері:Ақ –Еділ қожа мазары. Қанекей мазары, Беспақыр, Алыптомар, Жәнібек Шалқар кесенесі. Сонымен қатар, Қорғалжын өңірінің тарихи ескерткіштер қатарында менің туған ауылым Арықты ауылында орналасқан ҰОС жылдарында қаза болған жауынгерлер обелискі және В.И. Ленин статуясыда бар. Жалпы осы тақырып төңірегінде біз 2018 жылдан бері еңбек етіп келеміз. Екі жылда қаншама деректермен таныстық. Арықты орта мектебінің 7 сынып оқушысы Келес Әбілмансұр осы екі жыл бойы теориялық негізде жұмыстар атқарды. Зерттеу барысында Әбілмансұр Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессорларымен кездесіп диолог жүргізді. Ғылыми жобалар байқауларына қатысып грамота, сертификаттармен марпатталы келді. Алдыңғы уақытта археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!