"Қорқыныш"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қорқыныш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қорқыныш сезімінен арылту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорқыныш

Баян Айтбанова,

Арнайы мектеп интернат

Педагог-психолог,

Тараз қаласы,Жамбыл облысы.

Баладағы психологиялық қорқыныш ерте балалық шақтан бастау алады.Осындай үрей арасында:күтпеген қорқыныш,кедергіден бұрынғы қорқыныш,үлкеннің тарапынан болған қорқыныш түрі болады.Әңгіме тек жазалау туралы ғана емес,қатал сөз,айғай да кіреді.Бала өз үйінде не болатынын алдын ала біле алмаса-қолдау немесе қуғын-сүргінге ұшырамаған сәтте күтпеген қорқынышка тап болады.Ондай бала мазасыз,ашуланшақ,күйгелек болады.Қорқыныштан жүрегі жараланғыш,өкпелегіш те болып келеді.

Ата-ана өзіне:талап тым қатты емес пе деген сұрақ қою керек.Бала жазаның қандай дәрежеде екенін түсіну керек.Шын мәнінде баланың өзі кінәлі екенін білгені дұрыс.Бала кінәлі болған күнде де өте қатты жазалаудың қажеті шамалы.Тәрбие жеңісі-нұсқаулықта, тұрақты диалогта.Баланы кездейсоқ қаттеліктерін айнытпай сәтсіздіктерін бетіне басып,үнемі айта беруге мүлде болмайды.

Көбіне-көп ата-анаға байланысты болып келеді.Үйдегі бала мен қыздың жетістіктерін қолдап,мақтап,марапаттап,үнемі қолдау көрсетіп отырған қажет.Оның сәтсіздіктеріне аса мән бермеген абзал.Қайта білмеген тұстарын жақсы жаққа бағыттап,үйретіп,жол сілтеп отыру керек.Бала өз қаттелігін өмірдің соңы деп түсінбек керек,әлі де тіршілік жалғасуда деген түсінік қалыптасқан жөн.Егер қолдау көрсетпесек,бала өмірде өзін сенімсіз сезінеді.Баланың сенімін күшейтіп,үрейін сейілті үшін ойын түрінде баламен жұмыс жасау керек.Мәселен,ол әдістемелік құралдар,оқулықтар немесе карточкалар мен альбомдар болуы мүмкін.Психолог маманның кеңесіне жүгініп,әңгімелесу мен тренингке де қатысқан абзал.Бұл балаға деген махаббатың,құрметтің белгісі болмақ.Балаға осындай үреймен күрес кезінде көмек беру ата-ананың борышы.

«Біздің түсінік әрқилы» деген әңгімеге нүкте қой.Себебі,бала тәрбиесі жолында барлық ата-анаға тәрбие-тәлім деген терминдер ортақ болып табылады.

«Баланы жастан» деген қағида бар.Баланың жастайынан қалыптасқан үрейін сейілтіп,оның өмірге деген шынайы сүйіспеншілігін арттыру ата-ана үшін міндет.Ата-ана баласы үшін барлық қиындыққа төзе біліп,өзінің теріс эмоциясын балаға көрсетпеген абзал.Баланың жасынан пайда болған үрейі оның болашақтағы өміріне айтарлықтай әсерін тигізді.Бала өссе де,ересек болса да сол балалық үреймен жүреді.Жалтақ,уркек,өз ойын айта алмайтын болады.

«Тәрбие-отбасынан басталады»,деген бала отбасында не көреді,соны өмір бойы тәжірбиесінде пайдаланады.Өзі де ата-ана болған да баласына да сол тәрбиені береді.Үрей мен қорқыныш билеген отбасында береке де қуаныш та,шаттық та болмайды.

Бала өсе келе өз ортасында ойын айтпай,жабық болы түседі.Ондай ұяң да жабық баланы көп жерде басыну,бөлу деген жиі кездеседі.

Сонымен ата-ана!Егер балаңыз өмірде өз дегенге жатып,мақсатын жүзеге асырып өссін десеңіз балаға өте мұқият қараңыз.Бала сіздің өміріңіздің жалғасы.Қазақта: «Адам ұрпағымен мың жасайды»деген даналық бар.Егер өміріңіз мәнді,маңызды болсын десеңіз ұрпағымыздың тәлім-тәрбиесіне көңіл бөлісіңіз.Ретсіз ұрыспаңыз,қол көтермеңіз,жанына ауыр тиетін сөздер,жанын жаралайтын әңгіме айтпаңыз.Тек қолдай көрсете біліңіз.Себебі,бала сіздің айнаңыз.Ол сіздің болашағыңыз.

Айналаңызға көз салыңыз.Баланың қадірін біліңіз.Бала-сіздің бақытыңыз.Бала-сіздің жалғасыңыз.Балаға бар махаббатыңызды беріп,мейірімді болыңыз.

Сіз балаға не көрсетсеңіз,бала соны ертең қайталайды.Опық жеп қалмаңыз.Күйбең тіршіліктің кесірінен балаңызды жоғалтып алмаңыз.Баланы бақытты ету арқылы өзіңіз де бақытты бола біліңіз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2021
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі