Қоршаған ортамен таныстыру бөлімі бойынша "Бесікке салу" тақырыбында ҰОҚ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған ортамен таныстыру бөлімі бойынша "Бесікке салу" тақырыбында ҰОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұлттық қасиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиешінің берген нұсқауын бұлжытпай орындауға үйрету. Сөз қорларын байытып, дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні:

Бала саны:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Бесікке салу»
Мақсаты: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұлттық қасиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиешінің берген нұсқауын бұлжытпай орындауға үйрету. Сөз қорларын байытып, дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.
Педагогикалық технологиялар: көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: бесік, шірпі, қуыршақ, тәттілер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық ізденіс.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

Балалар сендер қандай қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын білесіңдер?

Бүгін мен сендерді қазақтың бір салт-дәстүрімен таныстыратын боламын.

2.Негізгі бөлім
Балалар, әжеміз бүгін нәрестені бесікке салады. Сендердің пішкен итжейделеріңді тігіп әкеліпті, сол жейдені кигізіп қойды.
Әже: /балаларға түсіндіре отырып, баланы бесікке бөлеп көрсетеді/.
Балалар қазақ өмірінде бесіктің алатын орыны зор. Ол көшпелі өмірге де өте ыңғайлы – жеңіл, мықты, баланың ұйықтап, дем алуына да қолайлы, ең негізі – бесік тазалық пен денсаулық кепілі, ал анаға көмекші, үйреншікті шаруашылыққа қолын босатады. Бала бесікте жатқанда, жыласа аяқпен тербетуге болмайды, өйткені ол адам. Баланы бесікке салар бұрын бесікті шырпымен аластайды, бала тыныш ұйықтасын деп, сосын «тыштырма» ырымын жасайды. Жастығының астына тарақ, айна, пышақ сияқты бұйымдарды салады. Бұл бұйымдардың өзіндік мәні бар, сендер қалай ойлайсыңдар?
Балалар: Айна, тарақ – жинақы болсын дегені.
Пышақ - өткір, батыл, батыр, келген жамандықты қиып кетсін дегені.
Әже: Дұрыс айтасыңдар. Бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі, қырандай болсын деп, немесе тұмар байлайды тіл көзден сақтасын деп. Баланы бесікке салып, арнаулы ақ жаймасын жауып, үстіне ырымдап, жеті түрлі зат жабады: ер адамның жағалы киімі – шапан, тон, ат әбзелдері – жүген, қамшы, анасының бір киімі және қап. Тон мен шапан – есейгенде елшіл, халықшыл өжет мінезді болуды меңзесе, жүген мен қамшы – ат үстінен түспейтін ер болсын, қап – ұйқысы қатты, тыныш болсын деген ырым. Балалар мен үйіме барайын, сау болыңдар! /қоштасып кетеді/.
Сергіту сәті:
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап,
Билеп, билеп аламыз.

Ойын: «Түйілген орамал»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ойын барысы: Шеңбер сызылады, ішінде балалар тұрады. Бастаушы 3 - ке дейін санайды, балалар бытырап жан - жаққа қашады. Бірақ шеңберден шықпау керек. Бастаушы қолында орамалы бар адамды қуып жетіп, орамалын алып қоюы керек. Бастаушы жете бергенде, ойыншы қолындағы орамалды басқа біреуге бере салады, сөйтіп орамал қолдан қолға көшіп отырады. Егер бастаушы ептілік көрсетіп орамалды қолға түсірсе, айрылып қалған ойыншы орынын алмастырады.
3.Қорытынды.

-Балалар бүгін біз қандай салт-дәстүрмен таныстық?

-Не үшін бұл салтты бесік салу деп атаған екен?

-Баланы бесікке салмас үшін не істеу керек екен?

-Тыштырма дегеніміз не екен?

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ҰОҚ өте жақсы қатыстыңдар.

Балаларды мақтап, мадақтау. Қоштасу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2021
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі