Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қоршаған ортаның мониторингі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысының Білім басқармасы
Қызылорда «Қызмет» колледжі
Ашық сабақ
Пән аты:Қоршаған ортаның мониторингі
Тақырыбы: «Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер»
Пән оқытушысы: Тұрымбетова Жарқынай Тұрымбетқызы
Қызылорда, 2018
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік:
Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер.Экологиялық нормативтер арқылы қоршаған орта ластаушыларын шектеу жайлы айтып беру. Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау жайлы ақпарат беру.
2) Дамытушылық: Ашық сабақ арқылы оқушылардың танымдық қабілеті мен біліктілігін дамыту және дүниетанымдық көзқарасын кеңейту. Студенттердің логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық белсенділігн дамыту, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Студенттерді ізденімпаздыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға,айналаны қорғауға үйрету және экологиялық сауаттылықты ояту.
Сабақтың түрі: аралас, құрамдас, жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың типі: білімді жинақтау және жүйелеу
Сабақтың әдісі: түсіндірме, ізденіс, проблемалық сұрақ, сұрақ-жауап, баяндау әдісі, зерттеу әдісі, сәйкестендіру әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Оқыту формалары: жеке және ұжымдық, оқытудың интерактивті әдісі
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына назар аудару.
2. Үй тапсырмасы бойынша студенттердің білімін тексеру.
Қызығуды ояту. Миға шабуыл.
1.Қоршаған ортаны ластаушы көздер
2.Қоршаған ортаның химиялық,физикалық және биологиялық жолдармен ластануы
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қоршаған орта сапасын бағалайтын нормативтер.
1. Экологиялық нормативтер арқылы қоршаған орта ластаушыларын шектеу.
2. Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау.
1. Экологиялық нормативтер арқылы қоршаған орта ластаушыларын шектеу. Қоршаған табиғи ортаның күйі барлық экожүйелердің (адамды қоса есептегендегі) қалыпты (физиологиялық комфортты) өмір сүруіне мүмкіндік жасайтындай болуы тиіс. Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаның сапасы деген түсінік енгізіледі.
Қоршаған орта сапасы дегеніміз қоршаған ортаның барлық экожүйелер мен адамзат үшін өмір сүруге қолайлығы және технологиялық талаптарға сәйкес келуі.
Қоршаған орта сапасы адам денсаулығына әсеріне қарай таза (комфортты) және зиянды ортаға бөлінеді. Егер ортаның әсерінен адам денсаулығы қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, онда мұндай орта экстремальды деп аталады.
Табиғатты қорғауға негізделген барлық іс-шараларды осы қоршаған орта сапасын нормалау принципі құрайды. Бұл термин адамның қоршаған ортаға шектік рауалы әсерінің нормасын (көрсеткішін) белгілеуді білдіреді. Экологиялық нормативтерді, яғни қоршаған орта сапасын анықтайтын нормаларды сақтау
• тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін;
• адамның, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтауды;
• орнықты даму жағдайында табиғат ресурстарын өндіру және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Экологиялық нормалау жүйесі
• табиғатты пайдалану және қорғауға байланысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге:
• қоршаған табиғи ортанының тұтас және жеке бөліктері күйінің нормаларын жасауға;
• табиғатты қорғау талаптары бойынша технологиялық процестерді ұйымдастырудың нормаларын құрастыруға (ШРТ, ШРШ, қалдықтарды орналастыру шегі және т.б.) бағытталған.
Экологиялық нормалау шетелдерде бірнеше онжылдықтан бері пайдаланылып келеді. Ал біздің елімізде экологиялық нормалау жүйесі даму кезеңдерінен өтуде. Экологиялық нормалау жүйесі әсіресе Германияда жақсы жетілген. Оларда стандарттау жүйесі, табиғи орта компоненттері – топырақ, су және атмосфера ауасы күйін үнемі бағалап отыруға бағытталған, заң негізінде қабылданған.
Мұндай бағалау Ресей Федерациясы мен біздің елде түрлі шектеулер көрсетілген нормативтік құжаттар негізінде реттеледі және келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:
• биотикалық компоненттер (топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі) күйінің белгілі бір критерийлер бойынша аймақтық табиғи жағдайларға және аймақтың тарихи қалыптасқан табиғатты пайдалану дәстүріне сәйкес келуі ;
• тұрғындар денсаулығының қоршаған табиғи орта күйіне тәуелділігі.
Экологиялық нормаларды белгілеу негізіне табиғи ортаның өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуына дейінгі бүліну дәрежесі алынады. Соңғы жылдары экологиялық нормалау принциптері терең зерттелуде. Осындай зерттеулер көмегімен экожүйелердің әр түрлі дәрежеде бүлінуіне қолданылатын қоршаған ортаның күйін экологиялық бағалау белгілері ұсынылды, 1кесте.
Экологиялық нормалау кезінде ең басты ескерілетін мәселе тұрғындардың денсаулығы және тұрғындардың қоршаған ортамен әсерінен туындайтын корреляциялық байланыс болып табылады.
Кесте 1. Қоршаған табиғи орта сапасын экологиялық бағалау белгілері.
Бағалау баллы, |
Табиғи орта күйінің сапалық белгілері |
Сапаны жоғалту деңгейі |
0 - 1,0 0 - 5 |
Белгілердің болмауы:
|
Шартты түрде ноль |
1,1 – 2,0 6 - 20 |
Табиғи биоценоздардың елеулі қысым көруі, жердің азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шектеусіз пайдаланылуы; Табиғи орта адамның өмір сүрін жалпы қанағаттандырады; Табиғи ортаның кейбір жеке бөліктерінің қайта қалпына келетін сипатта бүліну белгілері. |
Төмен |
2,1 – 3,0 21 - 40 |
Табиғи биоценоздар қатты қысым көрген, топырақтың құнарлығының және сапасының төмендеуі салдарынан азық-түлік өнімдері өндірістерінің тиімсіздік көрсетуі; Қоршаған табиғи ортаның жағымсыз әсерлерінің салдарынан халық денсаулығының елеулі төмендеуі; Қоршаған табиғи орта антропогендік жүктемелерге төтеп бере алмайды. |
Орташа |
3,1 – 4,0 41 – 70 |
Жасанды көшеттерді ұзақ уақыт отырғызудың және жерді азық-түлік өндірісі үшін пайдаланудың мүмкін еместігі; Тұрғындардың денсаулығы бойынша деградацияның туындауы; Табиғи ортаның өздігінен қалпына келу қабілетінің жойылуы және бүлінуі. |
Жоғары |
4,1 - 5,0 71 - 100 |
Жердің өнімділігі жоққа тән; Адамның табиғи ортамен тікелей жанасуы оның денсаулығына және өмір-тіршілігіне қауіпті; Табиғи орталар қалпына келместей бүлінген және өз қызметін орындай алмайды. |
Апатты |
2. Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау.
Зиянды заттектер биосфераның әр түрлі компоненттеріне әрқалай әсер етеді. Соған байланысты әр түрлі ортаға арналған зиянды заттектердің ШРК-ның шамалары белгіленген.
Ауадағы. Атмосфералық ауадағы зиянды заттарды нормалау үшін екі норматив белгіленген: бір жолдық және орташа тәуліктік.
Максимал бір жылдық шекті рауалы концентрация (ШРКмб) – бұл ауадағы зиянды заттардың сол ауамен 30 мин демалғанда адам ағзасында рефлекторлық реакция (иісін сезу, көздің жарықққа сезімталдығының өзгеруі және т.б.) туғызбайтын концентрация.
Орташа тәуліктік шекті рауалы концентрация (ШРКот) – бұл ауадағы зиянды заттардың ұзақ уақыт бойы адам ағзасына тура немесе жанама әсері болмайтын концентрациясы.
Атмосфералық ауада анағұрлым жиі кездесетін ластаушылардың ШРК мәндері 2 кестеде көрсетілген.
.
Судағы. Сулы орта үшін ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясы деп осы заттардың суды бір немесе бірнеше су пайдаланушыға жарамсыз ететіндей концентрациясын айтады. Ластаушы заттардың ШРК ішетін су үшін және балық шаруашылығының су қоймалары үшін бөлек белгіленеді
Балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су қоймаларына қойылатын талаптар шаруашылық-тұрмыстық пайдалануға арналған су нысандарына қойылатын талаптарға қарағанда қатаң болады. Балық шаруашылығының шекті рауалы концентрациясы жуатын заттардың санитарлық нормаларынан үш есе төмен, мұнай өнімдерінен – 6 есе, тіпті ауыр металдардан (мырыш) – 100 есе төмен болады. (К.П.Митрюшкин және басқалар, 1987 ж.).
Топырақтағы. Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:
• ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
• кәсіпорын территориясында улы заттектердің жинақталуы;
• елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар жинақталған жер топырағының ластануы.
Топырақтың егістік қабатындағы улы химикаттарды нормалау екі көрсеткіш бойынша жүргізіледі: шекті рауалы концентрация (ШРКт) және уақытша рауалы концентрация (УРКт).
4. Жаңа тақырып бекіту.
1-тапсырма. Карточка арқылы сұрақтарға жауап беру
1.Қоршаған ортаның құрамдық бөлігіне қарап бақылауға негізделген мониторинг
(экобиохимиялық)
2.Мониторинг сатылары нешеге бөлінеді және оларды ата
(жергілікті және ғаламды)
3.Ластауыш көздері нешеге бөлінеді
(жылжымалы және тұрақты)
4.Теңіз станцияларымен су шаруашылығындағы маңызына байланысты неше санатқа бөлінеді және әр санат неше станциядан тұрады
(1 санат – 60-70 ,2 санат – 570-600,3 санат – 1100.)
5.1 аптаның ішінде бүкіл жер бетінің ауа арқылы кескіні қандай жүйенің көмегімен түсірілген.
(торос)
6.Органикалық токсиканттарға нелер жатады
(фенолдар,аминдер,мұнай өнімдері,формальдегид,нитроқосылыстар.)
7.Табиғи экожүйедегі аса уытты қосылыстардың бірі
(сынап)
8.Экологиялық құжаттар үлгілері мен төлқұжаттандыруды жүргізу әдісін алғаш рет кім жасады
(Т.А.Акимова мен В.В.Коскин)
9.Төлқұжат күшінің сақталу мерзімі (5 жыл)
10.Жерді қашықтыққа зондтау барысында қай орталық қызмет атқарады
(........... Ақпараттық технологиялық орталығы)
2-тапсырма. Экологиялық диктант
1.ҚР Ұлттық Ядролық Орталығында геофизикалық мониторинг құрылды.
2.Геофизикалық мониторингтің бір түрі – климаттық мониторинг.
3.Қазгидромент гидрометеорологиялық қызмет көрсететін бірден-бір мекеме.
4.Биологиялық әдістер шартты түрде биоиндикация және биотестілеу әдісі деп бөлінеді.
5.Мониторинг ғылыми әдебиетке 70 жылдардың басында келген жаңа түсінік.
6.Ғаламдық мониторингтің нысаны:атмосфера,гидросфера,өсімдік,жануарлар,биосфера.
7.Ластаушы көздер жылжымалы және тұрақты болып бөлінеді.
8.Станцалар су мониторингінің бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарын орындайтын ұйымдар.
9.1985 ж әлемдік мұхиттардың кешенді ғаламдық мониторингінің бағдарламасы құрылды.
10.Аса уытты қосылыстардың бірі – сынап.
11.Қашықтықтан бақылаудың бір түрі – инфроқызыл аэрокескін түсіру.
12.Торос жүйесіндке сантиметрлік аралықтағы радиотолқындар жер бетін сәулелендіреді.
13.Қазақстан аумағына Қытай тарапынан 24 трансшекаралық өзендер ағып келеді.
14.Қазірдің өзінде сапасыз суды тұтыну себебінен әлемде 5 миллионға жуық адам қаза табады екен.
15.Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі ҚР-ның елді мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
16.1954 ж басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды.
17.Мониторинг мақсаты – ақпараттық қолдау,қоршаған ортаны басқару және экологиялық қауіпсіздік.
18.Геоақпараттық технологиялар – көптеген ақпараттық технологияларды біріктіретін кешен.
19.Климаттық фактор – Жердің бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен , ауа массаларының айналасынан ,атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден болатын фактор.
20.Метеорологиялық мониторинг – мемлекеттік органдарды жеке және заңды тұлғаларды ауа-райы туралы ақпаратты қамтамасыз ету.
3-тапсырма. Сөз құрастыру
1.Мониторинг ортингноми
2.Бақылау ақыбаул
3.Экология коолэгия
4.База азаб
5.Климат маклит
6.Авиациялық ялциақывиа
7.Радиация аридцияа
8.Кешенді нешдіек
9.Биотестілеу оибітсетуел
10.Аймақтық қамийаытқ
11.Фондық ыдқноф
12.Геофизика акизифеог
13.Биосфера фиобрсае
14.Трансшекара снтрааракеш
15.Атмосфера сомотареф
16.Топырақ ырпотқа
17.Литомониторинг глниимтроомтоин
18.Импакттылық ықмыплаткты
19.Гидрохимия яимихидорг
20.Обсерватори оябисреортва
4-тапсырма.Сергіту сәті
1.Ауа-воздух-air
2.Су-вода-water
3.Табиғат-природа-natural
4.Қоршаған орта-окружаюшая среде-environment
5.Ақпарат-информация-information
6.Халықаралық-международный- international
7.Орман-лес-forest
8.Экология-экология-ecology
9.Өсімдік-растение-plant
10.Жануар-животная-animals
11.Денсаулық-здоровье-health
12.Жер-земля-around
13.Топырақ-почвы-soil
14.Теңіз-море-sea
15.Мұз-лед-ice
Жауабы: Стикер арқылы сәйкестендіру тапсырмасы
Мынадай жаһандық проблемалар бар
1.Eliminating the back warmness of the third world countries
Үшінші әлем елдерінің артта қалуын жою
2.Space exploration of the space ocean
Әлемдік мұхитпен космосты игеру
3.Fighting drug abuse
Наркобизнеспен күрес
4. Demographic problem
Демографиялық проблема
6.Energy problem
Энергиялық проблема
7.Climate change
климаттық проблема
8.Crime and terrorism fight
қылмыспен және терроризммен күрес
9.Environmental problems
экологиялық проблема
10.Resources problem
ресурстар проблемасы
11.The problem of food or starvation
Ауылшаруашылық немесе ашаршылық проблемасы
5. Қорытындылау.
Жаңа сабақта белсенділік көрсеткен студенттерді бағалау.
6. Үйге тапсырма.
А) Экологиялық нормалау кезінде ең басты ескерілетін мәселе тұрғындардың денсаулығы және тұрғындардың қоршаған ортамен әсерінен туындайтын корреляциялық байланысты зерттеу.
Б) Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңына сәйкес қоршаған табиғи ортаның сапасын бағалау үшін зиянды заттектердің ШРК, биологиялық заттектердің нормативтері қалай белгіленетін жайлы толық ақпарат жинап келу.