Қорытынды аттестаттауға дайындық. 9-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорытынды аттестаттауға дайындық. 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық үшін алынатын эссе материалы. "Жаһандану мәселелері" бөлімі бойынша ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сынып қазақ тілінен қорытынды аттестаттауға дайындық үшін тапсырма

Төмендегі мәтіндерді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні

Соңғы бір-екі ғасырдағы адамзаттың ғылыми-ақпараттың прогресі адамзат өмірінде бұрын-соңды болмаған  әлемдік жақындасуды, яғни «жаһандану» қозғалысын дүниеге алып келді. Алапат өзгеріс әлемдік музыка өнеріне де өз ықпалын тигізіп келеді. Айталық, қазір әлемде қай мемлекет үстемдік құрып тұрса, музыка әлемінде де сол елдің музыкасы көш ілгері тұрады. Бұл жағдайдың басталғанына да бірнеше ғасыр өтті. ХІХ-ХХ ғасырлардан бері әлемдік музыка өнерінде Батыс елдерінің ықпалы басым екені байқалады. Солардың туындылары «әлемдік шеберліктің шыңы» танылып келгені жасырын емес. 

Шығыс халқы көбіне музыка саласында аспапты дамыту немесе шығарманы күрделендіруден гөрі, сол дүниелерді сол қалпында еш бұзбай өзгеріссіз қалдыруға бейім. Ал Батыс елдерінде көбінде бір орында тұрмай дами беру үрдісі байқалады. Қазіргі Батыс музыка тарихында аспап та, шығарма да, жанр да дамудың бірнеше кезеңінен өтті. Соның әсерінен музыка саласы да бұрын-соңды болмаған жаңалықтарымен елең еткізеді…

Сонымен қатар музыкалық аспаптар да  түрленіп дамып кетті. Оған қарапайым аккустикалық гитара мен электронды гитараны мысалға келтірсек жетіп жатыр.Бұл өзгерістерді әлем жұртшылығы бірдей қабылдап жатты. Батыс аспаптарын меңгерді, сол аспапта сол Батыстық шығармалар ойналды, ал кейде ұлттық шығармаларын сол аспапқа лайықтап жазып, бір ұлттың өз аспаптары «көненің сарқыншағы» есептеліп, екінші сатыға түсіп қалды.

Мақсат Хасанов

Ә мәтіні

Қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған туындылары цифрлық форматтағы «Ұлы Даланың көне сарындары» жинағына топтастырылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында жүзеге асырылады.

«Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды», – деген еді Қазақстанның тұңғыш президенті. ХХ жүзжылдықтың зор ғұламасы, француз дәстүршілі Рене Генонның пікірінше, жер бетіндегі музыка мен поэзия тек көшпенділер мәдениетінде ғана биікке көтерілген. Осындай тумысы текті, тұғыры биік, тамыры терең дәстүрлі музыканың бір мұрагері – қазақ елі. Біз осы жауапкершілікті қаншалықты сезініп жүрміз? Ойланатын сұрақ. Жаһандануға жұтылмау үшін, ұлттық болмысымызды сақтау үшін бізге ұлттық өнер керек. Бұл – бір. Екіншіден, қазақтың күйі небір симфониялардан ешбір кем емес. Дәстүрлі ән-жырымыз әлем мәдениетінің айнымас бір бөлшегі.

Жаһандануға жұтылмау үшін, ұлттық болмысымызды сақтау үшін бізге ұлттық өнер керек. Бұл – бір. Екіншіден, қазақтың күйі небір симфониялардан ешбір кем емес. Дәстүрлі ән-жырымыз әлем мәдениетінің айнымас бір бөлшегі. Мұны дүниенің әр бұрышындағы мәдениеттанушылар айтып жүр», – деп тебірене сөйлеген еді.

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпараттар мен өз пікіріңізді пайдаланып, «ЖаҺандану жағдайында ұлттық музыка өнерін жаңа бағытта жаңғырту дұрыс па?» тақырыбында аргументтік эссе жаз. Эсседегі сөз көлемі 170-200сөз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2024
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі