Материалдар / Қорытынды сабақ (9-сынып)

Қорытынды сабақ (9-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін тексеру. 2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және жазу мәнерін дамыту. 3. Оқушыларды білімге баулу, олардың кітапқа қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: қорытынды сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу. Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
5359
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.10.2017

Сыныбы: 9 «а»

Пәні: қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін тексеру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және жазу мәнерін дамыту.
3. Оқушыларды білімге баулу, олардың кітапқа қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;

Сыныпты түгелдеу.

ІІ. Тест тапсырмаларын орындау

1. Білім тақырыбына арналған мақалды табыңдар:

а) Бірлік болмай, тірлік болмас;

ә) Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен;

б) Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр серігі.

2. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді көрсетіңдер:

а) Білімге, мектепке, оннан;

ә) Ғалымдікі, ақылмен, жағдаймен; б) Еңбекті, сабаққа, әдебиетті.

3. Қазақ тіліне тән дыбыстар:

а) а, э, ұ, и, н, к, х, я; ә) й, е, ғ, б, в, ж, ү, і; б) ә, й, і, ұ, ү, ғ, қ, ң, ы

4. Дұрыс құрылған сөйлем

а) Қызмет етеді Ыбырай халқына туған;

ә) Ыбырайдың халқына еңбегі сіңді;

б) Балаларына қазақ Ыбырай арнап ашты мектептер.

5. Әл – Фарабиді қалай атаған?

а) полиглот; ә) философ; б) екінші ұстаз.

6. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді қалай атайды?

а) толымды сөйлем; ә) жайылма сөйлем; б) құрмалас сөйлем.

7. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрі:

а) сабақтас сөйлем; ә) салалас сөйлем; б) аралас сөйлем.

8. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңдар:

а) Қоңырау соғылып еді, оқушылар орындарынан тез-тез тұра бастады;

ә) Кеше сабаққа көп дайындалдым, сондықтан бүгін жақсы баға алдым;

б) Сабақтан соң кітапханаға барамын, не кітап дүкеніне барамын.

III. Ой бөлісу

2-тапсырма. Төмендегі сөйлемді талқылап, өз ойларыңды білдіріңдер. Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

(Әл – Фараби)

IV. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау

Гүлденіп тарих, көркейіп өмір, дәурен жаңғырған заманда сан алуан салт та жаңғырады. Өнер-білім тауып өскен елдің салтына да өнер-білім үлгісі, өрнегі кіреді.

(М. Әуезов)

VI. Қорытынды.

Жазған тест жұмысын және синтаксистік талдауды тексеру.

VII. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

VIII. Бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ