"Қош келдің- Әз наурыз!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош келдің- Әз наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағатына қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағат мақсаты:

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ән: «Наурыз»
1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау»
Мұғалімнің құттықтау сөзі.

2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету. 
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы 
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы 
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,- 
деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

1 – жүргізуші: Құрметті халайық!
Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?
Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық. 
/барыс жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Барыс жылы:
- Мен де халқыма дән ризамын!
Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қоян жылын ортаға шақырайық. 
/Сахнаға жүгіріп Қоян шығады/
2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қоян жылы.
Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!

1 – жүргізуші:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 – жүргізуші : 
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
● Ән: «Ағажан»
● Сыған қызы билеп шығады

2 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. 
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын! 

1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?
Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/
Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.
2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!
1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге
Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!

2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/
- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?
- Көктем боп Наурызымыз келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
● Ән: «Айналайын»
1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.

































«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







ДТІЖО:

А.Сыздыкбаева

Ж.Өмірбекұлы





Тәрбие сағат тақырыбы:

«Қош келдің-Әз Наурыз!»



Орындаған: Байбатшаева М.

7 «Ж» сыныбы

2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі