Материалдар / Қош келдің Әз Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз туралы толық түсінік беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тыңдаушы портфолиосы Байшағарова Назым Мұратқызы Талдықорған қ. ПШО ЖМ



С бөлімінің есебі

«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында тәжірибеден өтуге шақырды.

Ұлы ақын Абай Құанбаев: «Өзіңе сен, ақылыңмен жігерің алып шығар екі жақтап» демекші сіңірген білім бойынша тәжрибемде оқу қызметін өткізіп көруге бел будым. Қатынас саласының көркем әдебиет оқу қызыметі бойынша «Қош келдің, төрлет, Наурызым» атты ашық оқу қызметін өткіздім. Жас ерекшелігіне сай дағдыны қою арқылы, күтілетін нәтижені смарт мақсат құрдым. Тақырыпқа сай безендірілген заттық кеңістік орта, мерекелік көңілмен ұлттық киім киген бүлдіршіндер, құттықтап келген шырайлы әріптестер. Ашық оқу қызметімді қазақтың ұлттық салт – дәстүрі «Сүйіншімен» аштым. Салт- дәстүрге қысқаша түсіндірме беріп өттім.

«Наурыз айының белгілері» атты педагог жетекшілігі ойынымда диалог сұрақтар қолдану стратегиясын пайдаландым, себебі, балаға ашық сұрақ қою арқылы баланың берілген тапсырманы қаншалықты түсінгендігін және даму ерекшелігін байқауға мүмкіндік береді. Балаларға наурыз айының ерекшеліктерін басқа айлардың ерекшеліктерімен алмастырып айтып тұрдым, ал балалар дұрыс жауапқа қолдарына берілген оюларын көтеру арқылы ұпай жинады. Ойын шартын тыңдап, ойынды ойнады, қойылған сұрақтарға қолдарын көтеру арқылы жауап беріп, бір – бірімен диалог құру барысында сыни ойлау дағдысы мен қарым – қатынас дағдысы көрінді. Ойынға барлық тәрбиеленушілер қызығушылықпен қатысты. ПЖО ойынының басты тиімділігі – өзіміз ақпарат беру барысында көбіне басты рөлде өзіміз болғымыз келіп, баланың ойымен санаспаймыз, сол себепті, балаға ашық қарапайым сұрақтар қоя отырып, үнемі баламен кері байланыста болу.

Құрылымдалған ойында топтық жұмыс ретінде «Қазақтың мақтанышы. Бренд» атты сюжетті – рөлді көрініс сахналады. Қойылым барысында аздаған қиындықтар туындады. Кейіпкерлер кейбір сөздерін ұмытып қалды, осы сәтте ресурс яғни бәйтеректің даусын қою арқылы балалардың назарын бұруға тырыстым. Бір орында тұрып қалмай, ары қарай жалғастырып кеткеніне сырттай бақылау жүргізіп, заттық кеңістіктің баланың дамуына орасан зор екенін аңғардым. Балаларға домбыра, асық, бауырсақ, құрт және қымыздың ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан асыл қасиетін түсіндіре отырып, бесеуі де қазақтың бренді болуға толықтай лайықты екенін, біздің мәңгі мақтанышымыз болатынына сонымен қатар қастерлеп жүруіміз қажет екенін саралап оқытудың топтарға, рөлдерге бөлу және нәтиже стратегиясын қолдандым. Қарым – қатынасқа түсе алмай жүрген балаларды топтастыра отырып, көріністі сахналауда бір – біріне деген достық жылы сезімдерін оята отырып, татуластыру болса, екіншіден қазіргі балаларға табиғатпен, жан – жануарлармен байланыста өздаған уақыт бөлінеген, басқа бос уақыттары смортфон, планшет немесе жансыз ойыншықтармен (роботтар, брэндтағы қаһарман кейіпкерлер) болғандықтан тұйық, тез ашушаң, өз ойын айтуға ұялатын, ал онлайн өмірде керісінше өмірінің кез- келген әрбір сәтін тезірек болып, нәтижеге жылдам жеткілері келгісі келіп тұратын шыдамсыз, айтылған сынды көтере алмай жылап қалу қасиеттер болмаудың алдын алып, нәтижеге жету мақсатында рөлге бөлу әдіс тәсілін алдым. Қойылымның тиімділігі - көпшіліктің алдында қысылмай өз ойын ашық айта алатын, сабырлы, мейірімді, шынайылық бойынан табылатындай қарапайымдылыққа жетелей алатынына көзім жетті. Ұлдар наурызға арнаған «батырлар» биін үздік орындап, қыздар «наурыз» биін биледі. Жаттап келген шыр – шумақтарын сыйлап, әндерін арнады.

Мерекелік көңілдегі жас бүлдіршіндерге ұйымдастырған «Орамал лақтыру» атты қазақтың ұлттық ойынын еркін ойнады. Ойынның шартын тыңдаған балалар, заттық кеңістік ортада көңілді әуеннің ырғағымен өте белсенділікпен қатысты. Барлық бала толық қатыса отыры, сұраныстары бойынша ойын екі рет қайталанды. Қызығушылық мүдделерін, әр баланың эмоционалды көңіл- күйін сырттай қарап бақылау жүргіздім, жоспарланған мақсатыма жеткенім, балапандарымның жеткен жетістігі екенін айтудан жалықпаймын. Ересек топ балаларының бойындағы отанына деген патриоттық сезімдері мен ұлттық мерекеге деген дайындықтары көкірек көңілімнің түпкіріндегі сезімнің оянуына түрткі болды.

Болашақта балаларды оқытуда нақты керекті, негізгі білімді бере отырып, бала үнін, сұранысына жауап беріп, өздеріне зерттеу жұмыстарын жасата отырып, түрлі әдіс тәсілдерді қолданумен қатар балалардың 4К моделі бойынша дамуына бақылау жүргізу қажет екенін түсіндім. Өз тәжрибемде ресрурстарды көптеп қолдануды, заттық кеңістікті баланың көңілінен шығатындай құрастыруды, ашық сұрақтарды қою арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды, оқу қызметін ашық алаңда да баланың қызығушылығына сай қолданатын боламын. Біз балаға тек ақпарат көзі болып қалмауымыз қажет екенін жоспар бойынша ғана қызығушылықсыз білім бермеуіміз керектігін білдім. Оқыту әдіс – тәсілдеріміз үнемі белсенді, көңілді, салтанатты, болу керек. Бала таңертең ата – анасымен балабақшаға келгенде мерекелік жоғары көңіл күй орнатуымыз қажет. Тәрбиеші ол – психолог, сырлас- дос, ақылшы, сонымен қатар әртіс те болу бойынан табыла білу қажет екен деген ой түйдім.

Жаңартылған бағдарлама зерттеу жұмыстары мен түрлі жобаларға арналған екенін сондай-ақ дәстүрге айналған заңдылықтардан арылуымызға көмегін тигізері анық. Баланы тәрбиелеу мен оқытуда курс жаңашылдығы еліміздің тәрбиешілеріне мүмкіндік бергені үшін, ұйымдастырып отырған педагогикалық шеберлік орталығының тренерлеріне алғысым шексіз!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!