Материалдар / Қош келдің, мерейлі Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, мерейлі Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі
Авторы:
15 Мамыр 2023
211
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қош келдің, мерейлі Наурыз!

(мерекелік кеш)

Мақсаты:

1. Халықтың салт - дәстүрін үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

2. Ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз әдет - ғұрпын , білімдерін шындап, ой - өрісін кеңейту.

3.Оқушылардың санасына халқына деген сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгісі, құрақ көрпе, киіз үй жабдықтары, дастархан, тақырып жазылған плакаттар, музыкалық аппаратура.


(Сахнаға ұлттық киім киген жүргізушілер шығады)

1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар.

2 – жүргізуші: Бармысыздар, қадірменді халайық! Бәріміз асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті Наурыз құтты болсын, елімізге береке әкелсін!

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын»десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын!

2- жүргізуші: ....... сен білесің бе? Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай мейрамдарының бірі -Наурыз.

1 - жүргізуші: Наурыз - көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Тәжіктер мұны Гүлнавруз, татарлар Нардуган, өзбектер Новруз, гректер Патрих деп атаған. Ал, қазақтар Наурыз деп атаған екен.

2- жүргізуші: Наурыз парсы тілінен" Нау - рыз" (жаңа күн) деген сөзінен шыққан. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - "Ұлыстың ұлы күні"- деп атайды екен.

1- жүргізуші: Олай болса, дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні- Наурыз құтты болсын!

2- жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1- жүргізуші: Ұлыс оң болсың! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! («Гәкку» әнімен Шығайбай, бәйбішесі, қызыБізбике сахнаға шығып орналасады )

Шығайбай: Әй, бәйбіше, ас дайын болды ма?

Бәйбіше: Қазір, байеке, ас дайын.

(осы кезде дабырлаған дыбыстар шығады)

Шығайбай: Ойбай, Бәйбіше, жап қазанды, тық.(қазанды шапанмен көмкереді) Сахнаға Алдар, Қожанасыр, Тазша бала кіреді.

Алдар көсе: Уа, тоқтаңдар, ана жаққа қараңдаршы. Бұл не қылған адамдар, тайқазаның жауып жатқан.

Қожанасыр: Бұл жай адамың емес, е.... Шығайбай ғой шық бермес,қызы Бізбике қасында, бұларға не көрінген?

Тазша бала: Тез баралық, көрейік.

Алдар көсе: (Шапанман қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп) Байеке, жұмыртқа басатын тауықтай?! Не істеп жатсың. Қазанға жапқан шапаның жанса қауіп қой.

Шығайбай: Қазан жоқ бұл жерде, кетіңдер?

Тазша бала: Қуын қара, байекеңнің «Наурыз» тойында қазанын қорғамақ қой өзі.

Алдар көсе: (дабыр - дүбір) Аттан, аттан байеке! Бол тез, аттан қойыңа қасқыр шапты.

Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай (Алқынып, жүгіріп шығып кетеді)Соңынан бәйбішесі қызы қазанды алып асығып кетеді.

Сахнаға жүргізушілер шығады.

1 – жүргізуші: О- о – о «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей мынау бір тамаша болды ғой. Наурыздың алғашқы тойшылары болып келген Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала ғой!

2-жүргізуші: Жоғары шықсын қонақтар

Келіп тұрған алыстан

Жақсылықтың жеңісі үшін

Жан аямай алысқан.

Сіздердің әділ істерің

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз-дастан жырлардан

Жастар оқып тыңдайды.

Қожан: Уа, бәрекелді,бәрекелді! Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып орталарыңа жеткеніміз қандай тамаша болды. Оу, Тазша бала, мынау халайыққа сәлем берейік.

Бәрі қосылып: Ассалаумағалейкум, халқым менің.

Қожан: Ардақта Наурыз тойын, салтыңды елім.

Алдар: Мереке басы болсын берекенің

Тазша: Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.

Бәрі қосылып:Мерекені тойласын барлық елім!


1- жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас кәріміз.

Кел шырқайық ән айтып,

Би билейік бәріміз - деп ортаға "-Адай " биімен жігіттерді шақырамыз.




2- жүргізуші: Қашанда құт- береке орнасын деп,

Шашу шашты ырыс - бақ дарысын деп.

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Халқымның қабыл болсын ниеті .

  1. жүргізуші: Ақ жаулықты аналар, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз келді ортаға. (Ортаға

әже келеді)

Әже: Ұлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын! Ақ болсын! (Шашу шашады)


1- жүргізуші: Күлім қағып жетті көктем

Күн сәулесін төкті көктем

Наурыз айы берекелі

Алып келді мерекені

Ортаға «Наурыз көктем» әнімен әнші қыздарымыз Тұрлыбек Керім мен Мұрат Айшаны шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1- жүргізуші: Мың бұрала халқым биге басып,

Келеді міне, ортаға шалқып тасып,

Қазақ биін билеген бишілерді,

Көңілді биін тамашалаңыздар.

Ортада «Наурызға шашу» биін қабыл алыңыздар

2 - жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз.- дей келе ертеден келе жатқан

  1. көрініс ата -аналарымыз Бесікке салу" салт - дәстүрімізді көрсетеді

(Музыка ырғағымен бесікке салу рәсімін өткізеді)


1- жүргізуші Өлеңмен сөз-сайыста қағысқалы,
Өзендей тасты ағызған ағыстары.
Шабыттың тұлпарына қамшы басып,
Қыздармен ұлдарымыз жарысқалы. Алдарыңызда АЙТЫС

Данияр

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз

Аяжан:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Данияр:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап

Аяжан:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді

Данияр:                                                                                                                                                                   

Түрлендіріп қамшы өрсем                                                                                                                 

Қыздарың таң қалады                                                                                                                

Күмбірлетіп күй шертсем                                                                                                           

Мұнда думан болады                                                                                                                         

Аяжан                     

Мақтандың ғой жігітім 

Өнеріңді көрейік                                                                                                                                                                                      

Көрсет сәнді қамшыңды                                                                                                                                                             

Біздер баға берейік                                                                                                                                                                        

Данияр

Тойға барам деген соң                                                                                                                              

Домбыра ұстап жетіп ем                                                                                                                                

Шашақталған қамшымды                                                                                                                  

Үйге тастап кетіп ем                                                                                                                        

Аяжан:

Қалып қойса қамшыңыз                                                                                                              

Тағы тойға келерсіз                                                                                                                   

Сол қамшыны мына бізге                                                                                                                       

Сонда сыйға берерсіз                                                                                                                   

Данияр

Қоштасайық халықпен                                                                                                                     

Ақындарын пір тұтқан                                                                                                                     

Сөз өнерін шөлдегенде                                                                                                        

Рахаттана бір жұтқан


2 - жүргізуші: Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралап, адамдарға дәулет беріп, бақ қондырған екен.

1- жүргізуші: Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейіпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Оның оң қолының бас бармағында сүйек болмайды деседі білгендер. Бәрімізге де Қыдыр баба жолыққай деп тілейміз.

(Музыка. Сахнаға Қыдыр баба шығып, бата береді)

Қыдыр баба: Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.

Қайда барсаң, жол болсын,

Денсаулықтарың зор болсын.

Көйлектерің көк болсын,

Қарындарың тоқ болсын.

Қуаныш, шаттық көп болсын,

Қайғы - уайым жоқ болсын.

Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің

Қырық шілтен жебесін

Көңіліңнің кептерін.

Тілек етіп ұшырасын

Ыстық ұя мектебің

Келешегі елімнің,

Көкжиегі көгімнің,

Азамат боп саналып,

Биіктерден көрінгін!

Әумин!

1 - жүргізуші: Сұлулық қызықпайтын жан барма,

Бақыт тіле келер күнге ,таңдарға

Әнімізді шашу етіп шашайық

Жер бетіне бақыт сыйлар жандарға - деп ортада

1- жүргізуші: Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

2 - жүргізуші: Дендеріңізге саулық, өмірде асқарлы табыстар, игілік, бақыт тілейміз.

Осымен Ұлыстың күніне арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Сау- саламат болыңыздар!

Picture 3 Picture 2


Picture 1 Picture 4

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!