Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қош келдің төрлет, Жаңа жыл!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қош келдің, төрлет, Жаңа жыл»
Акежан: Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге жаңа жыл!
Қане, достар, тұрмайық,
Жаңа жыл кешін бастайық!
(музыка қосылады жүргізушілер
кіреді)
Арай: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады «Қош келдің, төрлет,
Жаңа жыл»атты
Көңілді біздің карнавал!
Маска да бар, би де бар,
асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал.
Акежан: - Арай, сен жаңа жылды қалай қарсы алғың келеді?
Арай: - Білесің бе, Акежан, мен
ертегі еліне барғым келеді, бәрін өз көзіммен көргім
келеді.
Акежан:
- Несі бар,
мен сені
қазір «Ахалай-махалай»- деп-ақ
ертегілер еліне аттандырып жібере аламын.
Арай: -Әзілің шығар. Алайда қарсы емеспін. Мен Гренджи, Гринч деген кейіпкерлері бар ертегіні көрген едім, қалай аяқталғанын көре алмап едім, соны көргім келеді.
Акежан: - Оның жаным, сөз емес- деп, (қолындағы таяқшасын «ахалай-махалай» деп сермеп қалады.
Арай: - Тоқтай тұр, Акежан, алдымен ... (дей бергенше Аяулым мен Айдана серуендеп келе жатады)
Новогодние фанфары
Харли: Жаңа жыл! Ол сондай керемет мейрам! Ол мейрамды барлығы жақсы көреді. Әсіресе, мына залға жиналған достарымыз.
Солай емес па? Бәрі ән айтып, би билейді.Синди-Лу , білесің бе, осыған орай біз де мектепте «Жаңа жыл кешін» өткізейік. Онда түрлі ойындар ойнатып, әндер айтқызып, би билетіп, балалардың көңілін көтерейік.
Синди-Лу: Қандай керемет! Жаңа жылға қарсы, бұл керемет идея секілді, Мен қарсы емеспін.
Сэнди: Онда бізге бұл кешті жақсылап өткізуіміз керек!
(Гренджи жүгіріп шығады)
Гренджи: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!
Сэнди: Не болды саған?
Синди-Лу мен Сэнди: Гринч???
Гренджи: Иә, Гринч, дәл өзі!
(Ханшайым шығады)
Ханшайым: Біреу Гринч деді ма?
(Бәрі Ханшайымға иіліп сәлем береді)
Ханшайым:Сэнди, сен білесің ғой, бүгін біздің мектепте кеш болатынын. Мен Гринчты көргім келмейді. Сондықтан да ешқандай Гринчты көрмедім деп айтындаршы.
Гренджи: Иә, ол Гринч болды, сәл болмағанда ол мені жеп қояр еді.
Сэнди: Жоқ, ол ешқандай Гринчты көрмеді, сондықтан, Ханшайым, уайымдамаңыз.
Гренджи, сені жеп қоюдың себебі түсінікті, сен құссың ғой.
Ханшайым: Бәрлерің естідіңдер ғой, ешқандай Гринч болмайды. Сондықтан кешке дайындала берсек болады.
(Бәрі қуанады, Ханшайым кетіп қалады)
Синди-Лу: Стоп! Маған түсініксіз болып тұр, неге бәрі бұл мейрамда Гринчты көргісі келмейді?
Сэнди: Түсінесің бе , Синди-Лу , Гринч мейрамдарды жек көреді, сондықтан ол мейрамдарды құртқысы келеді.
Гренджи: Енді біз не істейміз? Ол шынымен де Гринч болды.
Ол біздің мерекемізді құртпақшы. Иә, және ол мені жегісі келеді.
Синди-Лу: Онда біздің асығуымыз қажет. Біз оны көндіруіміз керек. Оған барып қал-жағдайын сұрайық.
Сэнди: Жоқ, керек емес. Ол ешқашан өзінің үңгірінен шықпайды.
Себебі, ол өзінің келбетінен ұялады.
(Сэнди мен Гренджи шығып кетеді)
Синди-Лу: Маған мүлде түсініксіз. Мен Гринчқа барып, оның мерекелерді неге ұнатпайтынын білуім керек. Және, мен оны мерекеге шақырамын! (Синди-Лу кетіп қалады)
(Гринч; (Заттар: Стол, картоннан жасалған балға мен телефон, дәптер, қалам, т.б.))
Выход Гринча на телефоне песня You Are a Mean One Mr.Grinch
Гринч: - ОО, Балалар!
-Телефоным қайда?
-Көрейік.Қандай хабарландырулар бар екен?
Авто ответчик: Для вас сообщение не поступало.
Гринч: А, қызық екен!
Авто ответчик: Привет, я Гринч! Если издадите хоть один звук, я вас из под земли достану и в порошок сотру. (Смех).
Гринч: Өзімше орысша сойлегенім ғой.
-Бірақ маған маған хабарламалардың керегі жоқ. Мен үйде отырып-ақ компания таба аламын.
Г:-Сәлееееееем!
Д:-Сәлем!
Г:-Қалың қалай?
Д:-Қалың қалай?
Г:-Мен бірінші сұрадым.
Д:-Мен бірінші сұрадым.
Г:-Не, попугай сияқты менің артымнан қайталап тұрсын?
Д:-Не, попугай сияқты менің артымнан қайталап тұрсын?
Г:-Сен жүн-жүн ақмақсың!
Д:-Сен жүн-жүн ақмақсың!
Г:-Жарайт, бірақ, мен ақырын сөйлеймін, сен естімейсің, и менің артымнан қайталамайтын боласың.
Д:-Сен жүн-жүн ақмақсың!
Гринч: Тааааак, «Жаңа жыл» кеші басталатын болыпты. Солай ма?
Жоспар құру керек.Жоспар, жоспар, жоспар, жоспар, жоспар, жоспар, жоспар.
Басым істе. Басым істе. Басым істе.
-О, балға! Может басым осымен істеп кететін шығар?
(1 соғады, 2 рет соғады «I believe I can fly» на телефоне ) (Кетіп қалады)
(Сэнди мен жұмысшы шығады)
Сэнди: Керемет! Керемет! Керемет! Бірақ, пердені ауыстыру керек, және еденді қайтадан сүрту керек. Айтпақшы, сендер Ханшайымның сүйікті тортын әзірлеп қойдыңдар ма?
Жұмысшы: Уайымдамаңыз! Тортты дайындадық. Мына перделерді оныншы рет ауыстырып отырмыз. Еденді әр 5 минут сайын жуамыз. Мүмкін, сіз біраз демаларсыз?
Сэнди: Иә, мен қобалжып тұрғаннан кейін шығар. Айтпақшы Синди-Лу қайда?
Жұмысшы: Соны айтам, мен оны таңертеннен бері көрмедім. Оның қайда болуы мүмкін?
(Гренджи жүгіріп шығады)
Гренджи: Енді не істейміз? Енді не істейміз? Енді не істейміз?
Сэнди: Саған не болды? Сені қайтадан біреу жеп қоя жаздады ма?
Жұмысшы: Саған қиын екен, сен құссың, сені әрдайым біреу жегісі келіп тұрады.
Гренджи: Жоқ ол емес. Бірақ ол болуы да мүмкін. Мен Синди-Лудың Гринчке кеткенің көрдім.
Сэнди: Енді не істейміз? Енді не істейміз? Бұны ханшайым біліп қойса не істейміз?
Жұмысшы: Таааак, болды, тыныш! Өздеріңді ұстаңдар. Сэнди, сен демалам деп едің ғой. Бар демал. Бәрін өз мойыма алам.
Сэнди: Жарайды, мен кеттім.
Жұмысшы: Так, Гренджи, қазір біз Гринчқа барып, Синди-Лу мен бізге тиіспеуін сұрайық.
Гренджи: Сен бұл сөзіміз өтеді деп ойлайсың ба? Меніңше, өтпейтін сияқты.
Жұмысшы: Енді бізге Синди-Луды құтқару керек.
Гренджи: Енді не тұрыс, кеттік. (Кетіп қалады)
(Гринч, орындықта отырып өлең айтады
Гринч: Жоқ! Керек емес! Өшіріңдер андағыны. Бірақ бұл ән соооондай көңілді. Но маған бұл кеш туралы вообще ойлауға болмайды. Тезірек, мынаны өшіретін бірдеңе табу керек.
Синди-Лу: Кешіріңіз!
Гринч: Оо, Сәлем балақай!
Хм, мында келуге қалай дәтің барды? Тезірек табаныңды жалтырат! Гринчтың үйіне қалай келіп жүрсің сен?!А? Қазір сенің төбеңе найзағай түседі.( Түрін тыржыйтады)
Синди-Лу: Мистер Грю! Менің атым Синди-Лу.
Гринч: Сен менен дым қорқып тұрған жоқсың ба?
Синди-Лу: Мен сізден қорықпаймын.
Гринч: Әдетте мені балалар көргенде жоқ болып кетуші еді.
Синди-Лу: Сенбеймін!
Гринч: Тезірек табаныңды жалтырат!Кет деймін!(Түрін тыржыйтады)
Синди-Лу: Хех, сізге біраз демалу керек секілді.
Гринч: Балалар интернеттен всякий нәрселерді көріп, менен де қорықпайтын болыпты.
-Саған не керек?
-Мен сізді «Жаңа жыл» кешіне шақырғым келген.
-Ха-ха-ха
-А, мен енді түсіндім сіздің неге мейрамдарды ұнатпайтыныңызды.Сізге ешкім көңіл бөлмейтін сияқты. Сіз келсеңіз, сізді барлығы кешіреді деп ойлаймын.
-Бла,бла,бла, бәрі саңдырақ.
-Пожааааааааалуйстаааа! Өтінеееееееемін!Келіңізшіііі!
-Туууй, жарайды, барсам, бара салайын.
-Ура! Кеттік, скоро кешіміз басталады!
(Жұмысшы мен Грэнджи жүгіріп келеді)
Жұмысшы: Қорықпа, Синди-Лу ,біз сені құтқарамыз.Біз сенен қорықпаймыз, Гринч!
Синди-Лу: Достар, мені құтқарудың қажеті жоқ. Ол да бізбен бірге кешке барғысы келеді.
Гринч: Иә, ол дұрыс айтады.
Синди-Лу: Маған сеніңдер, достарым, жүріңдер. Кешіміз біраздан соң басталады. (Бәрі кетіп қалады)
(Гринчтан басқасының Бәрі ортаға шығып қуанады, Гринч шығады)
Синди-Лу: Жоқ, уайымдамаңыздар, бәрі дұрыс.
Ханшайым: Гринчтың атын кім атайды? Онда мейрам құрыды.
Менде сұрақ туындап тұр. Гринч осында болса, мерекеміз көңілді жалғаса ма?
Синди-Лу: Сіз дұрыс айтасыз, бірақ, ол қандай болмаса да, мейрамды бәрі тойлауға тиіс қой.Гринч та бізбен бірге бұл мейрамды тойлағысы келеді.
Гринч: Достар, білесіңдер ме, мен жасаған істерім үшін қатты өкінемін. Мен «Жаңа жыл» қызықты өтеді деп естігем, солай ма, балалар? Балалар, бізге «Жаңа жыл» таяп қалды, бәрлерің осы тауық жылы өте ақылды болыпсыңдар, жарайсыңдар! Каждый жыл сайын мыналар мені Жаңа жылмен құттықтамаған және бұл кешке шақырмаған. Мен оларды кешірдім. Ал сендер мені кешіресіңдер ме?
Ханшайым: Сонымен балалар, Гринчты кешіреміз бе?
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, төрлет, Жаңа жыл» атты кешімізді жалғастырамыз.
Олай болса, 5-сынып оқушысы Тоғжанның орындауында «Шыршаға бардық» әнін тамашалайық.
Гринч: - Достар, сендер мені кешірсеңдер, онда маған алдымен « Джингл бэлс» биін билеп беріңдер.
6-сынып оқушыларының орындауында «Джингл бэлс» биі.
Әкежан: - Арай, міне, көрдің бе, мен айтқанымды орындадым, қалай, ұнады ма саған?
Арай: - Керемет! Менің сендермен танысқым келеді. (Арай бәрімен танысады да):
-
Гринджи, сен бүгінгі кештен не көргің келеді, сенің де тілегіңді орындай аламыз, солай ма,
Акежан: - Дәл солай, айтсаң болды.
Арай: - Ендеше, Нұрәли мен Рауан бізге «Сиқырлы қолғап» ойынын ойнатсын, бәріміз шыршаны айнала ортаға тұрайық.
Ойын «Сиқырлы қолғап» ойыны.
Акежан: - Арай, біз қазір кезекті 7-сыныптың биіне берейік.
7-сыныпың орындауында «MI CENTE» биі.
Арай: - Аружан мен Балаусаның орындауында « Зырлайды шанамыз» әнін қабыл алыңыздар.
Акежан: - Арай, аяз ата, Қаршақызсыз жаңа жылдың сәні жоқ сияқты.
Олар неге келмей жатыр, шақырып көрсек қайтеді?
Арай: - Шақырсақ, шақырайық.
Бәрі: -Аяз ата, Ақшақар.
Өтеміс пен Лания шығады. Екеуі көңілсіз, ренжіп шығады.
(Екеуі болған оқиғаларын айтады)
Акежан: - Арай, мыналар нағыз Аяз ата мен Ақшақарға ұқсамайды ғой, енді не істейміз?
Арай: - Мүмкін емес. Қайта шақырып, көрейік.
Бәрі: -Аяз ата, Ақшақар.
Сол кезде нағыз Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Екеуі таң қалады.
Аяз ата (Өтеміс): – Аяз ата, Ақшақар, кешіріңіздерші, біз ...
Ақшақар (Лания): - Сіздер келмей қала ма деп ойлап, кешті құтқармақшы болдық. Достарымыз Аяз ата мен Ақшақарды асыға кұткен еді. Сіздердің келгендеріңізге қуанып тұрмыз, солай ма, балалар?
Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар!
Аяз
ата: Уа,
жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан 0
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата —
аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Ит
жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи
жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең
болсын.
Ақшақар: Мен
сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған
бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
5-сынып
оқушыларының «I CAN FLI» биі
орындалады.
Акежан: - Аяз ата, Ақшақар, біздің балалардың сіздерге әзірлеген көңілді әзілдері бар, тыңдап көрейік.
6-сынып. «КТК» әзілдері.
Арай: - -сыныптың ойынын ойнап көрейік.
Ақшақар: - Балалар, жаңа жылдық бір ән шырқасақ, қалай болады, қане, ортаға келейік.
Акежан: -Ал, Аяз Ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине , әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан , сіздерді көп бөгемейік.
Арай: -Иә, Ата мына халқыңызға бата берер кез де келді ғой деймін.(Аяз Ата батасы.)
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Ән: «Жаңа жыл».
Арай мен Акежан: - Қане достар, енді сіздерді «Қош келдің, төрлет, Жаңа жыл» би кешіне шақырамыз.