Материалдар / Қосағалы батыр
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қосағалы батыр

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
605
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Азат тауында алып денелі Қосағалы батыр Төлекұлының (1740-1813) мазары бар. Тарихи ескерткіш Ақмола облысының киелі нысандары картасына енді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов айтып берді.Серік Ысқақовтың айтуына қарағанда, Көкшетау өңірінің тумасы батыр Орта жүздің ханы Уәлидің заманында өмір сүрген. «Қазақтың белгілі күйшісі Дәулеткерей оған өзінің «Қосағалы» атты күйін арнаса, Ақмола-Көкше аймағында оның атымен аталатын жер, су атаулары да кездеседі. Қосағалы батыр  зираты  басына жер-жерден тәу етіп келушілердің де қарасы мол. Қазіргі таңда, Қосағалы батырға мазар тұрғызылды. Аталған жер жергілікті адамдар мен облыс қонақтары үшін киелі орындардың бірі болып саналады»,- дейді С.Ысқақов.Қосағалы батыр бойы - 276 см алып денелі батыр болған. Оның жерлеу орны-4 метрді құрайды. Маңдайшасындағы  жазулар арабша жазылған,  қабір басындағы жазуы қазақ және орыс тілінде «Руы жақсылық Қарауыл», «Богатыр Қосағалы Толеков» деп жазылған.Шағалалы өзенінің тауды айналып өтетін тұсында Жақсылық Қарауылға жататын «Сай» ауылынан тараған «Жалғыз қарағай», «Қырдағы ауыл», «Былқылдақ», «Талдағы ауыл», «Өзен қарағай» дейтін ауылдарды Қосағалы батыр жұрты мекендеген.Қосағалы батыр арғын руы Қарауылдың Жақсылық тармағынан тарайтын Баянұлы Байтөлектің баласы.Танымал журналист-жазушы Тортай Садуақасовтың 2004 жылы жарық көрген «Ел мен жер» кітабындағы шежіреде: Қарауылдан төмен Мәшек атасынан - Есенбай-Әлімбет-Жақсылық-Баян-Төлек-Қосағалы-Байбол-Күлес-Жәулә-Есқақ-Қабдолла болып ұрпақтары деп көрсетілген. Батырдың әкесі Төлектің тоғыз мың жылқысы болыпты.1723-1730 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» жадап-жүдеп осы жаққа жеткен қандастарымызға мал, жер беріп көмек көрсеткен атымтай жомарттығына сай ел-жұрт оны Баянұлы Бай-Төлек атап кеткен-міс.Қосағалыны өз тұсында Омбы шекпенділерінің шенеуніктері, татар байлары да танып, сыйласып, онымен санасқан. Оған Омбы губернаторы «Алтын тон» аталатын оқалы шапанын тарту еткен. Бұл жәдігер жұрнағы күні кешеге дейін батырдың ұрпағы Дәкен Боқанов ақсақалдың үйінде сақталып келген.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!