«№ 7 жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ
Ашық
сабақ:
«Мен мектепке
барамын.
Қосамын және
азайтамын»
Өткізген:Жумабаева.М.С.
2017-2018 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы: «Мен
мектепке барамын.Қосамын және азайтамын»
Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға
қосудыңжәне азайтудың жолдарын үйрету, түсінік
беру.
2) Оқушыларға жаттығу
жұмыстарын жүргізе отырып, шапшаң ойлау қабілеттерін, ой -өрісі
кеңейту
3) Ұқыптылыққа, зеректілікке,
ұйымшылдыққа және таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын
сабақ
Сабақтың типі: Аралас
сабақ
Сабақтыңәдісі:
түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын
Көрнекілігі:
суреттер,плакаттар,үнтаспа.
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
«5»-тік болсын алар
бағамыз
Білімнен бақыт
табамыз
Өнер-білім көп
тоқып
Өсе берсін
санамыз.
-Сәлеметсіздер ме,
балалар,отыра қойыңдар!
-Көңіл күйлерің
қалай?Ендеше,осындай көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды
бастаймыз!
ІІ.Өткенді
пысықтау.
-Балалар біз өткен сабақта
сендермен қандай ұғымдармен таныстық?
-Артық,кем!Жақсы,ендеше,барлығымыз алдымызда 2 тәрелкеде
тұрған мына кәмпиттерді салыстырып
жіберейікші.
-1 –тәрелкеде қанша кәмпит бар
екен?Кім шығады?
-2 –тәрелкеде
ше?
-Қай тәрелкедегі кәмпиттер
артық,көп?
-Қанша кәмпит
артық?
-Жарайсыңдар!
ІІІ.Жаңа
сабақ.
-Балалар,бүгін бізге бір
қонақтар келіп қалды?Қанекей тауып
көрейікші...
Әуенін
қою
-Бұл қай мултьфильмнің әуені
еді?Әрине,маша мен аю
Олар бізден көмек сұрай
келіпті.Аю машаны мектебінің алдында күтіп тұр екен,Маша жолда
түрлі тапсырмаларға тап болып мектебіне жете алмай тұр көмектесеміз
бе,Машаға балалар?
-Ендеше бүгінгі сендермен
өтетін тақырыбымыз «Мен мектепке барамын.Қосамын және азайтамын»
деп аталады.
-Балалар,бірінші тапсырмаға
қарайықшы мектеп алдында 1 суретте қанша оқушы тұр,3 оқушы,оларға
тағы 1 оқушы келіп қосылды сонда қанша оқушы
болды?
Ендеше осыны,тақтаға шығарып
жіберейікші:
3+1=4
Келесі суретке назар аударайық
мектеп алдында 2 суретте қанша оқушы тұр?
4 оқушы болып әңгімелесіп
тұрды
1 оқушы үйіне
қайтты
Сонда қанша оқушы
қалды?
Қанекей кім жазып жібереді
екен?
4-1=3
-Жарайсыңдар,Машаны 1 тапсырмасынан
бірге өттік.
Келесі тапсырма,балалар біз
нешеге дейін санау білеміз?
20-ға дейін жақсы.Ал,санаудың
неше түрі бар?
2-тура және кері
санау?
Қанекей,кім маған 10 ға дейін
тура санап береді?
-Жақсы,бұл санаудың қандай
түрі ,ал енді кім кері санап береді?
-10-нан 20 ға дейін кім санап
береді екен,тура және кері,
-балалар,біз осы орыс тілі
ағылшын тілін өтеміз,ия
-ендеше,кім маған орыс тілінде
10 ға дейін санап береді?
-ал,ағылшын тілінде кім санап
береді?
Жарайсыңдар,Машаны мекпке
жақындаттық,
-тақтадан нелердің суретін
көріп тұрмыз?
Самалет 1 аймақта 2
самалет,оған тағы бір самалет келіп қосылды сонда қанша самалет
болды ?
2+1=3
2 аймақта 2 самалет тұр ия, 1
самалет ұшып бара жатыр қалай есеп
құрастырамыз?
3-1=2
Жақсы,жарайсыңдар!
ІV.Сергіту
сәті
1. Оң қолымда 5
алма,
Сол қолымда 5
алма,
Барлығын
қосқанда
Болады неше
алма?
2. 5 алманың
үшеуін,
Досың сұрап
алады.
Айтшы сонда
нешеуі
Өз қолыңда
қалады?
V.Дәптермен
жұмыс
Келесі тапсырма,Суретке
қарайықшы,автобуспен мектепке барлығы қанша бала бара жатыр
?
5-1=4
4-1=3
3-1=2
2-1=1
Жарайсыңдар,барлық
тапсырмаларды орындап мектебімізге Маша мен жеттік
пе?!
-Жақсы,балалар бүгінгі
сабақтан алған көңіл күйлеріңді смаиликтер мен көрсете
қойыңдаршы.Мен смаиликтердің көзін салдым,бірақ көңіл күйін сендер
сала қойыңдар.
Сосын көңілді смаиликтерді
жасыл түсті қалташаға жинаймыз,көңілсіздерді қызыл түсті қалташаға
жинаймыз.
-Жарайсыңдар!
VI.Бағалау.Балалар,сендер ата-аналарыңа 5
алғандарыңды қалай көрсетесіңдер?
Ендеше,мен сендерді
сондай 5 тік бағамен бағалайын!
Жарайсыңдар!
-Осымен бүгінгі
сабағымыз аяқталды.Келгендеріңізге көп рахмет.Орнымызлан тұрып
келген қонақтарды шығарып салайық.
Жумабаева .Малике.
Советовна