400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қостанай астық қоймасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қостанайда шығатын астық өнімдерін баяндау. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҰОҚ конспектісі № 22

Ортаңғы «Еркетай» тобына арналған.

Тәрбиешінің аты - жөні: Изеева Б.Ж

Балалардың жасы: 4-5

Тақырыбы: Қостанай еліміздің астық қоймасы.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға көрнекі құралдарды  пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

Дамытушылық: ой өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданатын құрал – жабдықтар: нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері. Астық қоймасы туралы слайттар.

Алдын - ала өткізілген жұмыстар сөздік әрекет кезеңі;

Болингивальды бөлім: нан – хлеб;

Шаттық шеңбер.Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап, құшақтап «Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға,  ата-анамызға, апайларға  күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел,балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте ерекше.

Тәттібектің келуі.

- Балалар біздің топқа келген Тәттібектің бізге қояр сұрағы бар екен. Сұрақ қоймас бұрын, ғажайып әңгіме айтып бергісі кеп тұр. Тыңдауға дайынбыз ба?

Ғажайып ағаш туралы. Баяғы өткен заманда бір еріншектер елінде жерге бидайдың дәнін отырғызыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұрт та емес, апельсинге де ұқсамайтын нан, тоқаш,бауырсақ, печенье өсіпті. Балалар болса, түскі асқа да, кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті. Сол жер қарағайлы орманға, таза көлдерге айналыпты.

Әрі қарай ертегімізді жалғамас бұрын нан қалай дастарханға келеді, білеміз бе?

Суретпен жұмыс

Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.

-Астық жинау.

Дәнді егістіктен жинау.

Элеватор және қоймалар.

Ал біздің елімізде астық жинайтын қоймалар бар. Ол Қостанай облысында. Астық қоймасы — астық сақтауға арналған ғимарат. Ол астықты жауын-шашыннан, зиянды кеміргіштер мен құстардан қорғауға, астықты тиеп түсіруге ыңғайлы және бақылауға қолайлы болуы қажет. Астық қамбасының еденді, қамбалы және сүрлемді түрлері бар. Сонымен қатар облыс таза көлдерге және ормандарға бай.

Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер – Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі шөпті өсімдікті, қайыңды-көктеректі және қарағайлы орманды (Арақарағай, Аманқарағай) қара топырақ; орталықта – түрлі өсімдікті, қарағайлы орманды – Науырзымқарағай, қорық  ұйымдастырылған,  сарғылт топырақ; оңтүстік бөлікте – бетегелі және жусан өсімдікті ақшыл-сары топырақ.

Дидактикалық ойын «Нан пісірейік».

Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады. Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.

Бірнеше дақылдарды үстелге қояды.

Ұнды неден және қалай алады?

Суретпен жұмыс

-диірменді қарау. Диірменнің түрлері. Сумен, желмен, тоқпен.

Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды. (Егін)

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай, басын иіп аққудай

Трактор мен комбайн жүргізуге дайын.

- Балалар,мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды қалай жасайды?

Нан туралы мақал-мәтелдер үйретіледі.

Ас атасы - нан, Нан - тіршілік көзі, Нан бар жерде, ән де бар.

Рефлексия “Нан –байлық, нан-береке” деп халқымыз бекер айтпаған. Қаншама адам еңбек етеді. Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек. Жасаған нанымыздан Тәттібекке сыйлайық, өз еліне ала кетсін.

Күтілетін нәтиже:

Білу:1/.Ертегінің мазмұның , нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын білу;

2/. Нанды қастерлеу керектігін түсіну.

3/.Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру;






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.10.2020
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі