Материалдар / Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті 1 сынып. Ауыстырымдылық қасиетіне байланысты түсіндірмелер, тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
568
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Пәні:

математика

Сабақтың тақырыбы:

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

қосудың ауыстырымдылық қасиетін, есептерді шығару әдісін түсіндіреді;

-бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады.

-оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Сабақтың барысы:

Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

7 минут

Ширату жаттығуы:

Бір екі үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Өзектендіру. «Доп лақтыру» ойыны.

5+3 2+2 4+3 8 – 6 5+5 7 – 2

Мақсат қою. Мұғалім тақтаға үш сары текше мен екі қызыл текше жапсырады.

Оқушыларға сұрақтар қояды:

Сары текше нешеу? (3)

Қызыл текше нешеу? (2)

Барлығы неше текше? (5) 3+2=5

Текшелердің орындарын ауыстырып қояды.

Қызыл текше нешеу? (2)

Сары текше нешеу? (3)

Барлығы неше текше? (5) 2+3=5

Екі санның орындарын ауыстырып қоссақ та, қосындының мәні бірдей болғанын көрдік.

Бұл қасиет қалай аталады?

Ережесін тұжырымдай аласың ба?


Ширату жаттығуын орындайды.










Сұрақтарға жауап береді.




Өлшеу жұмысын орындайды.


Ауызша мадақтау


8 минут

Жаңа сабақ. Оқулықтағы №1тапсырманы орындау ұсынылады. Суреттерді салыстыр. Сен не байқадың?

Бірінші суретте кі ұл мен бір қыз бала тұр.

Барлығы неше бала? 2+1=3

Екінші суретте бір қыз бен екі ұл бала тұр.

Барлығы неше бала? 1+2=3

Ереже оқылады. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. 2+1=1+2

Бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті деп аталады.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Қосудың ауыстырымдылық қасиетін үйренеді.



Ережемен танысады.












өзара бағалау






12 минут

Тапсырма. Оқулықтағы 2 тапсырманы орындау ұсынылады. Суретте және сан кесіндісінде қосудың қалай орындалғанына қарап, айтып бер. Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің орындалатынын тексеру.

Оқулықтағы №3 тапсырманы оқушылар өз бетімен орындайды. Оқушылар үлгіге қарап, сурет бойынша өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастырады.

4 + 3=7 2 + 6=8

3 + 4=7 6 + 2=8

7 – 4=3 8 – 2=6

7 – 3=4 8 – 6=2

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі 1 тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Сурет бойынша мысалдар төрттігін
құрастыр. Мұғалім қосуға кері амал азайту амалын қолданып, бос орындардағы сандарды анықтауды ұсынады.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

4+2=6

2+4=6

4+2=2+4



Сурет бойынша өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастырады.




Сергіту сәтін жасайды.








Оқушылар сурет бойынша мысалдар төрттігін
құрастырады.

4 + 5 =9 9 – 4 =5

4 + 3 =7 5 + 4 =9

3 + 4 = 7 7 – 4 =3

9 – 5 = 4 7 – 3 = 4



Оқулық


Баспа негіздегі

жұмыс дәптері

5 минут

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

«Сәйкестендір» әдісі. Оқулықтағы 4 тапсырманы орындау ұсынылады. Суретке қай қосынды сәйкес келеді?

Бірінші суретке сәйкес келетін қосындылар:

3+4=7 4+3=7

Екінші суретке сәйкес келетін қосындылар:

3+5=8 5+3=8


Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің орындалатынына көз жеткізеді.




Оқулық,

Қима қағаздар

Рефлексия

3 минут

Сабақтан алған әсерін бет әлпеттері арқылы көрсетеді







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!