Материалдар / ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығушылығын арттырады. Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау-табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді. Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика-үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауды қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Басығараев Ж.М

Б.ғ.к, аға оқытушы,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ.

Әлтаева А.Б

Магистрант, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ.


Табиғат, Отан және Атамекен деген ұғымдар бір-бірімен үндес әрі мағыналас сөздер. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.

Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.

Көптеген педагог-ғалымдар адамның табиғатқа қарым-қатынасы оған деген сүйіспеншілік сезімі жас кезде алған тәлім-тәрбиеге тікелей байланысты екенін айтып жүр. Табиғат қорғау мәселесі педагогикалық мәселелердің негізгі бір бөлігі деу өте орынды. Бұл жағдайды қазіргі кезде баспасөз бетінде көбіне экологиялық мәдениеттілік деп атайды.

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) « Адам және биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады.

Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал, 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді.[7, 21 бет]

1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап,оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж), Беч (1983) , Мәскеу (1987 ж) т.б. қалаларында өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.

Осы бағытта егеменді еліміздің жоғары парламенті мен үкіметі «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы», (1997ж) «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспары » (1996 ж) «Экологиялық білім беру бағдарламасы» (1999 ж) т.б.маңызы зор құжаттар қабылдады. [7, 22 бет]

Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық мәдениет», «Экологиялық этика» т.б.

Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығушылығын арттырады.

Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау-табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді.

Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика-үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауды қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.

Экологиялық мәдениет - экология білім мен тәрбиенің жемісін көру, адамның жоғарыдағы экологиялық ұғымдарды түсіну мен ұғыну деңгейінің өміршеңдігін көрсетеді. [7, 22 бет]

Биологияны оқыту әдістемесінде экологиялық мәдениет туралы мәселелер әдіскер-биологтар Н.М.Верзилин, И.Д.Зверев, А.П. Сидельковский, А.Н.Захлебный, И.Т.Суровегина, И.Н.Пономарева, К.Стошкус және т.б. еңбектерінде жарық көрді. Бірақ бұл ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында «экологиялық мәдениет» жекелеген ережелер түрінде ғана көрініс тапты.

Жоғарыдағы ғалымдар мен педагогтардың экологиялық мәдениетке берген анықтамаларын теориялық жағынан қарастыруға негіз етіп алып, төмендегідей тұжырымдаймыз: экологиялық мәдениет-барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиеті.[3, 27 бет]

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қосымша білім берудің маңызы зор. Қосымша білім беруді тұлғаны дамытудың құралы ретінде қарастыруға болады. Өйткені, ол оқушының жеке қабілеттерін, ынта-ықыласын, қызығуын, құнды бағдарын шындап жетілдіреді, индивидтің тұлғалық мінез-құлқын реттейді. Балалар мен үлкендердің бірігуі педагогикалық қолдауды сезіндіреді және жасөспірімдер онда әлеуметтік әрі кәсіптік тұрғыдан өздерін анық айқындай түседі.

Әртүрлі деңгейдегі мекемелердің білім беру нәтижесі әр қилы болуы мүмкін. Алайда, білім алу механизмі тұлғаның процестуалдық жағынан дамуы бірыңғай күйінде қалады. Яғни, бұдан адам өзін үздіксіз жетілдіруге, білім алуға, өзін-өзі танып білуге талпынады. Мұндай сұраныспен тәрбие беру- барлық қосымша білім беру жүйесінің түпкі мақсаты.

Қосымша білім берудің ерікті негіздегі бірлестіктері диалогтық және субъект- субъект қатынастарын құруға қабілетті. Соның нәтижесінде балалар мен үлкендер білімдік, кәсіптік және мәдени құндылықтарды өзара меңгеруді жүзеге асырады. Олай деуге негіз, тек қосымша білім беруде ғана ізденіс жұмыстарын еркін атқаруға мүмкіндік туады. Бұл өз ретінде баланың тұлғалық өсуін, өмірде өзінің тануын шығармашылық әлеуетінің ашылуын, т.б. қасиеттерін қамтамасыз етеді. Б.Герщунскийдің айтуынша, функционалдық сауаттылықтан кәсіби құзыреттілік пен тұлғалық мәдениетке жетуге мүмкіндік береді.[6,37 бет]

Барлық мектептерде экология арнайы пән ретінде оқытылмайтынын ескерсек, шектелген уақыт ішінде география, жаратылыстану т.б. пән сабақтарында оқушылар экология ғылымының белгілі бір бөліктерінен ғана білім алады деп айтуға болады.

Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.

Үйірме – бұл мектептен тыс жұмыстардың немесе қосымша білім беруді ұйымдастырудың кең тараған және тұрақты түрі. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатыса алады. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде экологиялық бағыттарда ұйымдастырылған үйірмелердің маңызын жоғарыдаатап өткенбіз. Экологиялық үйірмелерді «Жас эколог», «Мөлдір бұлақ», «Жасыл желек», «Жас табиғат қорғаушылары» т.б. атаулармен жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Бұл баяндамадағы экологиялық үйірме «Жас зерттеуші» деп аталады. Үйірме мектептен тыс мекеме аудандық Оқушылар үйі базасында 2019 жылдаң бастап «Жас зерттеуші» атауымен өз жұмысын қайта бастады. Үйірмеге негізінен жоғары 5-9 сынып оқушылар тартылған. Үйірменің оқу бағдарламасы жасалып онда оқушыларға экологиялық негіздері, биосфера туралы ілім, өсімдіктер және жануарлар экологиясы, табиғат байлықтары оларды тиімді пайдалану және қорғау, туған өлке экологиясы, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология, экологиялық құқық, Қазақстан экологиясы тараулары қамтылған.

Атқарылған жұмыстың бір мақсатта жүргізілетіні белгілі. Осы үйірменің жұмысын ұйымдастыруда төмендегі негізгі мақсаты қойылды:

Барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғат құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиетін қалыптастыру.

Үйірме жұмыстарының міндеттері:

  • Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көз қарастарын қалыптастыру;

  • Оқушылардың білімін ғылыми негізде толтыру және кеңейту;

  • Әр түрлі ғылыми жаңалықтарды ашуға оқушылардың қызығушылығын арттыру ;

  • Оқушыларды экологиялық ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстарына баулу.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білімді қабылдаудағы психологиялық – педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім жүйесін күрделендіре түсу;

Үйірмеде төмендегі жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде.

Үйірме сабақтары: пікірталас, рольдік ойындар, пікірсайыстар, конференциялар, кештер, кездесулер, практикалық жұмыстар, табиғатқа экскурсиялар;

Табиғатты қорғау бұрышы: оқушылар өз жұмыстарын жинақтап көрсетеді. Табиғатты қорғау бұрышындағы оқушылардың жұмыстарын төмендегіше топтастыруға болады.

  • ақпараттық

  • тәрбиелік

  • насихаттаушылық

Зерттеу тақырыптары бойынша жұмыстары: үйірме мүшелері өздері қызығушылықтарына бойынша зерттеу тақырыптарын таңдап ізденіс жұмыстарын жүргізеді.




Үйірме мүшелірі «Менін қызықты үйірмем» Үйірме мүшелері сабақ үстінде

атты байқауға қатысу сәті


Үйірме жұмыстарына қазіргі таңда 15-ке жуық оқушылар тартылып жұмыс жасауда. Үйірме мүшелері, үйірме жұмыстарының барысында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды. Атап айтар болсақ үйірме мүшелері: Қ.Танірбергенова, А.Ералханова, Ж.Искакова, Ұ.Қонырова, А.Тұнғышпай, Р.Олжасұлы, А.Ақылбек облыстық ғылыми зерттеу және жобалар конкурсына қатысып жүлделі орындарды жеңіп алып дипломмен марапатталды

Үйірме мүшелері зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әл-Фаараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста. Аталған ЖОО ғалымдары оқушыларға ғылыми жетекшілік жасауда. Үйірме мүшелерінің зерттеу тақырыптары түрлі экологиялық өзекті мәселелерге бағытталған.

Экологиялық бағытта үйірме жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы қазіргі таңда арта түсті. Қосымша білім беруді жоғары педагогикалық шеберлікпен ұйымдастыру арқылы барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін экологиялық білім жүйесімен және іс-әрекетпен қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиетін тәрбиелеу қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева – «Экология» Алматы. Экономика. 2002ж

  2. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева – «Экологиядан оқу - әдістемелік құрал» Алматы. Экономика. 2002 ж

  3. К.Исламова - «Экологиялық мәдениет- баршаға» Қазақстан мектебі 2000 ж №5,6 26-27 б

  4. Г.Орынбаева – «Оқушыларға экологилық тәрбие беру» Алматы. Рауан 1993 ж

  5. С.Қаженбаев, С.Махмутов – «Табиғатты қорғау» Алматы. Ана-тілі 1992 ж

6. Ә.Жолдасбеков – «Қосымша білім беру» Қазақстан мектебі 2004 ж №9 37-38 б

7. Ж.Шілдебаев – «Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері»

Қазақстан мектебі 2004 ж №7 21-23 б

8. Н.Н.Родзевич, К.В.Пашканг-Табиғатты қорғау және көркейту. Алматы. Мектеп,1984ж








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!