Авторы: Даулетбаева Нурия
Кожабаевна
Маңғыстау облысы Ақтау
қаласы №46 Балбұлақ балабақшасы МКҚК
Топ атауы:
№ 46 «Балбұлақ»
ересек тобы
Білім беру саласы:
«Қатынас».
Бөлімі: «Сөйлеуді
дамыту»
Тақырыбы: «Қоянмен танысайық» атты ашық оқу
қызметі
Мақсаты: Балалардың үлгі бойынша сипаттама
түрдегі жүйелі әңгімені құру іскерліктерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділігі: Сөзді құруға
жаттықтыру.
Дамытушылық: Байланысты тілдерін, есте сақтау
қабілеттерін, байқампаздықтарын, кішірек егжей-тегжейлерін байқау
іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз бетінше әңгімелеу ықыластарын
тәрбиелеу.
Қолданатын
құрал - жабдық:ақ,сұр қоянның суреттері,түлкі мен қасқырдың
суреттері.
Сөздік
жұмыс: ұзын құлақ сұр
қоян.
Қызметтің
кезеңдері
Тәрбиешінің
іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
– қозғаушылық
Шаттық
шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп.
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңберін
жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
- Балалар
орнымызға отырайық, осы көңілді күйде іс – әрекетіміз-ді
бастайық.
- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз мезгілі
- Күз айларын
атаңдаршы?
- Қыркүйек,қазан,қараша
- Күз мезгілінде не
жауады?
- Жаңбыр
жауады
- Ауа – райы қандай
болады?
- Салқын болады.
-Жапырақтар
қандай түске боялады? -Сары түске боялады
- Жарайсыңдар балалар, дұрыс.
- Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың
шешуін тауып көріңдерші.
Құлағы ұзын,
Көзі қыли.
Қорқады да,
Жүреді ылғи.
- Дұрыс балалар, бұл – қоян. -Қоян
- Балалар, қоян
үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма? -Жабайы
жануар.
- Үй жануарлары
– ол біз үйде күтіп ұстаған жануарлар.
Қоян орманда өмір сүргесін ол жабайы жануар деп
саналады. Бірақ үйде де өсірілетін қояндар болады, ол үй қояны
– көжек.
- Жарайсыңдар
балалар, мен сендерге қоян туралы ертегі айтып берейін. Ал сіздер
зейін қойып тыңдаңыздар.
«Қоянның
үйі»
Орманда түлкі мен қоян
өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан
болыпты.Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден
еріп кетті. Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.
- Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап - сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп
алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.Қоян жылап келе жатып, иттерге
кезігеді.
- Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
- Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш
үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім...
- Жылама! Біз ол оңбағанды қазір - ақ қуып шығамыз.
Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
- Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның үйін!
- Жәрайды! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы
болмайды ғой! Барлығыңды быт - шыт қыламын!- деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып
тұрады. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи - қаңғи шаршап,
тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.
- Қоян - ау, не болды. Сонша неге жылайсың?
- Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы
ағаш үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қуып шығамын.
- Жо - оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.
- Көресің, қуып шығамын.
- Аю үйшіктің алдына келіп:
- Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.
- Түлкі болса пеш үстінен:
- Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт - шытыңды шығарамын! –
деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды
ойлады.
Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын
айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы
бар.
- Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп сұрады.
- Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш
үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
- Жо - жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды,
қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!
- Жүр, көрерсің! Қуамын!
- Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта
бастады.
- Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен
шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын, - дейді.
- Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса,
оны да шалғынша шабамын! - деп әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір - қазір, тонымды киіп жатырмын!» -
дейді.
Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып
кетеді.
Аман – сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің
көмегімен қайтадан өз үйінде тұра
бастайды.
- Балалар,
ертегі сендерге
ұнадыма?
-Иә
- Балаларға
сұрақ
қояды
- Қоянның құлағы
қандай?
- Ұзын
- Неше құлағы
бар?
- Екеу
- Қоян нені жақсы
көреді?
- Сәбізді жақсы көреді.
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қоян неден
қорқады? - Қасқырдан, түлкіден
қорқады.
- Иә, дұрыс балалар.
-Балалар, енді назарларыңды бері аударыңдар
(суретпен жұмыс) Ертегіні мнемотехника кестесі бойынша
айтады
Сергіту
сәті:
Бармақ боп тойға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп.
Тұмсығын жуды,
Қолын жуды.
Құлағын жуды, сілкінді,
Құп – құрғақ боп сүртінді.
Балалар қоян бізге
тапсырма әкеліпті, қанекей қоянның тапсырмасын
тыңдайықшы
Дидактикалық
ойын: «Қоянды әшекейлейік»
Мақсаты:Балаларды шапшаңдыққа, қырағылыққа
үйрету.Тастарда бейнеленген қоянды
құрастырады.
Қортындылау.
Мадақтау.
Рефлексиялық-
түзетушілік
- Балалар,
осымен бүгінгі оқу іс – әрекетімізді
аяқтаймыз.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: суреттен қоянды
таниды.
Игереді: қоянның қыста ақ, жазда сұр болатынын
игерді.
Меңгереді: қоян туралы, оларға қамқорлық көрсете
білуді.