Материалдар / Қозғалмалы ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қозғалмалы ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды дамыта отырып ,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2023
179
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Конференцияға қатысуға өтініш


Секция атауы: _________________________ Баяндаманың тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»______ Тегі (құжат бойынша): Мурзалиева _________________ Аты (құжат бойынша):Салтанат ___ ____________________ Әкесінің аты (құжат бойынша):Тюлюндеқызы__________________ Жұмыс орны: Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия___ Лауазымы: Денешынықтыру пән мұғалімі________________________ Байланыс телефондары:87078293949___________ E-mail:saltanat_385@mail.ru_______________________
































« ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРЫ»


Мурзалиева Салтанат Тюлюндеқызы денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

Қазақстан республикасы,Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы Saltanat_385@mail.ru


Сабақтың мақсаты: Топтарда қауіпсіз жұмыс істеу; Денсаулықтың негізгі аспектілерін түсіну

Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу

Сәлемдесу.Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.Дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережесін, сақтау туралы үнемі айта отырып түсіндіру Сапқа тұру. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді ,Саптық жаттығулар. Қозғалыста Орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай. оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру,жүгіу. Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау,орындай отырып,оқушыларды жылдамдыққа,ептілікке баулу

Оқушыларды қозғалмалы ойындарға ынталандырып,қозғалыстан тұратынын оқушыларға түсіндіре кетуміз керек.

Қозғалмалы ойын адам өмірінің ауа дай қажет,

деп те айтсақ артық болмас. Оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданады.

      Ойын – оқушылар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандыра түседі.

   Оқушылар қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.

Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .

Қимыл –қозғалыс ойыны

 

Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта алады.

Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.

Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

 

1. Жеке ойнайтын ойындар:

а) «Жел мен желбақыш »;

ә) «Айнал да жүріп кет » .

2. Екеу болып ойнайтын ойындар :

а) «Кім күшті ?»;

ә) «Кім бірінші болады ?».

3. «Эстафета ойыны»

«Доп» ойны

Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады . Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап,тіл табысуға көп көмегін тигізеді .

Ұлттық ойындар:

«Асау мәстек»

Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға

Былай дейді.

Ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп,

Құламасаң теңкейіп,

Ерлігіңе сенейін.

Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:

Асау мәстек бұл болса

Үйретейін көріңіз

Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.



«Түйілген орамал».

Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топта біреуі «жүргізуші» болып, шеңбердің ортасына, ал қалғандары оны қоршап тұрады. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, жүргізушіге ұстатпауға тырысады. Ал жүргізушінің міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Жүргізуші қай ойыншыдан орамалды алса, сол ойыншы жүргізуші болады. Ойын осылай жалғасады.Кез келген орамалды алып, допқа ұқсайтындай түйіп байлаңыз.Ойыншылар орамалды тек жоғарыдан береді. Осы ережені бұзған ойыншы, жүргізушімен ауысады. Ойын кезінде ойыншылар шеңберден шықпауы керек, ол үшін ойын алаңын белгілеңіз. Орамалды лақтырып беруге болады.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет

Сұраңыз: Берілген ойында жеңіске жету үшін ойыншылар қандай дене қасиеттеріне ие болу қажет?

«Жаяу көкпар».Сыныпты екі топқа бөліп жарыс өткізіледі. Командалар шеткі сызықтың бойына сапқа тұрады. Шеткі сызықтан 12-15м қашықтықта көкпар қойылады. Әр командданың ойыншыларының міндеті, қарсыластарынан бұрын «көпарды» алып, командаластарымен бір-біріне «көкпарды» беріп, қарсыластардың қақпасына «салымды» салу. Ең көп «салым» салған команда жеңіске жетеді.

Сыныпты 3-4 ойыншыдан тұратын командаларға бөлу. Ойынның мақсаты – «көпарды» алып, командаластарымен бір-біріне «көкпарды» беріп, қарсыластардың қақпасына «салымды» салу. Ойынды өткізу кезінде ойыншылар секірулер (оң, сол және екі аяқта) арқылы қозғалады. Ең көп «салым» салған команда жеңіске жетеді.

Оқушыларды «Көкпар» ойынының шығу тарихымен және ережелерімен таныстырыңыз.

Берілген ойында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударыңыз. Ойын барысында қарсыластарға қарсы тәртіп бұзушылықты және дөрекілікті болдырмау. Қақпаның орнына шеңберлерді қолдануға немесе бормен салуға болады. Командаларды белгілеу үшін манишкаларды немесе бауларды қолданған дұрыс болады. «Көкпардың» орнына допты пайдалануға болады.

Сұраңыз: Көкпар ойынын өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Берілген ойында әділ ойынды көрсететін қандай мінез-құлық түрлері байқалады?

     Әңгіме қысқа да нұсқа болуы тиіс: созылған түсіндіру ойынды қабылдауға кедергі келтіреді де, баяулатады. Бастауыш сыныптардағы ойындардың ерекшелігі оларды ертегі, тартымды формада түсіндіруге болатындығында. Әңгіме логикалық, бірізді болуы тиіс. Кез-келген ойынды шамамен мына сызбада түсіндіруге болады:

  1. Ойын атауы (ойынның қандай мақсатта өткізілетіндігін айтуға болады);

  2. Ойнаушылардың рөлі және олардың алаңда орналасуы.

  3. Ойын мазмұны;

  4. Ойын мақсаты;

  5. Ойын ережесі.

  6. Ойын қортындысы

       Ойынды түсіндіру ойыншылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталады. Барлығына назар бөле тұрып, қатты дауыспен жауап етілуі тиіс. Ойын барысы туралы әңгімелей отырып жетекші, талассыз, ережелерді де атап өтеді, алайда әңгіме соңында балалар есінде жақсы сақтау үшін оларды тағы бір атап өту керек.  Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогок алдын-ала көре алмайтың кезде өте маңызды.

      Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы, дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады.

      Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке,қыдыру) ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндеттері өзгеше; мереке кезінде негізінен әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалрдың бәрі қатыса алатын көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады.

      Ойынды таңдау оның өткізілу орнына  тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе аланшада сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда бытырап жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын ойындар ойналады.     

      Ойынды түсіндіруді бастамас бұрын қатысушыларды жетекші көзбен жақсы көріп, оның әңгімесін есту алатындай орналастыру қажет. Ең дұрысы ойыншыларды ойынды бастайтын бастапқы қалыпқа қойған дұрыс.

 Ойынды мектеп ауласында ұйымдастыру кезінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн (әсіресе күз жаңбырлы күндері). Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы. Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да мүмкін.

Қозғалмалы ойын деңгейі мен оқушылардың дене шынықтыруға деген сүйінпеншілігі өрлеуге жоғары дәрежеде ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, ұрпақ даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан, ұрпағымызды спортқа баулып бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеп, және туымызды көке желбірететін ұрпақ қажет.сол уақытқа жету үшін, сіз бен біздің қолдауымызды ауадай қажет етеді.

Қазір бізде, Қазақстанның білім ордасының барлық өңірлерін қосқанда, жыл сайын іс-шара өткізіледі.Мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкенді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерде тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кәсіпорындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қаржыландыруға тарту қажет.

Қортындылай келіп, спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады.











Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт ұстазы» атты журналы. 2020,

  2. Егеменді Қазақстан газеті, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»,

  3. Құлназаров.А. Қазақстан спорты және бұқаралық денетәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны, 22.01.2008.

  4. . Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері». – Білім, 2003жыл. 198б.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!