Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қозғалыс дегеніміз не? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану


Мектеп:№50 жалпы орта білім беретін мектеп


Күн

Мұғалімнің аты-жөні: Балыкова Л.А.


СЫНЫП:1

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс дегеніміз не?


Ұзақ мерзімді оқу мақсаты

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қозғалыс, күш сөздерінің мәнін түсіндіреді. Түрлі денелердің қозғалысқа қалай түсетінін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Әртүрлі денелердің қозғалыстарын салыстырады.

Бағалау критерийі

  • Денелердің қозғалысын сипаттап айтады.

  • Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Тірек сөздер: қозғалыс,ұзындық, орналасқан жері, итеру, көтеру, тарту, күш.

Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт аралығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруы. Ұзындық — екі нүкте арасындағы қашықтық. Орналасқан жері — нысан немесе дененің кеңістіктегі орналасқан жері.

Талқыланатын сұрақтар: Ұшып жүрген, жүріп жүрген, жүгіріп бара жатқан денелердіне ортақтастырады? Заттың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?


қозғалыс-движение--motion


Құндылықтар дарыту

Еңбек және шығармашылық. АКТ қолдану.Сабақбарысында бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, сөйлесу мәдениеті.

Пәнаралық байланыс

Математика,бейнелеу, денешынықтыру

Бастапқы білім

Барлық заттардың орнын ауыстыруы мүмкін екендігі туралы негізгі білімдер; доппен ойнау, ойыншық машинаныжүргізу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут






Ширату

«Қимылды көрсет!» ойыны.

Берілген сұраққа жауапты балалар қимылмен көрсетеді.

- Көбелек не істейді?(Көбелектің ұшқанын екі қолын сермеп көрсетеді.)

- Арыстан не істейді? (Балалар орындарында тұрып секіреді)

- Бүркіт не істейді? (Оқушылар бүркіттің қимылын көрсетеді)

Оқушыларды топтастыру.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

«Сұрақтар жаңбыры».

  • Балалар, бәріміз қозғалыс жасайықшы!

  • Қандай қозғалыс жасадыңдар?

  • Қозғалыс деген не деп ойлайсыңдар?

  • Ал «күш» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Ол не үшін қажет?



Суреттер

әуен

Сабақтың ортасы
















































3 минут

Ұжымдық жұмыс.

«Галерея аралау»

Сыныпқа түрлі қозғалыс мысалдарын көрсету:

- Балалар, суреттерге қараңдаршы !

-Не көріп тұрсыңдар?

-Олар қалай қозғалады?

-Өздерің қозғалысқа қандай мысалдар келтірер едіңдер?



Сараланған тапсырма.

Түрлі денелердің қозғалыстарын салыстырады.

ҚБ. Допты лақтыру


Топтық жұмыс.«Зерттеу».

Топтардың алдарында түрлі заттар (ойыншықтар, оқу құралдары т.б.) жатады. Оқушылар соларды қозғалысқа түсіреді. Төмендегі сұрақтарға жауап іздейді.

-Қозғалыс дегеніміз не?

-Біз заттарды қалай қозғалысқа келтіреміз?

-Заттар күштің әсерімен қозғалатынын дәлелдеңдер.

-Мысал келтіріңдер.


(Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт аралығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруы).

Сөздік жұмыс: қозғалыс-движение—motion

ҚБ. «Серпілген сауал»


Жұппен жұмыс.«Ойлан-жұптас-бөліс»

Суреттегі заттардың қалай қозғалатынын түсіндіріңдер.

Дескриптор: - суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды;

- қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді;

- Жансыз денелердің күш түсірудің әсерінен қозғалатынын анықтайды.

Тарту және итеру күші туралы суреттер.

ҚБ. «Ойлан, жұптас, бөліс»


Сергіту сәті. «Тарт – итер»

«Тарт» дегенде тарту қимылын, «итер» дегенде итеру қимылын жасайды. Мұғалім бұл сөздерді кезектестіріп тез-тез айтады. Балалар шатаспай қимылдарды жасауы керек.


Ұжымдық жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.42- бет.

Саралау жұмысы арқылы қорытынды жасау.

«Кэрролл диаграммасы» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.

Негеш пен мысық жанды ағзалар.Олар өздігінен қозғалады.Ойыншық машина итеру арқылы қозғалады.Арбаны итеру немесе тарту керек, ал шананы тарту керек.


  • Неліктен?

ҚБ. «Конверттегі сұрақ»


Топпен жұмыс. Тапсырма бойынша саралау

А.Сәйкестендіру.

Қозғалыс әрекетті білдіретін сөздермен суреттерді сәйкестендіру


Жүреді

Ұшады

Шабады

Секіреді

Домалайды

Жүзеді

Дескриптор: Білім алушы

- суреттегі жануарларды атайды;

- суреттегі жануарларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады.

В,С. Талдау

Суреттерден өздігінен қозғалмайтын заттарды, денелерді ажырату, дәлелдеу.

ҚБ «Эталон жауап»


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

1-тапсырма.

Суреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі? Екі-үшмысалкелтір

Дескриптор:

- суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды;

- қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді.

2-тапсырма

Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққажелімдеңіз.

ӨРМЕЛЕЙДІ

СЕКІРЕДІ


ҰШАДЫ

ЖҮГІРЕДІ


ШАБАДЫ

ЖҮЗЕДІ



Дескриптор:

- суреттегі жануарларды атайды;

- суреттегі жануарларды қозғалысына қарай сәйкес

ұяшыққа орналастырады










Суреттер
























Ойыншықтар, оқу құралдары





















суреттер










«Кэрролл диаграммасы»

Ө здігінен Өздігінен

қозғалатын қозғалмайтын











Оқулық





суреттер

Сабақтың соңы





Қорытындылау

«Ақиқат» және «Жалған» әдісі

«Заттар қалай қозғалады» ойыны

-Доп домалайды, су секіреді,

Көлік тайғанайды, тас серпіледі,

Құс ұшады,шана сырғанайды

Балық жүзеді, шөп жүреді.

Рефлексия

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12