Материалдар / Қозғалыс дегеніміз не? Жаратылыстану 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қозғалыс дегеніміз не? Жаратылыстану 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бірінші сынып мұғалімдеріне көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2018
1738
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күштер және қозғалыс.

Күні:

Сынып: 1сынып

Мектеп: Федоровка ҚЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова А.Е

Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс дегеніміз не?

Оқу мақсаттары:

1.5.1.1. Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар

келтіру;

1.5.1.2. Қозғалыстың адам өміріндегі және

табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

1. Эксперимент жасау арқылы түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіреді, қозғалыстың маңыздылығын айтады.

2. Экспериментті түсіндіру арқылы қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды.

3. Қозғалыстың адам үшін және табиғаттағы маңыздылығын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге деген лексика мен терминология:

Қозғалу, итеру, тарту, адам, көлік, су, күш.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-қозғалыстағы қандай денелерді білесің?

-адамдар мен жануарлар қалай қозғалады?

-заттар өздігінен қозғала ма?

-жануарларға қозғалыс не үшін қажет?

-адамдарға қозғалыс не үшін қажет?

-қозғалыстағы денелерді қандай топтарға бөлуге болады?

Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық: ұжымдық, жұптық жұмыста.

Еңбек пен шығармашылық: қол еңбегінде.

Пәнаралық байланыстар:

Дене тәрбиесі: заттардың қимылын көрсетуде, жаттығулар жасауда.

Дүниетану: табиғаттағы денелерге мысал келтіруде.

Көркем еңбек: қосымша тапсырма, қағаз ұшақтар жасауда.

Бастапқы білім:

Күштің әсерінен денелердің қозғалатынын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар:

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

Ширату кезеңі

Суреттер көрсету. Балалар суреттегі бейнелерді қимылмен көрсетеді.

Адам (жүреді, жүгіреді)

Құс (ұшады)

Көліктер (қозғалады, орын ауыстырады)

Су (ағады)

-Сіздер не жасадыңыздар немесе не көрсеттіңіздер? (қимыл, қозғалыс). Өте дұрыс, олай болса топқа бөлінейік.

Жануарлар, құстар, көліктер болып үш топқа бөлу.

Сабақтың мақсатымен таныстырамын:

Сабағымызда түрлі денелердің қозғалысы туралы айтып, мысалдар келтіріп, адам өмірінде қозғалыстың маңыздылығын дәлелдейтін боламыз.

Picture 4

Сабақтың ортасы

5мин




















2мин







6мин













2мин


















6мин

(Ұ) Жаңа сабақ. Белсенді әдіс. Бақылау.

-Балалар 1минут терезенің алдына келіп, терезенің арғы жағындағы бейнелерге көз салып, бақылайықшы. Сіздер қозғалыстағы қандай денелерді көріп тұрсыздар? (машина, үй, терезе, ағаштар, адамдар, жануар, өсімдіктер, құстар т.б).

-адамдар мен жануарлар қалай қозғалады?

-заттар өздігінен қозғала ма?

-адамдар мен жануарларға қозғалыс не үшін керек?

-қозғалыстағы денелерді қандай топтарға бөлуге болады?

Олай болса бүгінгі сабағымызда қозғалыс туралы білетін боламыз. Қозғалыс –бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Қозғалысты барлық жерден көруге болады.


Тәжірибе көрсету:

Жүк машина мен жеңіл машинаның қозғалысын салыстыру. Жүк машина ауыр қозғалып, жәй жүріп тоқтайды, жеңіл машина тез қозғалып, ұзақ жүріп тоқтайды.

Дереккөз арқылы саралау. Жұптық жұмыс. Белсенді әдіс.

1-жұпқа доп

2-жұпқа велосипед суреті

3-жұпқа шар

4-жұпқа ойыншық робот

5-жұпқа ойыншық балапан

6-жұпқа ойыншық қоян беріледі.

Тапсырма: жұппен сурет және заттарды зерттеу арқылы тірі денелердің өздігінен, ал жансыз денелердің күш түсіру арқылы қозғалатынын анықтайды.


1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Белсенді әдіс. (42-бет). Жеке жұмыс(ауызша).

Мына денелердің қайсысы өз бетінше, ал қайсысы күш түсіру әсерінен қозғалады?

Picture 1

Бағалау: мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мадақтау арқылы.

Жарайсыңдар. Өте тамаша. Керемет.



Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

Қарқынды саралау.

(10бет). Нүктелер арқылы машина жолының бастапқы және соңғы орнын белгіле. Жол соңындағы машинаның суретін сал.



Жұмысты ерте аяқтаған оқушыға қосымша тапсырма.

Тапсырма: қағаз ұшақтар жасау.


Қ.Б-оқушылар бір- бірінің тапсырмаларын қарап шығады,

«Ауа- райы» әдісі бойынша бағалайды.


































Оқулық


Арбаның итеру, шананың тарту, мысықтың жүру, машинаның орын ауыстыру, адамның қозғалыста болатынын біледі.













Күн-өте жақсы.

Бұлт-орташа.

Найзағай-сұрағым бар.

Сергіту сәті

2мин

Қимылмен көрсетеді.

Балық жүзді таза суда,

Бір керіліп, бір жиырылуда.

Жүзіп- жүзіп шаршағанда,

Тығылады таза құмға.

Жаттығу жасау.





5мин





















Тапсырма арқылы саралау.

А. Суреттегі жануарларды ата, жануарлар үшін қозғалудың қандай маңызы бар?

Аю……(қорбаңдайды, қозғалу арқылы жемтігін тауып жейді)

Арыстан…. (жүгіреді, тез қозғалып азығын табады)

Бүркіт….. (ұшады, өзінің жемтігін алыстан бақылап аулайды)

В.Суреттерге қарап, қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы айт.

-адамдар не үшін жаттығу жасайды?

-таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?

-еңбек етудің қандай пайдасы бар?

-адамдар не үшін қозғалады?

С. Суретке қарап, қозғалыстың адам үшін және табиғаттағы маңызды тұстарын тап.

Қ.Б: «Қол сигналы» әдісімен бағалау.





Аю, арыстан, бүркіт.






Жаттығу, таза ауа, еңбек.






Жаңбыр тамшысы қозғалысы, өсімдік отырғызып күтіп баптау.

Сабақтың соңы

3мин






























2мин

Сабақты қорытындылау.

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырма:

Бағалау критерийі: қозғалыс маңыздылығын айтады.

Тапсырма: берілген суреттердегі денелерді атап, олардың қозғалысын сипаттайтын ұяшыққа орналастыр?

Секіреді



Өрмелейді

Шабады



Ұшады

Жүзеді



Жүгіреді

Жүреді



Жорғалайды

Дескриптор:

-суреттегі денелерді атайды;

-заттардың қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады.

Дұрыс жауабы интербелсенді тақтадан көрсетеді.

Қосаяқ- секіреді, жылқы -шабады, кеме- жүзеді, мысық- жүреді, өрмекші- өрмелейді, ұшақ- ұшады, қасқыр- жүгіреді, жылан- жорғалайды.

Рефлексия.

Ұ. «Жетістік тәсілі» әдісімен сабақты аяқтау.

Жасыл түс- бәрін түсіндім, сабақ қызықты өтті десе үйдің шатырына жапсырады.

Сары түс- сабақ түсінікті болды, кейбір тапсырманы орындауда қиналдым десе, үйдің терезесіне жапсырады.

Қызыл түс- тапсырманы орындауда қиналдым, сұрақтарым бар десе, үйдің есігіне жапсырады.














Қосаяқ жылқы

Кеме өрмекші

Ұшақ қасқыр

Мысық жылан












Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырма арқылы саралау. А. Суреттегі жануарларды ата, жануарлар үшін қозғалудың қандай маңызы бар?

Аю……(қорбаңдайды, қозғалу арқылы жемтігін тауып жейді)

Арыстан…. (жүгіреді, тез қозғалып азығын табады)

Бүркіт….. (ұшады, өзінің жемтігін алыстан бақылап аулайды)

С. Суретке қарап, қозғалыстың адам үшін және табиғаттағы маңызды тұстарын тап.










Мұғалімнің қолпаштауы. Жарайсыңдар! Өте тамаша! Керемет!


«Ауа- райы» әдісімен бағалау.


«Қол сигналы» әдісімен бағалау.


«Жетістік тәсілі» әдісімен бағалау.

Сергіту сәті жаттығуларын жасауда.

Денелердің қозғалуын қимылмен көрсетуде.


Қол еңбегіне байланысты жұмыста.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!