Материалдар / Қозғалыс траекториясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қозғалыс траекториясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2018
942
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Айтқұл Шынасилов орта мектебі

Ортақ тақырып

«Бізді қоршаған әлем»

Мұғалімнің аты: Ботабекова Роза


Күні: 11.05.2018ж


Сынып: 1

Қатысқандар :

Қатыспағандар :


Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету;

1.5.1.2 табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау;

1.1.2.2 жасалған тәжірибені түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын түсінеді, қозғалыс түрлерін атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын түсіндіреді,

қозғалыс түрлерін анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қозғалыс түрлеріне жасалған тәжірибені түсіндіреді және зерттейді мысал келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттейді, оны сурет түрінде көрсетеді;

  • Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды;

  • Тәжірибе жасайды, түсіндіреді.


Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Қозғалыс траекториясы

Қозғалыс – движение - mition

Түзу – прямо - straiqh

Қисық – криво – crooked


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Денелер қалай қозғалады?

  • Денелер кеңістікте үнемі түзу сызық бойымен қозғалады ма?

  • Неліктен денелер кейде қисық қозғалады?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Қозғалыс траекториясы неге өзгереді?

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға, еңбексүйгіштікке өздігінен білім алу дағдыларын дамыту


Пәнаралық байланыс

Математика-түзу сызық пен қисық сызық ұғымдары

Дүниетану –мектепке барар жол.


АКТ қолдану дағдылары

Bilimiand.kz сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру


Алдынғы оқу:

Қозғалыстың не екенін біледі. Денелердің өздігінен және күштің әсерінен қозғалатынын біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы



1. Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығуы:

«Қозғалысын қимылмен көрсет»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бастаушы бір дененің атауын атайды, келесі оқушы оның қозғалысын қимылмен көрсетеді, қимыл көрсеткен оқушы келесі дененің атауын атайды. Келесі оқушы осы әрекетті қайталайды.

-Біз табиғаттағы денелердің қозғалатынын және олардың қалай қозғалыс жасайтынын қимылмен көрсеттік.


Сабақтың оқу мақсатын хабарлау:

- қозғалыс траекториясының не екенін білетін боламыз.


2. Сыныптағы оқушыларды суреттердің көмегімен шағын топтарға топтастыру:

1-топ «Әуе көліктері»

2-топ «Су көліктері»

3-топ «Құрлық көліктері»



Ширату жаттығуы:

«Қозғалысын көрсет»


Ортасы




1. Қызығушылықты ояту Ұ. МК

Суреттегі денелердің қозғалысын қарап, сұрақтарға жауап алу:


  • Суреттен қандай көліктерді көрдің?

  • Қай көліктің қозғалысынан із көріп тұрсың?

  • Тағы қандай көлік түрлерінің ізін көре аламыз?


Қозғалыстағы денелердің кейбірі өз соңынан із қалдырып жатады. Көліктің және басқа да заттардың қозғалыс кезінде жасайтын сызығын қозғалыс траекториясы дейміз. Жол – траектория ұзындығы деп аталады.

Сөздік жұмыс: Қозғалыс траекториясы

Қозғалыс – движение - mition

Түзу – прямо - straiqh

Қисық – криво - crooked


2. «Топтас, ойлан, талқыла»Т

Топқа ұсынылған суретте берілген денелердің қозғалыс траекторияларын сызып көрсетулерін алдымен қолдарындағы парақта топпен, интерактивті тақтада қаламмен сызып көрсетулері керектігін ескертемін

1 топ












2 топ











3 топ










Т алқыланатын сұрақтар:

-Біздің көріп отырған денелер қалай қозғалады?

-Олар кеңістікте үнемі түзу сызық бойымен қозғала ма?


Дескриптор

- траектория түрлерін атайды;

-көлік суретімен траектория түрлерін сәйкестендіреді.


Кері байланыс: «Дұрыс-бұрыс » сауалнамасы

ҚБ- бағдаршам



3.Зерттейік Ж

Ендеше біз осы пікірімізді дәлелдеу үшін зерттеу жұмысын жүргізейік.

Нұсқау беремін.

1. Картон қорапты алып, ішіне құм себеміз

2. Еңістеу келген төбешік пайда болуы үшін кітаптың көмегімен қисайтып орналастырамыз

3. Ойыншық мәшинені қойып, итеріп жібереміз

4. Құмға түскен ізді қолдарындағы қағазға түсіреміз

5. Металл шарды төмен жібереміз

6. Металл шардан түскен ізді қолдарындағы қағазға түсіреміз

Мәшине түзу траекториямен, ал шар әр түрлі траекториямен қозғалады деген қорытындыны оқушылардың өздері шығарады.


Дескриптор

-тәжірибе жасайды,нәтижесін салыстырады;

-әртүрлі траектория түрлерін анықтайды;

- бақылау жұмысын жүргізеді.


Кері байланыс: «Дұрыс-бұрыс » сауалнамасы

ҚБ- бағдаршам


4. Ұжымдық талқылау Т

«Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіру. Суретке қарай отыра бауырсақтың қозғалыс траекториясын оқушылардың өздеріне көрсетулерін сұрау. Топпен бауырсақтың қозғалыс траекториясын сыздырту.

Талқылауға берілетін сұрақ:

- Бауырсақтың қозғалыс траекториясы қалай болды?

- Бауырсақтың үнемі түзу жолмен жүруіне не кедергі болды?

Қорытындыны оқушылардың өздеріне шығарту:

- Бауырсақтың үнемі жолда түзу жүре алмауына жолдағы кедергілер әсер етті. Солардың әсерінен ол айналып өтуіне,қисық жүруіне тура келді.


Жетекші сұрақтар :

- Біздің де қозғалыс траекториямыз өзгеріп отыра ма? Неге?

Қорытындыны оқушылардың өздеріне шығарту:

  • Жол қысқа болса да жолдағы кедергілер қозғалыс траекториясының өзгеруіне әсер етеді.


Дескриптор

- жол түрлерін анықтайды.

-бөгет сөзінің мағынасын түсіндіреді.

-траекторияны өзгертеді.


Кері байланыс: «Дұрыс-бұрыс »сауалнамасы

ҚБ- бағдаршам


5.Суреттер сөйлейді Т

Суреттерге сүйеніп,қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімеле.


  • Адамдар не үшін жаттығу жасайды?

  • Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?

  • Еңбек етудің ше?

  • Адамдар не үшін қозғалады?


Дескриптор

  • Сұрақтарға жауап береді ;

  • Қозғалыстың адам өмірі үшін маңыздылығы туралы әңгімелейді.


Кері байланыс: «Дұрыс-бұрыс »сауалнамасы

ҚБ- бағдаршам

Тақтадағы суреттер










Траектория ережесінің сызбасы








Флипчарт, маркер, сурет, қалам




























































Картон қорап, астына қоятын кітаптар, құм, ойын

шық мәшине, металл шар, жұмыс парағы




Shape1






























Соңы



«Еркін микрофон»

Микрофонды ұстай отырып, бүгінгі сабақ туралы өз ойларын айтады.




Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттейік

Барлығы : тәжірибе жасайды, нәтижені түсіндіреді.


Көпшілігі:- әр түрлі қозғалыстың түрлерін салыстырады,ажыратады.


Кейбірі :бақылау жұмыстарын

жүргізеді ,мысал келтіреді,өмірмен байланыс орнатады.


Бағдаршам әдісі оқушылардың дамуын, оның ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастырады.




денсаулық және қауіпсіздік-өздерінің қозғалыс траекториясын жоспарлау барысында жолдағы қауіпсіздік ережелерін есте сақтау ескертіледі.

Рефлексия

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Ынтымақтастық атмоферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау


Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2.:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

































Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасаймыз.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!