1-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспарлау
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 33 оқу аптасын құрайды.
1-11 (12) – сыныптардағы демалыс кестесі
-
№
Демалыстар
уақыты
1
күзгі каникул
7 күн (2017 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда)
2
қысқы
10 күн (2017 жылғы 30 желтоқсан – 2018 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда)
7 күн (2018 жылғы 4-11 ақпанды қоса алғанда)
3
көктемгі
13 күн (2018 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда)
4
Оқу жылының аяқталуы
1 маусым 2018 жыл
Оқу жүктемесінің көлемі
-
№
Пәндер
аптасына
1-тоқсан
8 апта
2-тоқсан
8 апта
3-тоқсан
9 апта
4-тоқсан
8 апта
жылдық
1
Сауат ашу
3 сағат
20
21
41
2
Математика
2 сағат
14
15
29сағат
3
Жаратылыстану
0,5сағат
7
7
14 сағат
5
Көркем еңбек
0,5 сағат
7
7
14 сағат
6
Танымдық іс-әрекетін түзету
2 сағат
13
15
28 сағат
ТҮСІНІК ХАТ
«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы оқушыларда сөйлесім әрекетінің төрт түрін дамыту қажеттілігімен анықталады (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым). Пәнді оқытуда оқылым және жазылым дағдыларын дамыту жұмысы кіріктіріле жүргізіледі.
Сауат ашу процесінде үш кезеңді көрсетуге болады: әлiппеге дейiнгi, әліппе, әліппеден кейінгі. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, үшінші тоқсанда аяқталады. Әліппеден кейінгі кезең 4-тоқсаннан басталады.
Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.
Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.
1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы.
Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), сөйлемдерді (2-3 сөзден тұратын) жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.
Екінші жартыжылдықтың соңында:1)күрделі,айтылуы мен жазылуыәртүрлі сөздерді, құрамында дауыстылар, ұяң, үнді және қатаң дауыссыздар, йотты дауыстылар кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз); 2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мәтіннің мазмұнын жеткізу (15-20 сөз және белгі); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылына 47 сағатты құрайды.
1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарлау
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылына 48 сағатты құрайды.


